Қаржылық емес есептілікте банк 2023 жылға арналған тұрақты даму нәтижелерін көрсетті
Home Credit Bank «Болашақ үшін қалауымызға ерік береміз бе?» атты тұрақты даму есебін жариялады. Банктің мәлімдеуінше, бұл енді жыл сайын жарияланатын алғашқы есеп. Сондай-ақ құжаттың атауы банктің позициясын білдіреді: отбасының, қоршаған ортаның, бизнестің, қоғамның және өмір сапасының жақсаруы үшін «Қалауыңызға ерік бересіз бе?».
Бұл есеп GRI (Global Reporting Initiative) халықаралық стандарты негізінде жасалды. Тұрақты даму есебінде тәуекелдерді басқару, ақпараттық қауіпсіздік, адами капиталды дамыту, қаржылық қылмыстардың алдын алу, қаржылық инклюзияны кеңейту, сондай-ақ сенімді цифрлық сервистерді (Home.kz және HCB Business қосымшалары) дамыту бойынша жетістіктер көрсетілген.
«Ұлттық және халықаралық стандарттарға сәйкес жыл сайынғы қаржылық емес ақпаратты жариялауға дайындығымыз біздің ашықтыққа деген көзқарасымызды көрсетеді және сапалы корпоративтік басқару жүйесінің маңызды бөлігі болып табылады. Біз басқарушылық, әлеуметтік және экологиялық әсерлердің корпоративтік қызмет нәтижелері мен тиімділігін бағалаудағы маңыздылығы жыл сайын артатынын білеміз», - деп атап өтті Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров.
Ол Home Credit Bank БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға зор үлес қосқанын айтты. БҰҰ-ның басты мақсаттарының бірі – негізгі қызметтерге тең қолжетімділікті, сондай-ақ ресурстарды иелену және оларды пайдалану құқықтарын қамтамасыз ету. Банк бұл бағытты іске асыруда қаржылық инклюзияны кеңейтуге және клиенттерге жаңа мүмкіндіктер ұсынуға, соның ішінде цифрлық сервистерді дамытуға басымдық беретінін атап өтті.
«Біз қаржылық сауаттылықты арттыруға арналған шараларды біртіндеп жүзеге асырудамыз, бұл клиенттерімізге өз қаржылық жағдайын жақсарту мақсатында дұрыс шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. «Сондай-ақ біз арнайы клиенттер санаттары үшін әлеуметтік бағыттағы өнімдерді, мысалы, Tan зейнетақы картасын ұсынамыз», – деп атап өтті банк.
БҰҰ денсаулық сақтау, сапалы медициналық қызметтер мен дәрі-дәрмектерге, вакциналарға барлық адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесін негізгі міндеттердің қатарына жатқызды. Осы мақсатты қолдау аясында қосымшада онлайн дәрігерден кеңес алуға, сақтандыру өнімін ресімдеуге және МӘМС мәртебесін тексеруге болады. Home Credit Bank қызметкерлердің салауатты өмір салтын ұстануын қолдауға және корпоративтік мәдениет аясында спорттық бастамаларды дамытуға ерекше көңіл бөлетінін атап өтті. Бұл бағыт аясында қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, корпоративтік еңбек қорғау жүйесін енгізу және қызметкерлерді қауіпсіздік техникасына үйрету бойынша шаралар қарастырылған. Банкте қызметкерлерді оқыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп, жоғары оқу орындарымен серіктестік орнатылып, жас мамандарды жұмысқа орналастыруға қолдау көрсетілуде.
«Ірі және жауапты ұйым ретінде біз жұмыс орнындағы кез келген дискриминацияны болдырмайтын, жауапты мәдениетке негізделген, әр адам өз пікірін еркін айтып, үйреніп, дамып, өз болмысын сақтай отырып, команда бөлігі ретінде сезіне алатын орта құруға тырысып жатырмыз. Home Credit Bank көптүрлілік пен инклюзивтілік қағидаттарын қолдайды, жұмысқа қабылдау, мансаптық өсу, оқыту және сыйақы беру бойынша барлық қызметкерлерге, олардың ұлттық шыққан тегіне, діни сеніміне, жынысына, жасына, әлеуметтік немесе отбасылық жағдайына қарамастан тең мүмкіндіктер ұсынады. Жұмыс беруші брендінің дамуы бізге кәсіби кадрларды тартуға және оларды сақтауға мүмкіндік береді», – деп есепте көрсетілген.
