Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған
Кредиттер мен қарыздар
5 минут

Кредитті қалай тез өтеуге болады: қарызды мерзімінен бұрын төлеу жолдары

Кредитті қалай тез өтеуге болады: қарызды мерзімінен бұрын төлеу жолдары

Кредитті қалай тез өтеуге болады: жалпы ережелер

Назарларыңызға қарыз жүктемесін азайтып, кредитті тез өтеуге көмектесетін бірнеше кеңестерді ұсынамыз:

  1. Бюджетті жоспарлаңыз. 

Ең алдымен, бұл сіздің қарызды төлей алу мүмкіндігіңізді тексеру үшін қажет. Кредит төлемін ескеріп, кірістер мен шығыстар сомасына талдау жасаңыз да, қанша ақша қалатынын есептеңіз. Бұл ақша қосымша шығындарға, мысалы, жаңа көйлек алуға, кафеге баруға немесе туыстарыңызға сыйлықтар алуға жете ме? Әлде ақша жеткіліксіз бола ма? Ақшаны ұзақ уақыт бойы үнемдеу оңай емес. Егер ақша жеткіліксіз болса, кредит алмаған дұрыс немесе тиімді шарттарды іздеу қажет. 

Екіншіден, қарызға батып өмір сүруге болмайды. Егер сіз қанша ақша табатыныңызды және қанша жұмсайтыныңызды білмесеңіз, бір күні шығындар сомасы кірістен асып түседі. Ақша жетіспейді, қарыздар өседі, оған қоса кредит бойынша міндетті төлемдер болады.

Сондықтан қаржылық жоспар қажет. Бұл жоспарды кем дегенде екі ай бұрын эксель немесе арнайы қосымшада әзірлеген жөн. Жоспар сіздің ақшаңызды басқаруға көмектеседі. 

Үшіншіден, жоспарлау бюджетті оңтайландыруға мүмкіндік береді. Ақшаңыздың бәрі қажетті заттарға жұмсалып, артық ақша қалмайтындай болып көрінуі мүмкін. Бірақ шығындарға талдау жасасаңыз, ойыңыз өзгереді. Көп адамдар қажет емес қызметтерге, кофеге немесе фаст-фудқа біраз ақша жұмсайтынын байқамайды. Сондықтан бюджетті жоспарлау маңызды. Сол жоспар арқылы сіз тұрақты түрде жұмсалатын ақшаны қадағалап, қажетті соманы сақтай аласыз. Үнемделген ақшамен кредитті өтеуге болады.

  1. Кредитті төлем кестесі бойынша өтеңіз.

Егер сіз төлемді бір күнге кешіктірсеңіз, банк өсімпұлдарды есептейді. Оған қоса мерзімі кешіктірілген төлемдер сіздің кредиттік тарихыңызға теріс әсер етеді. Банктер әдетте кредиттік тарихы нашар қарыз алушыларға кредит бермейді немесе аз соманы жоғары пайызбен береді. 

Төлем кестесі кредит шартында жазылады, ал қазіргі таңда банктердің көбісі төлем кестесін қосымшада ұсынады. Төлем күнін өткізіп алмау үшін автоматты хабарландыруды қосуға болады.

  1. Резервтік қор жасаңыз.

Егер сіздің жинақ ақшаңыз болмаса, аурып қалған немесе жұмыс жоғалтқан жағдайда сіз қаржылық қиындықтарға тап болуыңыз мүмкін. Міндетті төлемдерді өтеу үшін қарызға ақша алу немесе жаңа кредит ресімдеу керек болады. Осылайша сіз кредитке тәуелді болып қаласыз. Сондықтан, кредит ресімдемес бұрын, күтпеген жағдайлар үшін қосымша ақша жинаған маңызды. Бұл резервтік немесе қауіпсіздік қоры деп аталады.

Жаңа жұмыс тапқанша немесе емделгенше кредитті және басқа да міндетті төлемдерді өтеу үшін 3-6 айлық шығындарға арналған соманы жинаған дұрыс.

  1. Кредитті мерзімінен бұрын төлеңіз.

