Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Неліктен туристік компанияларға банктермен серіктес болу тиімді

және туризмнің дамуы BNPL принципіне қалай әсер етеді?

Туризм үшін 2023 жыл өте сәтті болып, халықаралық туризм көрсеткіштері пандемияға дейінгі көрсеткіштерге қайтып келуде. БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының мәліметтері бойынша, жаһандық туристік қызмет 2023 жылы пандемияға дейінгі көрсеткіштің 88%-на жетті. Өткен жылы 1,3 миллиард адам шетелге саяхатқа шықты, ал бұл салада табыс 1,4 трлн долларға жетті. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштердің шамамен 93%-ын құрайды.

Әлемдік туризм нарығының дамуына банктік қаржылық қызметтердің қолжетімділігі айтарлықтай ықпал етеді. 2022 жылы жүргізілген Amadeus компаниясының зерттеуіне сәйкес, әртүрлі елдерден келген бірнеше мың туристердің көпшілігі экономикалық жағдайға қарамастан саяхаттауды жоспарлап отыр. Сауалнамаға қатысқандардың 75%-ы қаржылық жағдайының жақсаруын күтпей, «қазір сатып алып, кейін төлеуді» (buy now, pay later, немесе BNPL) таңдайтынын айтты.

BNPL туризм саласында пайда болып, бұрын қаржылық шектеулерге байланысты саяхатқа шықпаған адамдарға жаңа мүмкіндіктер әлемін ашады. Енді саяхаттарды бөліп төлеуге немесе кредитке ресімдеп, қалған ақшаны өзімен бірге алып, шопингке немесе экскурсияларға жұмсауға болады. Сондықтан саяхаттар енді одан да қолжетімді болды.

Қаржы технологияларының туризмді дамытуға әсері сәуір айында Алматыда өткен халықаралық туристік көрмеде (KITF) талқыланды. Туризм саласының өкілдері Қазақстанда да, бүкіл әлемде де саяхаттау көрсеткіштері өсіп бара жатқандығын атап өтті. Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2023 жылғы қаңтар – желтоқсанда Қазақстанда туристер саны 10,5 млн адамды құрады, ал 2019 жылы шекараны 8,7 млн-ға жуық қазақстандық кесіп өтті. Саяхаттар мен билеттерді кредитке немесе бөліп төлеуге сатып алу бойынша әртүрлі банк өнімдері де бұл сұраныстың өсуіне өз ықпалын тигізуде.

Home Credit Bank банк желісін дамыту департаментінің директоры Сергей Ульянич статистика бойынша Қазақстанда сатып алынатын барлық турлардың тек 15%-ы ғана кредитке немесе бөліп төлеуге ресімделетінін айтты. Ал смартфондарға келетін болсақ, 75% жағдайда кредитке сатып алынады. Көптеген туристер демалысты жақсарту үшін кредит алады. Мысалы, қолда тек төрт жұлдызды отельге жететін ақша болса, олар қарыз алып, одан жақсы отельді таңдап немесе саяхат үшін одан қымбат елді таңдайды.

Оның айтуы бойынша банктер шетелге бару үшін қолма-қол ақшасы жоқ жаңа клиенттерді тартып, бұл салада үлкен пайда көруі мүмкін. Бірақ банктер мен туристік агенттіктер ол үшін бірлесіп жұмыс жасау қажет.

– Home Credit Bank туризм саласында 2017 жылдан бастап жұмыс істейді. 2017 жылы біз «Туризм» саласын біздің басқа өнімдермен қатар дамыта бастадық. 2019 жылы біз жақсы көрсеткіштерге жеттік. Бірак содан кейін пандемия болды да, бұл саладағы жұмысымызды 2022 жылға дейін тоқтатуға мәжбүр болдық. Осы бағыттағы жұмысымызда біз туристік агенттіктерге назар аударамыз. Турагенттер неғұрлым көп болса, клиенттерге соғұрлым көп қызмет ұсынылады - деп айтты спикер.

Сергей атап өткендей, «Туризм» саласы үшін кез келген қаржы өнімін әзірлеу кезінде банк клиенттердің сұраныстары мен қажеттіліктерін ғана емес, сонымен қатар туристік агенттер үшін қолайлы жағдайларды ұсынуды есепке алады. Басқаша айтқанда, қызмет клиентке де, туркомпанияға тиімді болуы қажет.