Банк жұмыс беруші брендіне белсенді түрде инвестиция салып келеді. Мысалы, 2023 жылы 3000-нан астам HCB қызметкері оқудан өтті. Ішкі және сыртқы іс-шаралар мен оқу бағдарламаларына жұмсалған жалпы шығындар 112,5 млн теңгені құрады. 2023 жылғы 31 желтоқсанда банк қызметкерлерінің жалпы саны 4 мыңнан асты. Негізгі жалақыдан бөлек қызметкерлерге сыйлықақылар беріледі. 2023 жылы қызметкерлердің сыйақыларына жұмсалған жалпы шығын 19,7 млрд теңгені құрады. Банк ұзақ еңбек өтілі бар қызметкерлерге OLZHA жеңілдіктер конструкторын ұсынады. Ол ерікті медициналық сақтандыру, спорт және білім алу шығындарын ішінара өтейді.
Сонымен қатар банк корпоративтік деңгейде халықаралық GHG Protocol негізінде жыл сайынғы көміртегі ізі мөлшерін өлшеу практикасін енгізуді бастады.
«Экологиялық тұрғыдан біз банктың операциялық қызметі, мысалы, офис жұмысы, автокөлік паркі және түрлі электр жабдықтарын пайдалану сияқты факторлардың экология мен климатқа тікелей әсері төмен екенін ескереміз. HCB өз қызметінде қоршаған ортаға зиян келтіретін көмір мен мазутты қолданбайды. Сонымен қатар, бөлшек клиенттерді қаржыландыруға бағытталған бизнес-модель мен экономикадағы энергия көп пайдаланатын және көміртегі көп шығаратын секторларды қаржыландырмау аясында Home Credit Bank-тің жанама әсері минималды болып табылады. «Цифрлық қызметтерді дамыту арқылы біз, ең алдымен, клиенттеріміздің декарбонизациясына үлес қосамыз», – деп көрсетілген есепте.
Сондай-ақ офистердің энергия тиімділігін арттыру, су, электр энергиясы мен басқа да ресурстарды үнемдеуді оңтайландыру, бас кеңседе және өңірлік бөлімшелерде қоқысты бөлек жинауды енгізу шаралары жүзеге асырылуда.
«Өңірлерде қалдықтарды қайта өңдеу инфрақұрылымы дамыған сайын, біз бұл бағдарламаны филиалдарда да кеңейтуді жоспарлап отырмыз. Бизнес-процесстерді цифрландырумен қатар, бұл корпоративтік деңгейде қалдықтарды басқарудың ұзақ мерзімді тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Қағазсыз құжат айналымына көшу жалғасуда, бұл ішкі операцияларда және стейкхолдерлармен қарым-қатынас кезінде қағазды пайдалану көлемін азайтуға, сонымен қатар клиенттерге қызмет көрсету уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Цифрлық карталарды шығару нәтижесінде Home Credit Bank дәстүрлі банк карталарын өндіруге қажетті пластикті тұтынуды айтарлықтай азайтты – есепті кезеңде бұл көрсеткіш 2,8 мың кг-дан 1,6 мың кг-ға дейін төмендеді», – деп көрсетілген есепте.
Сонымен қатар банк экологиялық тұрақтылық мәселелеріне үлкен назар аударады. Home Credit Bank жыл сайын көміртек ізін халықаралық стандарттарға сәйкес бағалап, тәуелсіз тексеріс жүргізеді.
Банктер инклюзивті және тұрақты өсуге қолдау көрсетуде басты рөл атқарады. Home Credit Bank клиенттер мен қаржылық қызметтер тұтынушыларының тұрақты шешімдер қабылдауы болашақта бизнестің жаңа мүмкіндіктерін ашады деп санайды. «Біз, банк ретінде, өз клиенттеріміз бен контрагенттерімізді тұрақты даму жолына өту барысында қолдауға тырысамыз, бұл үшін озық қаржылық шешімдер қолданатын боламыз», – деп мәлімдеді Директорлар кеңесінің төрағасы Павел Розегнал.
Ол, PPF жаһандық брендінің бір бөлігі ретінде, Home Credit Bank ESG концепциясын, жауапты банк қызметін және БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына практикалық үлес қосуды корпоративтік мәдениеттің негізгі стратегиялық принципі ретінде қарастырады деп атап өтті.