1. Басты бет
  2. Блог
  3. Табыс аз болған кезде ақшаны қалай жинауға болады

Жарияланды 06.08.2026

Жаңартылды 08.09.2026

8-9 минут

Ақша жинау табысқа емес, дұрыс қалыптасқан жүйеге байланысты болады. Орташа жалақы алып, бір жылда қомақты сома жинауға болады. Ал табысыңыз жоғары болса да, желтоқсан айында картаңызда ақша қалмауы мүмкін.

 

Маңызды Төменде ақша жинауды бастауға, қанша ақша жинау керегін анықтауға, жинақтарды қайда сақтауға және бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізуге көмектесетін қысқаша жоспар берілген. Бұл жоспарды бюджетіңіз шектеулі болса да қолдануға болады.

Неліктен ақша жинау қиын болуы мүмкін

Ақша жинауға табыстың мөлшері емес, қалыптасқан әдеттер кедергі болады:


•  «дұрыс уақытты» күтеміз — жаңа жылдан бастап немесе жалақы көтерілгенде ақша жинауды жоспарлаймыз;
•  аз-аздан жинаудың пайдасы жоқ деп ойлаймыз;
•  нақты мақсат болмаған соң, ақша күнделікті сатып алуларға жұмсалып кетеді;
•  күтпеген шығындар пайда болған кезде жинаған ақшаны соған жұмсауға мәжбүр боламыз;
•  ақшаның қайда кететіні белгісіз.
 

Ақшаға нақты тәртіп енгізіп, қанша жинайтынымызды және жинаған қаражатты қайда жұмсамайтынымызды алдын ала белгілесек, кез келген табыс деңгейінде ақша жинауға болады.

Неліктен аз болса да ақша жинау маңызды

Шағын сомаларды жинау тек қаржылық мақсатқа жетуге көмектесіп қоймайды, сонымен қатар ақшаға деген көзқарасты өзгертеді.
 

Қаржылық қауіпсіздік қор пайда болады. Бұл табыстан айырылып қалсаңыз немесе күтпеген шығындар туындаса, пайдалануға болатын қор. Бөлек шотта сақталған 30 000–50 000 теңгенің өзі маңызды бастама. Мұндай қорыңыз бар екенін білсеңіз, өзіңізді әлдеқайда сенімді сезінесіз.


Қаржыңызды басқару сезімі пайда болады. Шотта соманың өсіп келе жатқанын көрген сайын, сенімділік артады. Ақша сізді емес, сіз ақшаны басқарасыз.


Осылайша әдет пайда болады. Бірінші айда ақша жинау қиын болуы мүмкін. Үшінші айда оған үйреніп қаласыз. Ал алты айдан кейін ақшаны автоматты түрде жинақтап, бұл туралы ойланудың да қажеті болмайды.

Шағын соманың өзі бір жыл ішінде қомақты қаражатқа айналатынын мысал негізінде көрейік.

 

Айына

Бір жыл ішінде

2 жыл ішінде

3 000 ₸36 00072 000
5 000 ₸60 000120 000
10 000 ₸120 000240 000


Кестеде тек сіз салған қаражат көрсетілген, сыйақы есепке алынбаған. Ақшаны үйде сақтағаннан гөрі жинақ шотына немесе сыйақысы капиталдандырылатын депозитке орналастырсаңыз, есептелетін сыйақының арқасында жинағыңыз одан әрі өседі. Бұл туралы төменде толығырақ айтып береміз.

Неден бастау керек: 5 қадам

 

Показ изображения imageArticle

Бірден бәрін өзгертуге тырыспаңыз. Бүгін бір қадам жасаңыз да, қалғандарын кейін біртіндеп қосасыз.


Мақсатты анықтаңыз
Не үшін ақша жинайтыныңызды нақты білсеңіз, жинақтау әлдеқайда жеңіл болады. Сонда мақсатыңыз нақты нәтиже әкеледі.

Жақсы қойылған мақсат үш сұраққа жауап береді: не үшін, қанша және қай уақытқа дейін.

Мысалы: «ақша жинағым келеді» - бұл нақты мақсат емес. Ал «12 айдың ішінде қаржылық қауіпсіздік қорына 300 000 теңге жинағым келеді» болса, бұл нақты мақсат.

