Банкоматтар көбейді: ForteBank банкоматтарынан Home Credit Bank тарифтерімен қолма-қол ақша алыңыз

Бөлісу

2026 жылғы 17 ақпаннан бастап Home Credit Bank карталарының иелері ForteBank банкоматтарынан Home Credit Bank банкоматтарындағыдай шарттармен қолма-қол ақша ала алады. Енді бүкіл Қазақстан бойынша 872 банкомат қолжетімді болады:

  • 205 — Home Credit Bank
  • 667 — ForteBank

Бұл қалай жұмыс істейді:

  • ForteBank банкоматтарында қолма-қол ақша шешу комиссиясы — 0 ₸, егер сіз тегін шешу лимиті аясында ақша алсаңыз.
  • Лимиттен ассаңыз — соманың 2%-ы көлемінде комиссия алынады, ең азы 100 ₸.
  • ForteBank тарапынан қосымша комиссия алынбайды.

Тегін ақша алу лимиттері карта түріне байланысты:

  • Arna және Home Card: айына алғашқы 5 рет ақша алу — тегін.
  • Lite: айына 200 000 ₸ дейін — тегін.
  • Tañ: айына 500 000 ₸ дейін — тегін.
  • Tau: айына 3 000 000 ₸ дейін — тегін.

Özen картасы үшін:

  • Тәулігіне 645 000 ₸ дейін ақша алу комиссиясыз.
  • Özen — бұл тек сатып алулар мен төлемдерге арналған бөліп төлеу функциясы бар кредиттік карта. Қолма-қол ақша шешу комиссиясы жоқ, бірақ ақшаны пайдаланғаны үшін пайыздар кредиттік тарифтерге сәйкес есептеледі. Бұл карта бойынша лимитті ұлғайту мүмкін емес.

 

Кеңес: Егер сізге стандартты лимиттен көп ақша алу қажет болса, Home.kz қосымшасындағы баптауларды өзгертіңіз → дебеттік карта мәліметтерін ашыңыз → Әрекеттер → Карта бойынша лимиттер. Жаңа лимит 3 күнге дейін күшінде болады.

 

Ресми мәлімдеме

19.02.2026

Бөлісу

Басқа мақалалар

Home Credit Bank инвесторлардың сенімін растай отырып, 5 жылға 5 млрд теңге көлемінде қаражат тартты

«Home Credit Bank» АҚ («ForteBank» АҚ ЕБ) ұлттық валютада 5 млрд теңге сомасына 5 жыл мерзімге

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 25 Өзгерістер мен толықтырулар.2/2026 от 14.01.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.13.02.2026 ж. № 5(з) хаттамаға сәйкес Банктік қызмет