Home Credit Business өз-өзін ақтауға ұмтылып, шағын бизнес үшін таптырмас көмекшіге айналды
Home Credit Bank-тің топ-менеджері, басқарушы директор Арина Лепихова ШОБ-қа арналған шағын онлайн-банктің қалай дамып, бір жыл ішінде өз-өзін ақтағаны туралы айтып берді.
Арина, сіз Home Credit Bank-тің шағын және орта бизнес бағытының жетекшісі ретінде жыл нәтижелерін қалай бағалайсыз?
— Бұл жыл біз үшін өзгерістерге толы жыл болды. 2024 жылдың басында біз шектеулі функционалы бар жеке кәсіпкерлерге арналған өніммен жұмыс істедік. Бұл өнім бөліп төлеуді басқаруға арналған сату кабинетін және 50 мың долларға дейін валюта айырбастау операцияларын жүргізу мүмкіндігін ұсынады. Ол кезде бізде өзіміздің әзірлеушілер командасы болған жоқ — бастапқы өнім цифрлық серіктес көмегімен жасалды. Жұмыс барысында біз бұл шешімнің дұрыс болғанын көрдік.
Әрі қарай даму үшін біз инхаус-команданы құру туралы шешім қабылдап, жарты жыл ішінде бұл жоспарды іске асырдық. Қазіргі таңда біздің әзірлеушілер командамызда 65 маман жұмыс істейді, ал жалпы қызметкерлер саны 300-ден асады. Біз цифрландыруға үлкен мән бердік.
Жылдың екінші жартысында біз веб-нұсқаны іске қостық, ЖШС қолдауын енгіздік және рөлдік қол жеткізу моделін әзірледік. Енді бухгалтерлер мен басқарушылар директордан келісім алғаннан кейін компанияның шоттарын басқара алады. Сонымен қатар, біз СЭҚ клиенттеріне ұсынылатын мүмкіндіктерді толықтырдық, келісім-шарттармен жұмыс жасау мүмкіндіктерін автоматты түрде жасауға тырыстық, жеке бағамдары бар FX-платформаны енгіздік және төлем процесінің уақытын қысқарту үшін бэк кеңсе жұмысын автоматтандыруды бастадық. Сату кабинеті тек бөліп төлеумен жұмыс істеу платформасы ғана емес, сонымен қатар кредиттеу қызметін қосуға арналған құралға да айналды. Бұл қызмет бір минут ішінде қосылады. Клиенттеріміз үшін қайтарымдар, аналитика, тиімді тарифтер және тағы басқа көптеген қызметтер қолжетімді. Біздің басты мақсатымыз — Қазақстандағы бизнесті дамытуға көмектесу.
Цифрлық банктің көмегімен қандай нәтижелерге қол жеткізілді?
— Біз жоғары көрсеткіштерге жеттік. Клиенттер базасы 2,5 есеге өсті, ал шоттардағы өтімділік 10 есеге артты. Қазіргі таңда біздің цифрлық банк нарықтағы ұқсас өнімдер арасында ТОП-6 банкке кіреді. Біздің негізгі бағыттарымыздың бірі — QR-бөліп төлеу жүйесі бойынша серіктестердің үлесі 15%-дан 40%-ға дейін өсті. Жақын арада біз негізгі мақсаттарымыздың біріне жетеміз: банк өз-өзін ақтай алатын болады. Акционерлер банк нәтижелерін көріп, біздің стратегиямызды қолдайды. Яғни, бұл біз дұрыс жолда екенімізді көрсетеді.
Заманауи банк — бұл тиімді өнімдер ғана емес, ол тұтас бір философия. Банк осы бағытта қалай дамып жатыр?
— Біз клиенттерімізді түсініп, іскерлік қатынастардан тыс байланыс орнатуға тырысамыз. Биыл біз клиенттерімізбен бірге «HCB Business жасыл аллеясы» жобасы аясында 100 ағаш отырғыздық. Әр ағашта клиенттің логотипі бар тақтайша орнатылды. Бұл бастама Алматының экологиялық жағдайын жақсартуға және ESG-қағидаларын қолдауға бағытталды.
Сонымен қатар біз клиенттерге қаржылық сауаттылықты, цифрлық маркетинг негіздерін үйренуге және шарт үлгілерін пайдалануға көмектесетін онлайн-курс әзірледік. Біздің Harvard Business Review кітаптары негізінде жасалған чат-ботымыз бизнес-кейстерді шешуге көмек көрсетеді. Тағы бір маңызды бастама — Алматы кітапханаларымен бірлесіп жасалған жоба. Оның шеңберінде біз арнайы кітап сақталатын сөрелерді бизнес жайлы әдеби кітаптармен толықтырдық. Олар СОО-да барлық адамдарға қолжетімді.
Сіз әріптестеріңізбен қарым-қатынасты қалай орнатасыз?
— Біздің командамызда 300-ден астам маман жұмыс істейді, олар 5 департаментке бөлінген. Біз ұйым ішінде кәсіби және жайлы қарым-қатынас орнатамыз. Жаңа кеңседегі ашық кеңістік осы ұстанымды дәлелдейді. Менің мақсатым — қызметкерлердің жұмысқа деген сүйіспеншілігі мен шабытын арттыратын жағдайлар жасау. Менің ойымша, өзіңе қандай қарым-қатынасты қаласаң - дәл сондай қатынасты басқа адамдарға көрсет.
Банк жаңа жылда өз алдына қандай мақсаттар қойды?
— Біздің мақсатымыз — біз таңдаған салада шағын бизнес үшін ең үздік қаржылық көмекші болу. Біз клиенттік базаны дамыту мен ШОБ үшін жаңа құралдар мен өнімдер іске қосуды жалғастырамыз. Негізгі міндеттердің бірі кредиттік бағытты дамыту болады. Біз аналитикалық құралдар мен қызметтерді жетілдіріп, маржиналдылық өсу мүмкіндіктерін іздеп, серіктестермен ынтымақтастықты кеңейтеміз.
Сіз жас көшбасшы ретінде не нәрседен шабыт аласыз?
— Менің негізгі шабыт көздерім — өз-өзін дамыту, оқу және халықаралық конференцияларға қатысу. Мен үздік тәжірибелерді зерттеп, оларды өз жұмысымда пайдаланамын. Ең бастысы — жұмыста да, өмірде де тәртіпті сақтап жүру.
Келесі жылға қойған жеке мақсаттарыңыз қандай?
— Менің басты мақсатым — банкпен және командамен бірге даму, жаңа білімдерді стратегиялық мақсаттарға жету үшін қолдану.