Мақсатыңызды бір сөйлеммен жазып қойыңыз. Оны кейінге қалдырмай, бүгін телефонға жазыңыз. Жазылған мақсат есте ғана сақталған мақсатқа қарағанда әлдеқайда тиімді.

Егер бірнеше мақсатыңыз болса, алдымен ең маңызды біреуін таңдаңыз. Тіпті табысыңыз жоғары болса да, бірден бес мақсатқа қаражат жинау қиын болуы мүмкін.


Соманы таңдаңыз
Қанша ақша жинайтыныңызды анықтап алыңыз. Мұнда қарапайым тәсіл көмектеседі: нақты соманы емес, табысыңыздың белгілі бір пайызын жинаңыз. Пайызды кез келген жалақыға қарай бейімдеуге болады, сондықтан бюджетке қатты әсер етпейді.

Өзіңіз байқамайтындай аз мөлшерден бастаңыз. Тіпті 3% болса да — бұл бастама. Ақша жинау әдетке айналғаннан кейін бұл үлесті 5%-ға және 10%-ға дейін арттыруға болады.
 

Сіздің айлық табысыңыз

3%

5%

10%

150 000 тенге4 5007 50015 000
250 000 тенге7 50012 50025 000
350 000 тенге10 50017 50035 000
500 000 тенге15 00025 00050 000

Алғашқы кезеңде бірден жоғары пайыз белгілеудің қажеті жоқ. Бір рет 20% жинап, кейін жинақты толық жұмсап қойғаннан гөрі, ай сайын тұрақты түрде 3% жинаған тиімді. Өйткені ең маңыздысы - бұл тұрақтылық.

 

Кеңес Егер табысыңыз аз болса, ай сайын өзіңізге қиындық тудырмайтын тұрақты сомадан бастаңыз: ол айына 2 000–3 000 теңге де болуы мүмкін. Бірінші айдың мақсаты сома емес, ақшаңызды бөліп қойып, оған қол тигізбеу болып табылады.


 «Ең алдымен өзіңе төле» ережесін пайдаланыңыз

Көпшілігіміз жалақы алған соң алдымен барлық қажетті шығындарды төлеп, қалған ақшаны жинауға тырысамыз. Бірақ ай соңында жинайтын ақша көбіне қалмайды.

«Ең алдымен өзіңе төле» ережесі бұл тәртіпті өзгертеді. Алдымен қажетті соманы жинақ шотына аударып, содан кейін қалған қаражатты басқа шығындарға жоспарлайсыз.
 

Бәрі оңай ақша келді → жинақ шотқа бірден белгілі бір пайыз аударылды → қалған ақшаны пайдаланасыз.

Осылайша ақша жинау ай соңындағы ерік-жігеріңізге тәуелді болмайды. Өйткені ақша болған кезде сіз оны бірден жинап қойдыңыз.
 

Бөлек шотты ашыңыз

Жинап жатқан ақшаңызды азық-түлік және такси үшін төлейтін картадан бөлек ұстау керек. Өйткені ақшаңыз әрдайым қолжетімді болса, оны жұмсау өте оңай.


Сондықтан ақша жинау үшін бөлек шотты пайдаланыңыз. Психологиялық тұрғыдан бұл шоттан ақша жұмсау қиын болады.


Ақшаны жинақ шотында немесе сыйақысы капиталдандырылатын депозитте сақтаған дұрыс. Мұндай шотта қаражат сақталып қана қоймай, оған сыйақы есептеледі. Қазақстанда мұндай салымдардың бір бөлігі депозиттерге кепілдік беру жүйесімен (ҚДКБҚ) қорғалған. Бұл қаржылық қауіпсіздік қоры үшін тиімді шешім: ақшаңыз қауіпсіз сақталады әрі біртіндеп көбейеді.
 

Егер күнделікті шығындарға арналған картаны таңдасаңыз және оны жинақтарыңыздан бөлек ұстағыңыз келсе, «Өз қажеттіліктеріңізге сай дебет картасын қалай таңдауға болады?» мақаласымен танысыңыз. 
 

