Ақтөбенің қала тұрғындары үшін Home Credit Bank жаңа бөлімшесі ашылды. Мұнда банктің барлық қаржылық қызметтері мен өнімдері қолжетімді. Сонымен қатар жаңа бөлімшеде менеджерлерден кеңес алып, банктің қызметтері туралы ақпарат алуға болады. Бұл Ақтөбе облысындағы 11-ші бөлімше: қазір өңірде Банктің үш бөлімшесі мен жеті шағын кеңсесі бар және олардың үшеуі Хромтау, Шалқар және Қандыағашта орналасқан.
«Ақтөбе облысында Home Credit Bank-тің 10 бөлімшесі бар, онда 50 000-нан астам клиентке қызмет көрсетіледі. Қазіргі уақытта облыстың 24 000 тұрғыны Банктің дебет карталарын белсенді түрде пайдаланып жүр және 20 000-нан астам клиент өз ақшаларын Home Credit Bank-те сақтайды. Банк облыста 700 серіктеспен жұмыс істеп жатыр. Бұл өңір қарқынды түрде дамып келе жатыр және клиенттеріміздің саны да өсуде. Сондықтан қала тұрғындары мен кәсіпкерлеріне сапалы қызмет көрсету үшін біз бөлімшелеріміздің желісін кеңейтіп жатырмыз. Енді банк қызметтерін алу үшін клиенттер өздеріне ыңғайлы болатын бөлімшені таңдай алады, - деп атап өтті Ақтөбе облысындағы филиал директоры Джаныбек Султанов.
Бүгінгі таңда Home Credit Bank жеке тұлғаларға да, ШОБ клиентеріне де қаржылық қызметтерді ұсынады. Қазақстандықтарға күнделікті қаржылық операциялар жасау, соның ішінде ыңғайлы кредиттік өнімдер, тиімді кешбектері бар дебет карталары, тегін төлемдер мен аударымдар қолжетімді. Оған қоса банк 16,53% номиналды мөлшерлемесі бар (18%-ға дейінгі жылдық тиімді мөлшерлемесі бар) депозиттер, 17,9%-ға дейінгі депозиттік сертификаттар және 7%-ға дейінгі долларлық облигациялар сияқты инвестициялау мен ақша сақтаудың әртүрлі нұсқаларын ұсынады.
Филиалда OZEN бөліп төлеу картасын ресімдеуге болады. Оның көмегімен бүкіл әлем бойынша және интернет арқылы тауарлар мен қызметтерді серіктестік желіге қосылмай бөліп төлеуге (0-0-6) сатып алуға болады. Сондай-ақ бұл карта әлемдегі кез келген банкоматтан қолма-қол ақша алуға және мобильді қосымша арқылы ақша аударуға мүмкіндік береді.
Банктің жеке тұлғаларға арналған Home.kz және кәсіпкерлерге арналған HCB Business мобильді қосымшалары бар.
Ақтөбе облысының ШОБ клиенттеріне қаржылық қызметтер онлайн түрде ғана емес, «Актобе Ажары» сауда үйі (Ақтөбе қаласы, 11 ш/а, 112Г) мекенжайы бойынша орналасқан филиалда да қолжетімді. Филиал ерекше қажеттіліктері бар клиенттерге қызмет көрсету үшін арнайы құралдармен жабдықталған.
«Онлайн қызметтерді ұсыну маңызды болғанымен де, клиенттерге жеке қызмет көрсетудің де маңызы зор. Сондықтан біз онлайн арналармен қатар офлайн қызмет көрсетудің сапасын арттыруды жоспарлап отырмыз. Сол себепті банк бөлімшелерінің де маңызы зор. Клиенттер бөлімшелерде кеңес алып, банк өнімдері туралы толық ақпарат ала алады. Ол клиенттердің қажеттіліктерін түсінуге көмектеседі. Барлық қазақстандықтар мен бизнес иелеріне сапалы қызметтерді тек мобильді қосымша арқылы емес, сондай-ақ жайлы бөлімшелер мен шағын кеңселерде ұсыну үшін біз банкіміздің филиалдар желісін кеңейтіп жатырмыз», - деп атап өтті Home Credit Bank Басқарма Төрағасы Кирил Бачваров.
Жаңа бөлімше Ақтөбе қаласы, Мұстафа Шоқай көшесі, 48В мекенжайы бойынша орналасқан және жұмыс күндері 09:00-18:00 уақыт аралығында үзіліссіз және сенбі күні 10:00-14:00-ге дейін жұмыс істейді. Сондай-ақ бөлімшеде 24/7 жұмыс жасайтын терминалдар мен банкоматтар қолжетімді.
Банк Қазақстан бойынша жаңа филиалдар ашуды жалғастыруда: 2024 жылдың басынан банк Қызылордада филиал, ал Түркістан мен Таразда жаңа бөлімшелер ашты. Банктің республика бойынша барлығы 200 шағын кеңсесі мен бөлімшесі бар. Олар Қазақстанның қалалары мен кент тұрғындарының еуропалық қаржы институтының барлық қаржылық шешімдері мен қызметтеріне қол жеткізуін қамтамасыз ету үшін жұмыс жасап жатыр.
Home Credit Bank Қазақстандағы жалғыз Еуропалық банк болып табылады және активтер бойынша 13-ші орынды иемденуде. Банктің активтері 870 млрд теңгеден асады. Капиталы 170 млрд теңгеге, ал несиелік портфелі 690 млрд теңгеге жетті. Қазақстандықтар мен отандық компаниялар банктің депозиттерінде 400 млрд теңгеден астам сома мөлшерінде ақша сақтап жатыр. Банк Қазақстанның барлық өңірлерінде қолжетімді.