Home Credit Bank клиенттеріне ForteBank банкоматтар желісі ашылды

Бөлісу

Home Credit Bank клиенттері ForteBank банкомат желісіне қосылып, қолма-қол ақша алу шарттары жақсарды. Енді Home Credit Bank карталарының иелері Қазақстанның барлық аймақтарында екі банкке тиесілі 872 банкоматты пайдалана алады: 205 Home Credit Bank банкоматы және 667 ForteBank банкоматы. 

Сонымен қатар, 17 ақпаннан бастап Home Credit Bank дебеттік карталарының иелері үшін ForteBank банкомат желісінде қолма-қол ақша алу бойынша шектеу алынып тасталды (бұрынғы шектеу – 100 000 теңге, қазір – 5 000 000 теңгеге дейін). Енді Home Credit Bank клиенттері (жеке тұлғалар) өз карталары бойынша қолданыстағы лимиттер шегінде ForteBank банкоматтарынан комиссиясыз ақша ала алатынын білдіреді. Ал белгіленген лимиттен асқан жағдайда комиссия алынады, оның мөлшері әр карта үшін банкінің ағымдағы шарттарына сәйкес анықталады. 

Толығырақ: 

  1. Arna және Home Card дебеттік карталары 
    Бес ретке дейінгі қолма-қол ақшаны алу – комиссиясыз, лимиттен асса – алынған соманың 2% дейін, ең аз комиссия – 100 теңге. Күндік лимит – 1 000 000 теңге. Қажет болса, Home.kz қосымшасында лимитті 5 000 000 – 10 000 000 теңгеге дейін өзгертуге болады. 

  2. Tan дебеттік картасы 
    500 000 теңгеге дейінгі қолма-қол ақша алу – комиссиясыз, лимиттен асса – соманың 2% дейін, ең аз комиссия – 100 теңге. Күндік лимит – 1 000 000 теңге. Қажет болса, Home.kz қосымшасында лимитті 5 000 000 теңгеге дейін арттыруға болады. 

  3. Tau прайм дебеттік картасы 
    3 000 000 теңгеге дейінгі қолма-қол ақша алу – комиссиясыз, лимиттен асса – соманың 2% дейін, ең аз комиссия – 100 теңге. Прайм-клиенттер Home.kz қосымшасында лимитті 10 000 000 теңгеге дейін өзгерте алады. 

  4. Lite дебеттік картасы 
    200 000 теңгеге дейінгі қолма-қол ақшаны алу – комиссиясыз, лимиттен асса – соманың 2% дейін, ең аз комиссия – 100 теңге. Күндік лимит – 1 000 000 теңге. Қажет болса, Home.kz қосымшасында лимитті 5 000 000 теңгеге дейін арттыруға болады. 

  5. OZEN кредиттік картасы 
    Күндік лимит шегінде қолма-қол ақша алу – комиссиясыз, яғни күніне 645 000 теңгеге дейін. 

  6. HCB Visa Business дебеттік бизнес-карта жеке кәсіпкерлерге арналған 
    Home Credit Bank дебеттік бизнес-карталарының иелері үшін қолма-қол ақша алу бойынша тәуліктік лимит 5 000 000 теңгеге дейін.  

Home Credit Bank дебеттік карталарының иелері үшін (кредиттік және бизнес-карталарды қоспағанда) мобильді қосымшада қолма-қол ақша алу лимитін уақытша арттыру мүмкіндігі қолжетімді. Лимитті 3 күнге дейін 5 000 000 теңгеге дейін көтеруге мүмкіндік бар. 

ForteBank банкомат желісіне қосылу Home Credit Bank клиенттері үшін қызмет көрсету географиясын кеңейтеді және банктік қызметтерді әлдеқайда ыңғайлы етеді.  

17.02.2026

Бөлісу

Басқа мақалалар

Home Credit Bank инвесторлардың сенімін растай отырып, 5 жылға 5 млрд теңге көлемінде қаражат тартты

«Home Credit Bank» АҚ («ForteBank» АҚ ЕБ) ұлттық валютада 5 млрд теңге сомасына 5 жыл мерзімге

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 25 Өзгерістер мен толықтырулар.2/2026 от 14.01.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.13.02.2026 ж. № 5(з) хаттамаға сәйкес Банктік қызмет