Кредитті төлеу мерзімі ұлғайған сайын, артық төлем де көбейеді. Егер кредитті мерзімінен бұрын өтесеңіз, онда пайыздар бойынша артық төлемді төмендетуге болады. 

 

Кредитті толық мерзімінен бұрын өтеу үшін барлық соманы бірден төлеу керек. Кредитті ішінара мерзімінен бұрын өтеу үшін төлем сомасын біртіндеп арттыруға болады. Енгізілетін сома артқан сайын мерзім 2-3 есе қысқарады. Кредитті артық соманы салып өтеу тиімді болып табылады.

 

Мерзімінен бұрын өтеу кезінде кредит мерзімін қысқартып қана қоймай, міндетті төлем сомасын өзіңізге ыңғайлы болатын сомаға дейін төмендетуге болады. Қаржы кеңесшісі Наталья Тимошкина қай әдіс тиімді екені туралы айтып өтті:

«Кредит мерзімін қысқарту қарыз алушы үшін тиімді стратегия болып табылады. Бірақ егер кредит төлемі кірістің 30%-ынан артық болса, қарыз алушы басқа шығындар бойынша ақша үнемдеуге мәжбүр болады. Бұл жағдайда алдымен тұрақты төлем сомасын ыңғайлы сомаға дейін азайтып, содан кейін кредит мерзімін қысқартуға болады».

 

Мерзімінен бұрын өтеу кезінде кредит шартында жазылған барлық шарттарды мұқият оқып шығу маңызды. Кейбір жағдайларда банк айыппұл төлеткізуі немесе басқа санкциялар қолдануы мүмкін. 

 

  1. Қосымша табыс көзін іздеңіз.

Егер сіз ақша жинап, жақсы өмір сүргіңіз келсе, қосымша табыс көзі туралы ойланыңыз. Қосымша жұмыс ретінде жеке консультация өткізуге, спикер болуға, подкаст жазуға болады. Сонымен қатар тілдерді үйретуге, үй жануарларымен серуендеуге, маркетплейстер арқылы тауарларды сатуға, сайттар жасауға болады.

 

  1. Басқа адамдардың пікірін біліңіз.

Көптеген адамдар үшін қаржы — бұл жеке тақырып болғанымен де, басқа адамдардың пікірлері тиімді шешім табуға көмектеседі. Кредитті төлеу туралы толық ақпарат білетін туыстар, достар немесе тәлімгерлер тиімді нұсқаны ұсына алады. Сондықтан іс жүзінде тәжірибесі мол адамдардан кеңес алу тиімді болып табылады.

Егер сізде бірнеше кредит болса

Егер сіз бір емес, бірден бірнеше кредит төлеп жүрсеңіз, стратегиялық құру керек. Қарызды тез өтеуге көмектесетін бірнеше кеңес. 

  1. Үлкен соманы төлеуден бастау стратегиясы. 

Бұл стратегия бойынша сіз алдымен ең үлкен пайызы бар қарызды төлейсіз, содан кейін мөлшерлемесі төмен қарыздарды өтейсіз. 

Сарапшы: қаржы кеңесшісі Наталья Тимошкина:

«Математикалық тұрғыдан алғанда, алдымен ең жоғары пайыздық мөлшерлемесі бар кредитті өтеу тиімді. Қарыз сомасын азайту арқылы сіз артық төлемді азайтасыз, өйткені жоғары мөлшерлеме қалған қарыздарға есептеледі. 

Егер сізде екі кредиттің мөлшерлемесі бірдей болса және бір кредитіңіз екі жылға, екіншісі бес жылға болса, алдымен мерзімі ұзақ кредитті өтеңіз. Өйткені, мерзімнің басында алдымен пайыз өтеледі, содан кейін ғана негізгі қарыз төленеді. Сондықтан ұзақ мерзімді қарыздар бойынша артық төлем әлдеқайда жоғары».

  1. Кішкентай соманы төлеуден бастау әдісі.

Бұл әдіс бойынша алдымен қарыз сомасы төмен кредит төленеді. Экономикалық тұрғыдан бұл тиімді нұсқа емес. Бірақ қарыз сомасы төмен кредитті төлегеннен кейін сіз уайымсыз қалған қосымша ақшаны басқа кредитті өтеуге жұмсай аласыз. Бұл әдіс қарызды төлеуге одан сайын ынталандырады.

