Қаржылық сауаттылық
7 минут

Жас мамандардың қаржылық қателіктері: олардан қалай аулақ болуға және капитал жинауды бастауға болады?

Жас мамандардың қаржылық қателіктері: олардан қалай аулақ болуға және капитал жинауды бастауға болады?

 

Алғашқы жалақы — бұл жай ғана ақша емес, бұл нағыз тәуелсіздік пен жаңа мүмкіндіктердің символы. Адам бірден бұрыннан бері армандаған нәрселерді сатып алып, еркіндікті сезінгісі келеді. Дегенмен, дәл осы кезең байқалмайтын қаржылық қателіктерге толы болады. Бұл мақала ақша ағынын дұрыс бағыттауға, пайдалы әдеттер қалыптастыруға және болашақ капитал үшін берік іргетас құруға көмектеседі. 

№1 қате: бюджеттің болмауы және «жалақыдан жалақыға дейін» өмір сүру

Алғашқы тұрақты табысқа қол жеткізгенде, көптеген адамдар барлығын бірден жұмсап, өмір сүру деңгейін көтергісі келеді. Бұл бастапқыда кездесетін ең кең тараған және қауіпті қаржылық қателіктердің бірі. 

Неліктен ақшаны алғашқы күннен бастап есептеу маңызды?

Шығынды есептемей ақшаның нақты қайда кетіп жатқанын түсіну мүмкін емес. Яғни есептеусіз ақшаны басқаруға және жинауға кірісе алмайсыз. Күнделікті кофе, такси немесе түскі асқа кететін шығындар аз сияқты көрінсе де, айдың соңында олар сіздің алғашқы инвестицияңыз бола алатын үлкен сомаға айналады. 

Ақшаны басқаруды бюджет құрудан бастау керек

Күрделі кестелер қажет емес. Бастапқыда «50/30/20» қарапайым ережесін қолдану керек: табыстың 50%-ы міндетті қажеттіліктерге, 30%-ы қалайтын нәрселерге, ал 20%-ы жинақ ақша мен инвестицияға кетеді. Шығындарыңызды бақылау үшін Home Credit Bank мобильді қосымшасын пайдаланыңыз: санаттарға бөлінген шығындар аналитикасы ақшаңыздың қайда кетіп жатқанын нақты көрсетеді. 

№2 қате: қаржылық «қауіпсіздік қорын» құрмау

Қосымша артық ақшаның болмауы жұмыстан айырылу, денсаулық мәселелері немесе шұғыл түрде техниканы жөндеу қажеттілігі сияқты күтпеген жағдайлар сізді қиын жағдайда әкелуі мүмкін. 

Қанша ақша қажет және оны қайда сақтау керек?

Сіздің бірінші қаржылық мақсатыңыз - 3-6 айлық міндетті шығындарыңызға тең сомадағы қаржылық қауіпсіздік қорын құру. Бұл қаражат қолжетімді болуы, бірақ күнделікті шығындардан бөлек сақталуы тиіс. Ең дұрыс шешім — Home Credit Bank-те толықтыру мүмкіндігі бар депозит ашу. 

Показ изображения imageArticle

№3 қате: «Ақшаны кейін жинаймын, мен әлі жаспын» деген ой

Бұл сіздің ең басты активіңіз - уақытты ұрлайтын ең жиі кездесетін қаржылық қателік. Күрделі пайыздардың арқасында бүгін салынған ақша 10–20 жылдан кейін кейінірек салынған дәл сол ақшаға қарағанда әлдеқайда құнды болады. Неғұрлым ерте бастасаңыз, соғұрлым жақсы нәтижеге қол жеткізесіз. 

«Алдымен өзіңе төлеу» ережесі

Ақшаны еш қиындықсыз жинау әдетін қалыптастырыңыз. Home Credit Bank қосымшасында әр жалақыңыздың 10–15%-ын арнайы ашылған жинақ депозитіне автоматты түрде аудару функциясын қосыңыз. Ақша өздігінен жинала береді, ал сіз қалған сомаға өмір сүруді тез үйреніп аласыз. 