Шығындарды бақылаңыз
Ақша жинау үшін алдымен ақшаның қайда кететінін түсіну керек. Әйтпесе артық шығындар жоқ деп көрінеді.

Екі апта бойы әр шығынды жазыңыз. Оны банк қосымшасында, телефонда жасауға болады. 14 күннен кейін қысқартуға болатын бірнеше санатты табу қиын болмайды. Бұл артық жазылымдар, тамақ жеткізу сервистері, қосымшалардағы жоспарланбаған сатып алулар болуы мүмкін.

Мақсат - өзіңізге ұнайтын нәрселердің бәрінен бас тарту емес. Мақсат - сол 3–5%-ды үнемдеп, ақшаны өз мақсатыңызға бағыттау.

Ескерту Үнемдеу деген өзіңізді барынша шектеу емес. Кофе ішуге немесе өзіңізді кішкентай нәрселермен қуантуға орын қалмайтын қатаң бюджеттер қатаң диеталар сияқты ұзаққа бармайды. Өзіңізге ұнайтын нәрселерге де ақша жұмсауды ұмытпаңыз. Сонда қаржылық жоспарыңызды ұзақ уақыт ұстану оңай болады.

Қанша ақша жинаған дұрыс: бәрін есептеп көрейік

 

Показ изображения imageArticle

Қысқаша айтсақ, ең дұрыс схема төмендегідей болады.

  1. Бір айдағы өзіңіздің кірісіңізді есептеңіз.
  2. Өзіңізге ыңғайлы болатындай 3–10%-ды белгілеңіз.
  3. Жалақы алған кезде бұл соманы бөлек шотқа аударыңыз.
  4. Қалған соманы жұмсай бересіз.
  5. 2-3 айда бір рет пайызды сәл арттырыңыз.

Кез келген сомадан бастауға болады
 

Қаржылық мақсатты қалай таңдауға болады

Бір үлкен мақсатқа жету ұзақ уақыт алатындықтан, ол әрдайым мотивация бере бермейді: өйткені нәтиже бірден көрінбейді. Сондықтан мақсаттарды үш мерзімге бөліп қойған ыңғайлы.

Мақсат түрі

Мерзімі

Мысал

Не үшін қажет

Қауіпсіздік қор6–12 ай3 айлық шығындардың сомасыКүтпеген шығындар мен табыстан айырылып қалған жағдайда көмектеседі
Қысқа мерзімді мақсат3–6 айДемалыс, техника, курстарЖылдам жеңіске жеткізіп, мотивацияны арттырады
Ұзақ мерзімді мақсат1–3 жылБастапқы жарна, үлкен сатып алуАқша жинау әдетін қалыптастырады


Қауіпсіздік қорынан бастаңыз. Бұл қаржылық тұрақтылықтың негізі. Қаржылық қауіпсіздік қор болмаған жағлайда кез келген күтпеген шығын немесе денсаулыққа байланысты жағдай сізді қаржылық тұрғыдан бірнеше қадам артқа шегіндіріп, ақша жинауды қайтадан бастауға мәжбүр етеді.


Қаржылы қорды жинасаңыз, қысқа және ұзақ мерзімді мақсаттарға көшуге болады. Екі мақсатқа қатар жинауға болады. Мысалы, жинайтын қаражатыңыздың 70%-ын ұзақ мерзімді мақсатқа, 30%-ын қысқа мерзімді мақсатқа бөліңіз.
 

Жиі кездесетін қателер

Ақша жинаудың тоқтап қалуына көбіне шағын табыс емес, үнемі қайталанатын қателер себеп болады. Төменде олардың негізгі түрлері және оларды қалай түзетуге болатыны туралы айтып береміз.
 

