Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Home Credit Bank өз клиенттеріне қамқорлық жасайды

Бөлісу

Home Credit Bank еліміздің әртүрлі өңірлерінде жаңа кеңселерді ашуда: клиенттердің ыңғайлылығы үшін банк Қызылордада жаңа филиал ашты. Онда қала тұрғындары мен кәсіпкерлер үшін барлық қаржылық операциялар қолжетімді.

Home Credit Bank Қызылорда облысында 2013 жылдан бастап дамып келе жатыр.  Банк өзінің алғашқы филиалдарының бірін Қызылорда қаласында ашты. Осы уақыт ішінде банктің тоғыз қызмет көрсету нүктесі пайда болды: қазіргі таңда Қызылорда, Арал, Қазалы, Шиелі және Жаңақорған тұрғындары үшін Еуропалық банктің қызметтері қолжетімді.

«Бүгінгі таңда аймақтың 45 000 тұрғыны біздің банкте қаржылық операцияларын жүргізіп жатыр. Жаңа филиалдың ашылуы жылдам әрі тиімді қызмет ұсынып, клиенттермен қарым-қатынасымызды нығайтуға мүмкіндік береді. Клиенттер қызметтерді қолдану, менеджерлермен кеңесу және біздің өнімдер туралы білу үшін өздеріне ыңғайлы бөлімшелерді таңдай алады. Банктің қызметін бағалау үшін біз барлық клиенттерімізді жаңа филиалға шақырамыз», - деді Home Credit Bank Қызылорда филиалының директоры Асхат Тоқсанбаев.

Home Credit Bank бөлшек кредиттеу нарығында ғана емес, сонымен қатар күнделікті қаржылық операцияларды орындауда үздік банктердің бірі болып табылады. Банк тиімді кешбэк ұсынатын дебет карталарын, ыңғайлы кредит өнімдерін, тегін төлемдер мен аударымдарды, 17%-ға дейінгі икемді депозиттерді ұсынады.

Филиалда OZEN бөліп төлеу картасын ресімдеуге болады. Оның көмегімен бүкіл әлем бойынша және интернет арқылы тауарлар мен қызметтерді серіктестік желіге қосылмай бөліп төлеуге (0-0-6) сатып алуға болады. Сондай-ақ бұл карта әлемдегі кез келген банкоматтан қолма-қол ақша алуға және мобильді қосымша арқылы ақша аударуға мүмкіндік береді. Home Credit Bank-те депозиттік сертификаттар мен банктің долларлық облигациялары, сондай-ақ әртүрлі жағдайларға арналған сақтандыру қызметтері бар.

Мұнда кәсіпкерлер ШОБ үшін HCB Business цифрлық банкінің қызметін және барлық қажетті ақпаратты толық көлемде ала алады. Жаңа қосымша ЖК және ЖШС үшін шоттар ашу, күнделікті операциялар: аударымдар, төлемдер, жалақы төлеу, сондай-ақ валюталық аударымдар мен операцияларды қоса алғанда, сыртқы экономикалық қызмет бойынша операцияларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін ұсынады.

«Біз өз қызметтерімізді еліміздің барлық тұрғындары үшін қолжетімді етуге тырысамыз. Бүгінгі таңда қаржылық операциялардың көп бөлігін қосымшалар арқылы онлайн жасауға болады. Бірақ филиалдар клиенттермен маңызды қарым-қатынас сақтауда маңызды рөл атқарады. Мұнда біздің менеджерлер сұрақтарыңызға жауап беріп, өнімдерді таңдау кезінде тиімді шешім табуға көмектеседі. Банк өңірде өз клиенттерінің санын арттырып қана қоймай, «Казпошта», «Сулпак», «Технодом» сияқты 450 серіктесімен тұрақты қарым-қатынас орнатты.  Қызылорда облысының тұрғындары мен кәсіпкерлері біздің қызметтерімізді тек онлайн ғана емес, офлайн түрде де пайдалана алуы үшін біз жаңа филиал ашуды жөн көрдік», - деп айттыHome Credit Bank коммерциялық блогының басқарушы директоры Андреа Худа.

Home Credit Bank сонымен қатар Қазақстанда қаржылық сауаттылықты дамытуға елеулі үлес қосуда. Банктің сайтында қаржылық сауаттылық туралы Блог - Home Credit Bank бөлімі қолжетімді. Онда Банктің клиенттері мен Қазақстанның барлық азаматтары қаржы нарығы және отбасылық бюджет пен жеке қаржыны сауатты түрде басқару туралы біле алады.

Home Credit Bank халықаралық PPF тобына кіреді. 2024 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша банк Қазақстандағы активтер мөлшері бойынша 13-ші орын алып жатыр. Банктің активтері 770 млрд теңгеден асады, капиталы 162 млрд теңгеге жетті. Қазақстандықтар мен компаниялар банктің депозиттерінде 378 млрд теңгеден астам теңгені сақтайды. Банк Қазақстанның барлық өңірлерінде қолжетімді.

Қызылорда қаласындағы жаңа филиал Тоқмағамбетов көшесі, 28, сағат 9:00 - 18:00 аралығында жұмыс істейді.

15.04.2024

Бөлісу

Басқа мақалалар

ЕҰ ВТБ Қазақстан АҚ-мен өзара әрекетті тоқтату

Құрметті клиенттер,ЕҰ ВТБ Қазақстан АҚ-ға (бұдан әрі – ВТБ Қазақстан) қатысты енгізілген

“Home Credit Bank” АҚ Директорлар кеңесінің құрамындағы өзгерістер

"Home credit Bank" АҚ Акционерлердің жалпы жиналысының отырысы өткенін хабарлайды. Директорлар

Астанада қала тұрғындары мен ШОБ үшін Home Credit Bank-тің екі жаңа бөлімшесі ашылды

Home Credit Bank Астанада екі жаңа бөлімше ашты. Нәтижесінде елордадағы бөлімшелер мен шағын