Балалы отбасыларға арналған қаржылық лайфхактар: шығындар мен жинақтарды қалай оңтайландыруға болады?

Балалы отбасыларға арналған қаржылық лайфхактар: шығындар мен жинақтарды қалай оңтайландыруға болады?

 

Бала – бұл бақыт, бірақ шығын да көбейетіні жасырын емес. Сондықтан бала дүниеге келген кезде бюджетке қосымша жүктеме түседі. Шығындар өте тез өседі де, демалыс, бастапқы жарна сияқты маңызды мақсаттарға ақша жинау қиын болуы мүмкін. Бірақ қаржылық тәртіпті сақтау үшін ақшаны қатты үнемдеудің қажеті жоқ. Біз қарапайым әрі тиімді лайфхактарды ұсынамыз. Оларды пайдалана отырып, сіз өмірдің сапасын түсірмей, ақша үнемдей бастайсыз. 

Ең алдымен: ақша қайта кететінін түсіну маңызды

Қаржылық тәртіпке апарар жол қарапайым талдаудан басталады. Нақты түсінік жоқ болса, қаржыны басқару қиын болады. Шығындарды қысқартпас бұрын, сіз ай сайын ақшаның не үшін жұмсалатынын нақты түсінуіңіз керек. 

Смартфон арқылы қаржыны ыңғайлы түрде басқару

Күрделі кестелер мен блокноттарды ұмытыңыз. Қаржыны басқарудың ең ыңғайлы тәсілі - сіз қолданып жүрге банк қосымшасы. Home Credit Bank қосымшасында сіз жасаған операциялар «Азық-түлік», «Көлік», «Балалардың үйірмелері», «Ойын-сауық» және т.б. санаттарға автоматты түрде бөлініп көрсетіледі. Сонда сіз негізгі шығын санаттарын бірден көріп, қай жерде ақшаны үнемдеуге болатынын нақты түсінесіз. 

№1 лайфхак: негізгі шығындар санатын оңтайландыру

Отбасылық шығындар әдетте азық-түлікке және тұрмыстық тауарларға жұмсалатын күнделікті сатып алулардан тұрады. Сондықтан ең алдымен осы санаттан бастау керек. Күнделікті әдеттерді сәл өзгерту арқылы нәтижені тіпті бір айдың ішінде көруге болады. 

Сатып алуларды жоспарлау және тиімді кешбэк

Ең қарапайым қадамнан бастаңыз: мәзірді бір аптаға алдын ала ойластырып, дүкенде сатып алуларды тек нақты тізім бойынша жасаңыз. Сонда сіз қажетсіз заттарды сатып алмай, ақшаны үнемдейтін боласыз. Ал сатып алуларды одан да тиімді жасау үшін 5%-ға дейін кешбэк беретін Home Credit Bank-тің Arna картасын пайдаланыңыз. Сонда жұмсалған ақшаның бір бөлігі сізге бірден қайтып келеді. Картаны шығару және оған қызмет көрсету тегін, аударымдар жасау және ақша шешу үшін комиссия жоқ.  

Показ изображения imageArticle

№2 лайфхак: балаларға арналған тауарлар мен ойын-сауық

Енді тікелей балаларға қатысты шығындарды оңтайландыру тәсілдеріне тоқталайық. Баланың тез өсіп кететін киімі, қымбат ойыншықтар және ойын-сауық орталықтарына бару сияқты шығындар елеулі қаржыны талап етеді. 

Аз шығын — көп эмоция

Балаларға ең алдымен сыйлықтың бағасы емес, сіздің көңіліңіз бен назарыңыз маңызды екенін ұмытпаңыз. Сондықтан тиімді балама нұсқаларды іздеңіз: жасы шамалас балалардың ата-аналарымен киім және ойыншық алмасуға, қаланың тегін шаралары мен мерекелеріне қатысуға болады. Саябаққа барып, пикник жасау кафеге барудан да қызық болуы мүмкін. 

Кеңес: сатып алуларды алдын ала жоспарлаңыз, маусымдық жеңілдіктерге назар аударыңыз. Сонда қажетті тауарларды тиімді бағамен сатып алуға болады. 

№3 лайфхак: балалардың болашағына ақшаны дұрыс жинай бастаймыз

Ең бастысы, ақшаны шынымен де маңызды мақсаттарға ақша жинау үшін үнемдеу қажет Мәселе тек аз ақша жұмсауда емес — шығындарды дұрыс реттеп, баланың болашағына тұрақты түрде ақша жинауды үйрену маңызды. Бұл білім алуға, баспанаға алғашқы жарнаға немесе басқа да үлкен мақсаттарға керек болады. 