Қаржы кеңесшісі Наталья Тимошкина:

«Іс жүзінде мұндай стратегия бірдей шарттары бар бірнеше кішкентай кредиттер үшін қолданылады. Кішкентай кредиттер кедергі келтірмес үшін оларды бірінші болып өтеуге болады.

Егер сізде пайыздық мөлшерлемелері немесе мерзімдері әртүрлі кредиттер болса, онда тиімді стратегияны анықтау үшін пайыздық мөлшерлемеге де, қарыз сомасына да назар аудару керек. Содан кейін қай кредитті төлеуден бастау керектігін шеше аласыз.

Показ изображения imageArticle
  1. Қайта қаржыландыру.

Егер қарыз алушының әртүрлі банктерде бірнеше қарызы болса, онда тиімді шарттары бар кредитті алып, барлық қарыздарды бірден төлеуге болады. Сол кезде пайыздық мөлшерлеме төмендеп, артық төлем мөлшері азаяды. Бұл ыңғайлы, өйткені төлемді бір кредитор ғана жасайды. Сонымен қатар төлем мерзімдері кешіктірілмейді. 

 

Home Credit Bank-те 29,1%-бен қайта қаржыландыру қолжетімді. Сіз 6 айдан 60 айға дейінгі мерзімге және 10 000 теңгеден  10 000 000 теңгеге дейінгі сомаға қарызды ресімдей аласыз. Төлемдерді сайтта жеке кабинетте немесе банктің мобильді қосымшасында жасауға болады.

Кредитті мерзімінен бұрын өтеу кезінде болатын қателіктер

  • Қайта қаржыландыру тиімсіз болды. Қайта қаржыландыру кезінде шарттың талаптарын мұқият тексеру маңызды, әйтпесе қарыз алушы тиімсіз шарттары бар кредит алуы мүмкін. Егер сіз банктік өнімдер туралы толық ақпаратты білмесеңіз, қайта қаржыландыруды ресімдемес бұрын шарттарды бірнеше рет тексеріңіз немесе қаржылық кеңесшіге жүгініңіз.

     
  • Қарыз сомасын енгіздім, бірақ өтеуге ақша жетпеді. Мысалы сіз соңғы төлемді жасадыңыз делік. Бірақ кредит бойынша қосымша қызметтер болуы, өткен айда кешіктірілген өсімпұлдар төленбеуі немесе басқа да қарыздар болуы мүмкін. Осылайша қарыздар жинала береді. Сондықтан, қарыз сомасын төлегеннен кейін, кредит бойынша дербес шоттың жабылғанын міндетті түрде тексеріп, барлық ақпарат көрсетілген кредитті жабу туралы шартты сұраңыз. Бұл құжат қарыздардың жоқ екендігін және бәрі дұрыс жасалғанын дәлелдеу үшін қажет болады.
  • Ақшаны қате шотқа салдыңыз. Егер сіз банктік қызметтерді белсенді түрде қолдансаңыз, сізде бір банкте бірнеше шот болуы мүмкін. Кредитті ішінара өтеуге өтініш жазған кезде кредит шартында көрсетілген шотты толықтырғаныңызды тексеріңіз. Банк қарыздың сомасын автоматты түрде есептен шығарады: бағдарлама тек белгілі бір шотты тексереді. Егер сіз басқа шотты толықтырсаңыз, ақша есептен шығарылмайды. Нәтижесінде төлем өтпей, банк сізге өсімпұлдар есептей бастайды.

Төлем жүйесіне артық комиссия төледіңіз. Әдетте, банк кредит шартында минималды комиссиялары бар төлем жүйелерін көрсетеді. Егер сіз үшінші тараптың халықаралық интернет-банкингін қолдансаңыз,үлкен соманы аудару үшін қосымша комиссия төлеуге тура келеді. Сонымен қатар, егер аударым кешіктірілсе, мерзімінен бұрын өтеу сомасын уақытында енгізуге үлгермей қалуыңыз мүмкін. Сондықтан банктер сенімді төлем жүйелерін пайдалануды ұсынады.

Танымал өнімдер мен қызметтер