- Ынтымақтастықтың бір түрі - QR-код. Оны кез келген туристік агенттікте орналастыруға болады және сол QR-код арқылы клиенттер турды бірден ресімдей алады. Бұл өте жылдам, оңай әрі ыңғайлы процесс. Серіктес-сатушыға (туристік агентке, туристік менеджерге) біз банк жүйесіне қолжетімділікті ұсынамыз. Ол кредит немесе бөліп төлеуді ресімдеп, бонустар алады. Егер турагенттің сайты жақсы болса, біз сол сайтқа «қосыла» аламыз. Онда кредит алуға болатын батырма пайда болады, - деді Сергей Ульянич.

Туристік сала - бұл бизнестің төмен маржиналдық сегменті. Сатылған жолдама үшін туристік агенттік оның құнының 10%-нан 20%-на дейін алады. Барлық турларды бөліп төлеуге немесе кредитке сату компания үшін тиімсіз, өйткені банкпен серіктес болу үшін турагент тапқан пайызынан комиссия төлеуі керек. Home Credit Bank нарыққа тиімді әрі түсінікті шарттары бар, артық төлемсіз, айына 1-1,5% комиссияны есептейтін өнім қажет деген шешімге келді.

- Төрт ай бұрын біз нарыққа революциялық өнім – Ozen картасын шығардық. Бұл бүкіл әлем бойынша әрекет ететін алты айға дейінгі бөліп төлеу картасы, – деді Сергей. – Біз клиенттің бізбен бірге бөліп төлеуге немесе кредитке ұшып қана қоймай, картаны басқа елде де қолданып, ақшаның бар екеніне сенімді болуын қалаймыз.

Енді саяхаттау үшін бос ақшаның болуы міндетті емес. Турды бөліп төлеуге ресімдеп, кез келген елде біздің картамыздың көмегімен судан бастап брендтік затқа дейін қажет нәрсенің бәрін алуға болады. Картадағы лимит жеке есептеледі, бірақ 2 млн теңгеден аспайды. Және бұл жаңартылатын лимит болып табылады. Ozen картасынан қолма-қол ақша алуға болады. Бірақ бұл жағдайда сыйақы мөлшерлемесі айына 3,5% немесе жылына 42% құрайды. Картаға қызмет көрсету тегін. Оны Apple Pay, Samsung Pay, Garmin Pay, Google Pay-ге қосуға болады.

Бірақ бұл картаның туристік агенттікке қандай пайдасы бар? Сергей Ульянич түсіндіргендей, егер клиент туркомпанияның кеңсесінде бірден аша алатын Ozen картасын пайдаланып жолдама сатып алса, онда турагент банкке минималды комиссия төлемейді. Сондықтан мұндай шарттармен турагенттің турды сатуға және сонымен бірге өз табысын сақтауға мүмкіндігі жоғары болады.

2024 жылы Home Credit Bank «Туризм» саласында сатылымдарды көбейтуді жоспарлап отыр. Банк үшін бұл сала өте қызықты. Сергей атап өткендей, банк үшін кредитті қайтару маңызды. «Туризм» саласындағы клиенттер кредитті қайтаруға жауапты қарайды: қарыз алушы кредит алады және келесі сапарға жаңа кредит ресімдеу үшін оны адал түрде төлейді. Сонымен қатар сарапшылар бұл сегментте сатылымдар көп екенін айтады, ал бұл туристік компаниялар үшін де, банктер үшін де тиімді. Қазақ туристік қауымдастығының президенті Рашида Шайкенова атап өткендей, банктер қазірдің өзінде турфирмаламен қатар қарқынды дамуда және бұл ұйымдардың ынтымақтастығы үлкен пайда әкеледі. 

- Туристік нарыққа жаңа технологияларды енгізіліп, ол үнемі даму үстінде. Қазіргі уақытта нарыққа банктер келіп отыр. Туристер саяхатты жылдам әрі ыңғайлы түрде сатып алғысы келеді. Сол үшін бұл жерде кредиттеу кең түрде таралған. Банк өнімдері бәсекелес болып табыла ма? Иә. Бірақ банктермен серістес болу туроператорлар үшін де және турагенттер үшін де тиімді, – деп қорытындылады Рашида Шайкенова.

30.04.2024

Бөлісу

Басқа мақалалар

Kapital.kz

HomeCredit Bank-тің Tau картасы: премиум сервис және жоғары кешбэк

Депозитте қандай сома болуы қажет және одан қалай пайда алуға болады? Қазір қазақстандық

Forbes Kazakhstan

Home Credit Bank Қазақстандағы бизнесті кеңейтуде

Неліктен Банктің еуропалық акционерлері Қазақстанның болашағына, банк нарығының өсуіне және HCB

Stan.kz

Үш рет басып депозит ашуға, несие алуға болады: Home Credit Bank жаңа қосымшасын іске қосты

Home Credit Bank қарапайым азаматтардың қалауын ескеретін жаңа қосымшасын іске қосты. Адамдар