Кішкентай, бірақ тұрақты қадамдар үлкен нәтиже әкеледі

Ақша жинауды бастау үшін ең тиімді жол — оны бюджеттің ауыртпалығын сездірмейтіндей ету. Home Credit Bank-те тиімді мөлшерлемесі бар және толықтыру мүмкіндігін ұсынатын депозит таңдаңыз. Содан кейін мобильді қосымшада өзіңізге ыңғайлы, шағын соманы автоматты түрде осы шотқа аудару функциясын қосыңыз. Мысалы, жалақы түскеннен кейін ол бірден депозиттік шотыңызға аударылатын болады. Сонда ол пайдалы қаржылық әдетке айналып, сіз оны мүлдем сезбейсіз. 

Отбасылық қаржыны басқару қиын емес. Егер шығындарды дұрыс жоспарласаңыз, сатып алуларды саналы түрде жасасаңыз және Home Credit Bank ұсынатын ыңғайлы банк қызметтерін пайдалансаңыз, қаржылық қауіпсіздік қорын құру да, болашаққа сенімділікпен қарау да мүмкін болады. Қаржы туралы пайдалы кеңестерді білу үшін біздің блогымызды оқыңыз

FAQ (Жиі қойылатын сұрақтар)

Сұрақ: Отбасылық бюджетті оңтайландыруды неден бастау керек? 

Жауап: Қаржылық тәртіпке апарар жол қарапайым талдаудан басталады. Шығындарды қысқартпас бұрын, сіз ай сайын ақшаның не үшін жұмсалатынын нақты түсінуіңіз керек. Home Credit Bank қосымшасында сіз жасаған операциялар санаттарға автоматты түрде бөлініп көрсетіледі. Сонда сіз негізгі шығын санаттарын бірден көріп, қай жерде ақшаны үнемдеуге болатынын нақты түсінесіз. 

 

Сұрақ: Азық-түлікке жұмсалатын ақшаны қалай үнемдеуге болады? 

Жауап: Мәзірді бір аптаға алдын ала ойластырып, дүкенде сатып алуларды тек нақты тізім бойынша жасаңыз. Сонда сіз қажетсіз заттарды сатып алмай, ақшаны үнемдейтін боласыз. Ал сатып алуларды одан да тиімді жасау үшін Home Credit Bank карталарын пайдаланыңыз. Жұмсалған ақшаның бір бөлігін қайтару үшін «Cупермаркеттер» және «Балаларға арналған тауарлар» санаттарында жоғары бонустарды алыңыз. 

 

Сұрақ: Балалармен байланысты шығындарды азайтудың қандай жолдары бар? 

Жауап: Қымбат заттарды сатып алудың орнына басқа балама нұсқаларды іздеңіз, өйткені балалар үшін ең бастысы сіздің көңіліңіз бен назарыңыз маңызды екенін ұмытпаңыз. Достармен киім және ойыншық алмасуға, қаланың тегін шаралары мен мерекелеріне қатысуға болады. Сонымен қатар саябаққа барып, пикник жасау кафеге барудан да қызық болуы мүмкін. 

 

Сұрақ: Егер бюджет шектеулі болса, балалардың болашағына ақша жинауды қалай бастау керек? 

Жауап: Ақша жинауды бастаудың ең тиімді жолы — оны бюджеттің ауыртпалығын сездірмейтіндей ету. Home Credit Bank-те тиімді мөлшерлемесі бар және толықтыру мүмкіндігін ұсынатын депозит таңдаңыз. Содан кейін мобильді қосымшада өзіңізге ыңғайлы, шағын соманы автоматты түрде осы шотқа аудару функциясын қосыңыз. Сонда ол пайдалы қаржылық әдетке айналып, сіз оны мүлдем сезбейсіз. 

 

Сұрақ: Қаржыны ретке келтіру үшін өзіңізді қатты шектеу керек пе? 

Жауап: Жоқ, қаржыны ретке келтіру үшін қатты үнемдеу қажет емес. Егер шығындарды дұрыс жоспарласаңыз, сатып алуларды саналы түрде жасасаңыз және home.kz ұсынатын ыңғайлы банк қызметтерін пайдалансаңыз, қаржылық қаупсіздік қорын құру да, болашаққа сенімділікпен қарау да мүмкін болады. 

image
Ксения Гамзулина

Танымал өнімдер мен қызметтер