Өз ісін бастау жолындағы ең үлкен кедергілердің бірі — бастапқы капиталдың болмауы. Көптеген қызықты әрі болашағы бар идеялар қаржылық қиындықтарға байланысты жүзеге аспай қалады. Алайда Қазақстанда мемлекеттік қолдау бағдарламалары белсенді жұмыс істейді. Бизнеске грант алу — жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін кредит секілді пайыздық жүктемесіз, өз арманын жүзеге асырудың шынайы мүмкіндігі.
Гранттың банктік қарыз емес екенін нақты түсіну маңызды. Грант — мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз қаржылық қолдау. Ол сіздің бизнесіңізді дамытуға бағытталған және алдын ала бекітілген нақты мақсаттарға бөлінеді.
Гранттың кредиттен үш негізгі айырмашылығы бар:
Қайтарымсыздық: грант ретінде берілген қаражат белгіленген мақсат бойынша жұмсалса, оны мемлекетке қайтарудың қажеті жоқ.
Мақсат бойынша пайдалану: қаражатты бизнес-жоспарда көрсетілген және мақұлданған қажеттіліктерге ғана жұмсауға болады. Мысалы, жабдық сатып алу, шикізат немесе материал алу.
Есептілік: қаражатты алғаннан кейін сіз ақшаның белгіленген мақсат бойынша пайдаланылғанын растайтын құжаттарды (шарттар, чектер, жүкқұжат) ұсынуыңыз қажет.
Қазақстанда әртүрлі санаттағы кәсіпкерлерге бағытталған бірнеше мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді. Талаптар мен шарттар өзгеруі мүмкін, сондықтан әрдайым ресми дереккөздердегі ақпаратпен танысып отырған дұрыс.
Ең кең таралған және танымал бағдарлама — Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында берілетін бизнеске арналған гранттар. Бұл бағдарлама кәсіпкерлікті енді бастап жатқан азаматтарға бағытталған. Оның шеңберінде 400 АЕК-ке дейін грант алуға болады. Бұл бизнеске қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға мүмкіндік беретін тамаша бастама.
Мемлекет халықтың белгілі бір топтарын қолдауға ерекше назар аударады. Жастарға, күнкөрісі төмен және көп балалы отбасылардың мүшелеріне, сондай-ақ мүгедектігі бар тұлғаларға арналған шағын бизнес гранттары қарастырылған. Азаматтардың осы санаттардың біріне жатуы грант алу мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.
Бұл бөлім – бүкіл процесті толығымен түсіндіретін практикалық гид. Осы қадамдарды орындау арқылы бизнеске грант алу жолын және оған не қажет екенін нақты түсіне аласыз.
Алдымен бағдарлама талаптарына сай келетініңізге көз жеткізіңіз. Мысалы, жиі кездесетін шарттардың бірі – жеке кәсіпкер ретінде 3 жылдан аспайтын мерзім бойы тіркелу. Келесі міндетті кезең – «Бастау Бизнес» жобасы бойынша қысқа мерзімді оқудан өтіп, тиісті сертификат алу. Бұл сіздің базалық кәсіпкерлік біліміңізді растайды.
Бизнес-жоспар – сіздің өтініміңіздің негізгі құжаты. Арнайы комиссия бизнес-идеяңыздың даму әлеуетін дәл осы құжат арқылы бағалайды. Бизнес-жоспарда сіздің өніміңіз немесе қызметіңіз, нарық пен бәсекелестерге талдау, сондай-ақ қаржылық есептер мен болжаулар анық және толық көрсетілуі тиіс.
Бизнес-жоспар дайын болған кезде өтінім беруге болады. Өтінім business.enbek.kz бірыңғай порталы арқылы электронды форматта қабылданады. Порталда жұмыс істеу және құжаттарға қол қою үшін сізге электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦҚ) қажет болады. Бұл қадам — Қазақстанда бизнеске грантты қалай алуға болатынын техникалық тұрғыдан түсіндіретін маңызды бөлік.
