Инвестициялар және жинақ ақша
5 минут

Шағын бюджет салынатын инвестиция: неден бастау керек және қандай қателіктерден аулақ болу керек?

Шағын бюджет салынатын инвестиция: неден бастау керек және қандай қателіктерден аулақ болу керек?

 

Инвестиция тек қаржыгерлер мен ақшасы көп адамдар үшін ғана қолжетімді деп ойлайсыз ба? Шын мәнінде қазір кез келген адам өз капиталын құра алады. Заманауи қаржы құралдары шағын соманы да тиімді түрде инвестициялап, үлкен салымсыз-ақ қаржылық тәуелсіздікке қарай алғашқы қадам жасауға мүмкіндік береді. Ең бастысы неден бастау және қандай ережелерді сақтау қажет екенін білу керек. 

Алғашқы инвестицияға дайындық: неден бастау керек?

Шағын соманы қайда инвестициялау керек деген сұрақ туралы ойлаудан бұрын мұқият түрде дайындалу қажет. Дұрыс дайындықтық арқасында сіздің қаржы әлеміндегі алғашқы қадамдарыңыз қауіпсіз болады. 

1-қадам: қаржылық қауіпсіздік қорын құрыңыз

Инвестордың алтын ережесі: тек қосымша немесе артық ақшаны инвестициялауға болады. Кез келген инвестицияны бастамас бұрын міндетті түрде қаржылық қауіпсіздік қорыңыз болуы керек. Бұл күтпеген жағдайларға арналған 3–6 айлық шығыныңызға тең жинақ ақша. Бұл қаражатты ең сенімді әрі тез қолжетімді жерде сақтау дұрыс. Мысалы жинақ шоты: онда ақшаңыз сенімді түрде қорғалады және кез келген уақытта қолжетімді болады. 

2-қадам: мақсаттарыңыз бен оларға жету мерзімдерін айқындаңыз

Шағын соманы қайда инвестициялау керегін түсіну — ол ең алдымен сіздің қаржылық мақсаттарыңызға байланысты болады. Бір жылдан кейін шетелге аттанғыңыз келе ме? 3 жылдан кейін алғашқы жарнамен пәтер сатып алғыңыз келе ме? Әлде болашаққа ақша жинағыңыз келе ме? Нақты қойылған мақсат тәртіпті сақтауға, эмоцияға берілмеуге және нәтижеге тиімді түрде жетуге көмектеседі. 

Шағын соманы қайда салу керек: жаңадан бастаған инвесторға арналған қауіпсіз бастама

Бұл маңызды бөлім, себебі мұнда түсінікті әрі қолжетімді құрал ұсынылады. Инвестициялауда басты мақсат жоғары табыс емес, сенімділік пен болжамдылық болуы тиіс. 

Банктік депозит — сіздің алғашқы инвестициялық құралыңыз

Жаңадан бастаған инвестор үшін банктік депозит — бұл жай ғана ақша сақтайтын әдіс емес, бұл шағын соманы инвестициялауды бастаудың ең дұрыс қадамы. Оның басты артықшылықтары — табыстың болжамдығы, жинақ ақшаның инфляциядан қорғалуы және ең маңыздысы — қаражаттың сақталуына кепілдік берілуі. Яғни бұл «пайда әкелетін шағын соманы қайда салу керек?» деген сұраққа берілетін ең қарапайым әрі сенімді жауап. 

Home Credit Bank-те тұрақты түрде толықтыруға болатын депозитті қалай таңдауға болады?

Шағын инвестиция максималды пайда әкелуі үшін дұрыс салым таңдау маңызды. Ең тиімді шешім — тұрақты түрде толықтыру мүмкіндігі бар депозиттер. Осылайша сіз өзіңізге ыңғайлы соманы жүйелі түрде жинай аласыз. Home Credit Bank-те мұндай мақсатқа арналған бірнеше ыңғайлы депозит бар: «Оңай», «Оңай Плюс» және «Жинақ Хоум+». Бұл депозиттерге сіз кез келген уақытта қосымша ақша сала аласыз. Демек, табыс есептелетін негізгі сома артып, жинақ ақшаңыз тұрақты түрде өсіп отырады. 

Home Credit Bank-тегі сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі жоғары және пайыздар күн сайын капиталдандырылатын салымдарға назар аударыңыз. Күнделікті капиталдандырудың арқасында есептелген сыйақы күн сайын салым сомасына қосылады. Сондықтан келесі күні табыс көбейген қалдыққа есептеледі. Яғни пайыздарға жаңа пайыздар қосылып, жинақ ақша артады.  

Home Credit Bank-те толықтыру мүмкіндігі бар кез келген депозитті таңдасаңыз, шағын сома салатын болсаңыз да, сізге икемді шарттар және ыңғайлылық қолжетімді болады да, жинақ ақшаныз тұрақты түрде өседі. 

Показ изображения imageArticle

Аулақ болуға тиіс негізгі қателіктер

Инвестордың жолы тек мүмкіндіктерге ғана емес, қателіктерге де толы болады. Жиі жіберілетін қателіктерді білу капиталды қорғауға және дұрыс қаржылық дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі. 

№1 қате: тым жоғары табысқа ұмтылу

Егер сізге қысқа мерзімде үлкен табысты уәде етсе — абай болыңыз. Әдетте бұл қаржылық пирамидалар немесе алаяқтық схемалар болуы мүмкін. Олар әсіресе шағын инвестициялар үшін қауіпті болады. Есте сақтаңыз: сенімділік әрқашан жылдам алатын пайдадан әлдеқайда маңызды болып табылады. 

№2 қате: барлық ақшаны бір құралға салу

Бастапқыда сенімді әрі түсінікті құралдарға назар аудару керек және болашақта әртараптандырудың маңыздылығын есте ұстаған жөн. Барлық ақшаны бір құралға салмаңыз. Алғашқы қадам ретінде Home Credit Bank депозиті болашақ қаржылық портфеліңіз үшін тамаша негіз болады. Сонымен қатар банк әртүрлі инвестициялық және жинақ өнімдерін ұсынады, оның ішінде шетел валютасындағы салымдар да бар, олар ақшаны әр бағытқа бөліп, тұрақты стратегия құруға мүмкіндік береді. 

№3 қате: кез келген жаңалық туралы білгенде уайымға салыну

Инвестиция, әсіресе ұзақ мерзімге жоспарланған болса, шыдамдылық пен сабырлықты талап етеді. Экономикалық жаңалықтар сізді алаңдатуы мүмкін, бірақ уайымға салынып, асығыс шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Бастапқы стратегияңызды ұстанып, депозитіңізді жүйелі түрде толықтырып отыруды ұмытпаңыз. 

Инвестициялауды шағын сомадан бастау ұсынылады. Ақшасын қорғағысы келетін және одан пайда алғысы келетін кез келген адам инвестициялауды бастай алады. Ең бастысы — жүйелі, саналы түрде әрекет ету және ақшаны қауіпсіз түрде сақтайтын сенімді құралдарды таңдау. 

Қаржылық болашағыңызды ертеңге қалдырмаңыз. Тиімді депозиттер туралы толық ақпаратты Home Credit Bank сайтынан біліңіз және алғашқы қадам жасаңыз. 

image
Динмухамед Жагипаров
Банк жумыскері

Танымал өнімдер мен қызметтер