Қате

Себебі

Түзету жолы

«Қалған ақшаны» жинаймын деп ойлауЖүйе жоқ болған кезде, бәрі ерік-жігеріңізге байланысты боладыАлдымен өзіңізге төлеңіз: жалақы келген күні жинайтын ақшаңызды бөлек шотқа аударыңыз
Жинақ ақшаны негізді картада ұстауАқша әрдайым қолжетімді боладыАқша жинау үшін бөлек шотты ашыңыз
Шамадан тыс жоғары пайыз белгілеуНәтижеге тез қол жеткізгіңіз келеді3%-дан бастап, оны біртіндеп көтеріңіз
Ақшаны мақсатсыз жинау«Неге» деген сұраққа жауап жоқНе үшін, қанша және қашан деген сұрақтарға жауап беріп, мақсатты анықтаңыз
Алғашқы сәтсіздіктен кейін ақша жинауды тоқтатуБір сәтсіздік жеңіліс ретінде қабылданадыБір айды өткізіп жіберсеңіз, келесіден жалғастырыңыз
Қауіпсіздік қорын қалаған нәрселерге жұмсауҚор мен шығындар арасында шек жоқНағыз форс-мажор деп саналатын нәрселерді анықтаңыз

 

Импульсивті сатып алулар туралы бөлек айта кетейік. Көп ақша үлкен сатып алуларға емес, шағын импульсивті сатып алуларға жұмсалады. Біз оларды әсіресе әлеуметтік желілерде, маркетплейстерде жасаймыз. Өйткені онда төлемдер бір кликпен оңай жасалады. Егер өзіңіз ұқсас жағдайларға тап болсаңыз, онда «Әлеуметтік желілер арқылы тауарларды қалай қауіпсіз сатып алуға болады?» мақаласымен танысуды ұсынамыз. Ол алаяқтардан қорғануға ғана емес, қажетсіз сатып алудың алдында тоқтап, ойланып алуға көмектеседі.

 

Пайдалы әдеттер

Показ изображения imageArticle

 

Жинақ ақша бір рет салған үлкен сомадан емес, күн сайын жасайтын шағын әдеттерден құралады. Келесі әдеттер үлкен нәтижелерге жетуге көмектеседі.


24 сағат ережесі. Белгілі бір сомадан артық және жоспардан тыс сатып алу жасағыңыз келсе, оны бір күнге кейінге қалдырып көріңіз. Көбінесе бұл уақыт ішінде ойыңыз өзгеріп, ақшаңыз сақталады.


Сомаларды өз пайдаңызға дөңгелектеу. Әр сатып алуды жоғары жаққа қарай дөңгелектеңіз және айырмашылықты депозитке аударыңыз. 2 700 тг жұмсасаңыз, шотқа 300 тг аударыңыз. Сонда ақша байқалмай жинала береді.


Айына бір рет қаржыны ретке келтіру. Айына бір рет, мысалы, айдың 1-ші күні, қосымшаны ашып, қанша ақша жинағаныңызды, ең көп ақша қайда кеткенін және нені түзетуге болатынын қарап шығыңыз. Ол үшін бес-ақ минут қажет.


«Алдымен мақсат, кейін апдейт» ережесі. Табыс өскеннен кейін шығындарды көбейтпес бұрын, алдымен жинақ сомасын көбейтіңіз. Әйтпесе, өскен табысыңыз білінбей қалады.


Отбасындағы ақша туралы сөйлесу. Егер бюджетіңіз ортақ болса, жалғыз болып ақша жинау қиын болуы мүмкін. Ережелерді бірге келісіңіз. Қаржы туралы ұрыспау сөйлесу туралы «Отбасымен ақша туралы қалай сөйлесу керек?» (внутренняя ссылка после публикации) мақаласынан оқуға болады.

Жинаған ақшаны қайда сақтаған дұрыс

Негізгі ереже — жинақ ақшаны күнделікті шығындарға арналған картадан бөлек ұстау. Әрі қарай таңдау өзіңізге байланысты болады. Мысалы, сізге ақшаның әрдайым қолжетімді болуы керек пе?
 

  • Қауіпсіздік қоры — ақша әрдайым қолжетімді болуы тиіс. Ол үшін ақша алу және толықтыру функциялары бар икемді депозитті ашуға болады.
  • Белгілі бір мерзімге арналған мақсат (демалыс, техника, ірі сатып алу) — мерзімі келгенге дейін ақшаға қол жеткізу қажет емес. Бұл жағдайда жоғары мөлшерлемені ұсынатын мерзімді салымды пайдаланған жөн.
     


Home Credit Bank-те екі мақсатқа да арналған депозиттер бар. Олардың барлығы теңгемен ашылады, сыйақы күн сайын капиталдандырылады және Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) тарапынан 20 000 000 ₸ дейін сақтандырылады.