Соңғы кезең – арнайы комиссия алдында жобаңызды офлайн немесе онлайн форматта таныстыру. Сіз өз бизнес-идеяңыздың мәнін, оның артықшылықтарын және даму жоспарын қысқа да нұсқа әрі сенімді түрде түсіндіруіңіз керек. Сіздің болашақ ісіңіз туралы сұрақтарға жауап беруге дайын болыңыз.
Өтінім мақұлданғаннан кейін Қазақстанда бизнеске берілетін грант қаражаты кәсіпкердің арнайы банк шотына аударылады. Мұнда сенімді банк пен ыңғайлы, түсінікті құралдарды таңдау өте маңызды. Home Credit Bank-те бизнеске арналған шот ашқан жағдайда, сізге Кәсіпкерлерге арналған онлайн-банкинг қолжетімді болады. Онлайн-банкинг арқылы ақша операцияларын оңай бақылауға, жеткізушілерге мақсатты төлемдер жасауға және мемлекетке есеп беру үшін қажетті үзінді көшірмелерді тез дайындауға болады.
Грант алу — нақты, бірақ белгілі бір күш-жігерді талап ететін процесс. Оның табысты болуы көбінесе сіздің дайындық сапаңызға, бизнес-идеяның толық әрі жан-жақты әзірленуіне және табандылығыңызға байланысты. Жобаларыңызды іске асыруда сәттілік тілейміз! Жаңа бизнесіңізді ыңғайлы әрі ашық түрде басқару үшін Home Credit Bank-тің заманауи цифрлық қызметтерін пайдалануды ұсынамыз. Кәсібіңізге арналған пайдалы ақпарат туралы көбірек білгіңіз білгіңіз келсе, біздің блогты оқыңыз.
Сұрақ: Гранттың кредиттен басты айырмашылығы неде?
Жауап: Басты айырмашылық: грант мемлекет тарапынан берілетін қайтарымсыз көмек болып табылады. Қаражатты белгіленген мақсат бойынша пайдаланған жағдайда оны қайтарудың қажеті жоқ, ал кредит пайыздарымен бірге қайтарылуы тиіс.
Сұрақ: Қазақстанда бизнеске мемлекеттік грантқа кім үміткер бола алады?
Жауап: Негізгі бағдарламалар жеке кәсіпкерлікті жаңа бастаған кәсіпкерлерге (ЖК 3 жылдан аспайтын мерзім бойы тіркелген) бағытталған. Сонымен қатар жастарға, көп балалы отбасыларға және мүгедектігі бар тұлғаларға арнайы жеңілдіктер мен артықшылықтар қарастырылған.
Сұрақ: Грантқа өтінім бергенде ең маңызды құжат қандай?
Жауап: Ең басты құжат — сіздің бизнес-жоспарыңыз. Комиссия қаражат бөлуді тек осы құжат негізінде шешеді. Бизнес-жоспарда жобаның мәні, нарыққа талдау және қаржылық есептеулер нақты көрсетілуі тиіс.
Сұрақ: Грант алудың негізгі кезеңдері қандай?
Жауап: Барлық процесс төрт негізгі қадамға бөлінеді:
1-қадам: бағдарлама талаптарына сәйкестікті тексеру және «Бастау Бизнес» оқытуынан өту.
2-қадам: сапалы бизнес-жоспар әзірлеу.
3-қадам: business.enbek.kz порталы арқылы электрондық өтінім беру.
4-қадам: жобаны комиссия алдында қорғау.
Сұрақ: Грант мақұлданған жағдайда қаражат қайда түседі?
Жауап: Қаражат кәсіпкердің атына ашылған арнайы банк шотына аударылады. Бизнесті бастаған кезде home.kz сияқты сенімді банкті таңдау маңызды. Ол мақсатты төлемдерді бақылау және есеп беру үшін ыңғайлы құралдар ұсынады.