№4 қате: жылдам алынатын пайдаға ұмтылу және тәуекел деңгейі жоғары салымдар ашу

Ақша жинауды жаңадан бастаған адамдар тез байығысы келеді, сондықтан олар ойланбай әрекет етіп, қаржылық шығындарға ұшырайды. 

Ақша жинауды жаңадан бастаған адамдар жиі жіберетін инвестициялық қателіктер

Жиі кездесетін инвестициялық қателіктерге жоғары табысты уәде ететін қаржылық пирамидаларға ақша салу, кредит ақшасын пайдаланып инвестиция жасау немесе асығыс түрде түсініксіз активтерді сатып алу жатады. 

Болашақ инвесторға арналған сенімді іргетас

Тәуекелге бармас бұрын, сенімді әрі түсінікті құралдар арқылы бастапқы капитал қалыптастыру қажет. Мысалы, Home Credit Bank-те жоғары мөлшерлемелерді ұсынатын ұзақ мерзімді депозит ашыңыз. Бұл сізге қиындықсыз ақша жинауға көмектесіп, күрделі инвестициялық құралдарды зерттеуге мүмкіндік береді. 

Қаржылық тұрақтылыққа апаратын жол қарапайым қадамдардан басталады: бюджет жүргізіңіз, қаржылық қауіпсіздік қорын құрыңыз, жүйелі түрде ақша жинау әдетін қалыптастырыңыз және алғашқы инвестициялармен абай болыңыз. Бастапқыда осы кең таралған қаржылық қателіктерден аулақ болу — сіздің сенімді қаржылық болашағыңызға жасайтын басты инвестицияңыз. Home Credit Bank осы жолда сіздің сенімді қаржылық серіктесіңіз болуға дайын. Қосымша пайдалы кеңестер алу үшін біздің блогымызды оқыңыз. 

FAQ (Жиі қойылатын сұрақтар)

Сұрақ: Алғашқы жалақыдан бастап бюджет жүргізу неліктен маңызды? 

Жауап: Шығынды есептемей ақшаның нақты қайда кетіп жатқанын түсіну мүмкін емес. Яғни есеп жүргізбей ақшаны жинауға кірісе алмайсыз. Басынан бастап бюджет жүргізу дұрыс қаржылық әдеттер қалыптастыруға және «жалақыдан жалақыға дейін» өмір сүруден аулақ болуға көмектеседі. 

 

Сұрақ: «Қаржылық қауіпсіздік қоры» дегеніміз не және ол қандай мөлшерде болуы керек? 

Жауап: Бұл жұмыстан айырылу, аурып қалу сияқты күтпеген жағдайларға арналған қосымша ақша. Ол негізінен міндетті шығындарыңыздың 3–6 айлық сомасына тең болу керек. 

 

Сұрақ: Мен әлі жаспын. Ақша жинауды кейін бастасам қалай болады? 

Жауап: Бұл ең жиі кездесетін қаржылық қателіктердің бірі. Күрделі пайыздардың арқасында ақшаны неғұрлым ертерек жинауды бастасаңыз, соғұрлым жақсы нәтижеге қол жеткізе аласыз. Уақыт - капитал жинаудағы ең құнды ресурсыңыз. 

 

Сұрақ: Артық ақша мүлдем жоқ сияқты сезілсе, қосымша ақшаны қалай жинауды бастауға болады? 

Жауап: «Алдымен өзіңе төлеу» ережесін қолданыңыз. Home Credit Bank қосымшасында әр жалақыңыздың 10–15%-ын толықтыру мүмкіндігі бар бөлек депозитке автоматты түрде аударуды қосып алыңыз. Бұл ақшаны қиындықсыз жинауға көмектеседі. 

 

Сұрақ: Мен инвестициялауды бастағым келеді. Неден бастау керек? 

Жауап: Ақшаны жаңадан жинауды бастаған жандарға жылдам алынатын пайдадан және тәуекел деңгейі жоғары салымдардан аулақ болу керек. Тәуекелге бармас бұрын, Home Credit Bank-те жоғары мөлшерлемелерді ұсынатын ұзақ мерзімді депозиттер сияқты сенімді банктік өнімдердің көмегімен капиталды қалыптастырыңыз. 

image
Ксения Гамзулина

Танымал өнімдер мен қызметтер