Депозит

Мин. сома

Мерзімі

Ақшаны мерзімінен бұрын алу

Мөлшерлеме (СЖТМ)

Кімге сәйкес келеді

Оңай1 000 ₸мерзімсізкез келген уақыттаикемдіҚауіпсіздік қоры: ақша әрдайым қолжетімді
Жинақ Хоум+1 000 ₸3–12 айжоқ20,5%-ға дейінМақсатқа жинау үшін және оны толықтыруға болады
Жинақ Хоум100 000 ₸6–24 айжоқ19%-ға дейінМаксималды пайыз

* Мөлшерлемедер 2026 жылдың шілдесіне өзекті болып табылады келеді және өзгеруі мүмкін. Оларды home.kz сайтында тексеріңіз.

 

Табысыңыз үлкен болмаса, алдымен толықтыруға болатын депозитті ашқан дұрыс. Оны 1 000 ₸ сомасынан бастап ашуға және кейін кез келген сомаға толықтыруға болады. Жалақы түскен кезде алдын ала өзіңіз белгілеп алған кірістің бір бөлігін сол депозитке аударып тұрасыз. Пайыздар күн сайын есептеледі және келесі күннен бастап оларға да пайыздар қосылады.

Бұл депозиттердің бір кемшілігі бар: олардың мерзімдері бар және ақшаны мерзімінен бұрын алған кезде пайыздар жойылады. Сондықтан қауіпсіздік қорын икемді депозитте, ал мақсатқа жинап жатқан ақшаны мерзімді депозитте сақтаған дұрыс.

Өз сомаңыздан алатын кірісті «Депозиттер» парақшасындағы калькуляторда есептеуге, ал мерзімді салымның шарттарын «Жинақ Хоум+» парақшасында көруге болады.
 

Ақша жинауды қалай әдетке айналдыруға болады

Ең қиын кезең — алғашқы үш ай. Одан кейін ақша жинау әдетке айналып, оны ұстану әлдеқайда оңай болады. Осы кезеңнен өтуге бірнеше қарапайым тәсіл көмектеседі.
 

Нәтижені көзге көрінетіндей етіп жасаңыз. Мақсатқа қаншалықты жақындағаныңызды белгілеп қойыңыз — телефондағы жазбаларға жолақ сызып қойсаңыз да болады немесе арнайы қосымшаны пайдалансаңыз да болады. Бұл сізге қосымша мотивация береді.


Сәтсіздіктер үшін өзіңізді жазаламаңыз. Бір жарнаны өткізіп алдыңыз ба? Келесі рет ақша түскеннен кейін мақсатыңызға қайта оралыңыз. Бір айды өткізіп алсаңыз, уайымдамаңыз, ең бастысы — ақша жинау әдетінен бас тартпау.


Кішкентай жеңістеріңізді атап өтіңіз. Алғашқы мақсатыңызға жетсеңіз, өзіңізді қуантуды ұмытпаңыз. Шағын сыйлық жинақтау әдетін нығайтып, ақша жинауды шектеу емес, жағымды эмоциялармен байланыстыруға көмектеседі.


Жинақтарыңызды өзіңізден ғана емес, бөтен адамдардан да қорғаңыз. Алаяқтар көбіне жинақталған қаражатқа қол жеткізгісі келеді және банк қызметкерінің атынан қоңырау шалуы мүмкін. Мұндай қоңырауларды тани білудің арқасында жинақтарыңыздан айырылып қалу қаупін айтарлықтай төмендетуге болады. Бұл туралы «Банк алаяғының қоңырауын қалай анықтауға болады?» мақаласынан оқыңыз
 

Показ изображения imageArticle

Чек-парақ: бір кеште бастау

Осы чек-парақтан бүгін өтіңіз, оған бір сағаттан да кем уақыт кетеді.
 

☐  Бір қаржылық мақсатты белгіледім: не, қанша және қашан.
☐  Мақсатты жазып алдым
☐  Бюджетіме әсер етпейтін пайызды белгіледім (3%-дан бастап)
☐  Ақша жинау үшін бөлек шот аштым
☐  Жалақы түсетін күні жасалатын автотөлемді қостым
☐  Екі апта бойы шығындарды жаза бастадым
 

Чек-парақ: ай сайынғы қаржылық ревизия

Осы тізімге айына бір рет қайтып келіңіз.
 

☐  Автотөлемнің сәтті өткенін тексердім
☐  Мақсатыма қанша ақша жинағанымды көрдім
☐  Қысқартуға болатын шығын санатын анықтадым
☐  Пайыз мөлшерін 1–2 тармаққа көтеруді шештім
☐  Қауіпсіздік қорынан ақшаны босқа алған жоқпын
 

FAQ

 

Қай сомадан бастап ақша жинауға болады? Өзіңізге байқалмайтын кез келген сомадан бастауға болады. Айына 2 000–3 000 теңгенің өзі ақша жинау әдетін қалыптастыруға жеткілікті. Басында сома емес, тұрақтылық маңызды.


Жалақыдан қанша пайыз жинау керек? Бағдар ретінде 10%-ды алуға болады, бірақ 3–5%-дан бастауға да болады. Бір рет 20% салып, кейін оның бәрін жұмсағаннан гөрі, тұрақты түрде 3% салған дұрыс. Пайызды 2-3 айда бір рет арттырыңыз.


Жинаған ақшаны қайда сақтаған дұрыс? Күнделікті шығындар үшін пайдаланатын картада емес, жеке шотта сақтаған дұрыс. Қауіпсіздік қоры үшін жинақ шоты немесе капиталдандырылатын депозит ашқан жөн. Сонда ақшаңыз қауіпсіз түрде сақталады да, қосымша пайда әкеледі.


Қаржылық қауіпсіздік қоры дегеніміз не және ол қандай болуы керек? Бұл табыс көзінен айырылсаңыз немесе жоспарланбаған ірі шығындар кезінде көмекке келетін қор. Оны 3 айлық шығындар көлемінде сақтаған жөн. Ең алдымен осындай қауіпсіздік қорына ақша жинау керек.


Ақша жалақыға дейін әрең жетсе, қалай жинауға болады? Екі апта бойы шығындарыңызды жазып жүріңіз — көбіне 3–5% көлемінде үнемдеуге болатын шығындар табылады. Оларды негізгі шығындарға жұмсамай тұрып, жалақы алған күні бірден бөлек шотқа аударыңыз.


Табыс тұрақсыз болса, қалай жинауға болады? Нақты соманы емес, табыстың белгілі бір пайызын жинаңыз және оны әр ақша түскен сайын бірден басқа шотқа аударыңыз. Табыс жоғары болатын айларда көбірек жинауға тырысыңыз.


Ақша жинаған дұрыс па, әлде алдымен қарыздарды жабу керек пе? Алдымен шағын қауіпсіздік қорын жинап алыңыз (мысалы, 50 000 теңге болсын), содан кейін қымбат қарыздарды жабуға тырысыңыз да, кейін ғана ақша жинауды жалғастырыңыз. Шағын қор күтпеген шығын кезінде қайтадан қарыз алмауға көмектеседі.

Қорытынды

Табыс аз болса да, ақша жинауға болады. Ол табыс деңгейіне емес, жүйеге байланысты болады.

Бәрін қорытындылайық:

  • Не үшін, қанша және қашан деген сұрақтарға жауап беріп, мақсатты анықтаңыз.
  • Кірістен жинайтын пайыз мөлшерін таңдаңыз — 3%-дан бастаңыз.
  • Плдымен өзіңізге төлеңіз: жалақы келген күні жинайтын ақшаңызды бөлек шотқа аударыңыз.
  • Автотөлемді қосып, ақшаны бөлек шотта ұстаңыз.
  • Қысқартуға болатын шығын санатын анықтау үшін екі апта бойы шығындарды жазып жүріңіз.
  • Сәтсіздікке ұшырасаңыз да, ақша жинауды жалғастырыңыз.
     

Бүгін бір әрекеттен бастаңыз. Сосын қалғаны қосылады. Алты айдан кейін бұрын қайда жұмсалғанын байқамай қалған ақшаңыздан қанша қаражат жинағаныңызға өзіңіз де таңғаласыз.