Жарияланды 06.08.2024
Жаңартылды 14.05.2026
10 минут
Қаржы пирамидасы — бұл инвесторлар компанияның пайдасынан емес, жаңа инвесторлардың салымдарынан кіріс алатын схема.
Пирамида қалай жұмыс істейтінін қарастрайық. Ең жоғарғы жағында — оның ұйымдастырушысы. Ол салымшыларды шақыртып, оларға жоғары табыс табатынына уәде береді. Қатысушылар пирамидаға салған ақша оның қалтасына түседі. Салымшылар басқа қатысушыларды шақырып, пирамида өседі. Жаңа инвесторлардың салымдары бір саты жоғары тұрған адамдар үшін табысқа айналады. Бірақ егер инвесторлар келуді тоқтатса, пирамида құлайды.
Қаржы пирамидаларының танымал болуының себебі неде? Бірнеше себеп бар:
Мұндай схеманың табыс көзі ашық болатын нақты инвестицияға ешқандай қатысы жоқ. Мысалы, егер сіз ақшаны банкке пайызбен салсаңыз, қаржы ұйымы бұл ақшаны кіріс алу үшін пайдаланады: кредит береді, қор биржасынан бағалы қағаздарды сатып алады. Нәтижесінде бәрі пайда көреді: банк даму үшін ақша тартады, ал салымшы өз салымдарынан пайда алады.
Пирамида тек оның мүшелерінің жарналарымен жұмыс істейді: мұндай компанияларда әдетте нақты бизнес немесе табыс әкелетін активтер болмайды. Сондықтан пирамиданы ұйымдастыру бұл заң бойынша қылмыс болып табылады және алаяқтыққа жатады.
Сізге аз инвестициямен және қысқа мерзімде үлкен ақша табу ұсынылды делік. Ұсыныс сізді қызықтырады, солай емес пе? Бірақ бұның қаншалықты шын екенін қарастырайық.
«Рога и копыта» компаниясы барлық адамдарға белгілі бір инновациялық жобадан ақша табуды ұсынады және айына 100% жоғары табысты уәде етеді. Схема өте қарапайым:
Баланста 15 млн ₸ қалады, оларды келесі салымшыларға төлеуге болады.
Мұндай компания көбінесе жарнамалар мен таныстар арқылы жаңа салымшыларды шақырту схемасына сүйенеді: пайда тапқан инвесторлар достарына бір айда өз капиталын екі есеге арттырғанын айтады. Нәтижесінде «Рога и копыта» компаниясына көп адамдар ақша салады.
Бір қарағанда, схема жұмыс істейтін сияқты болып көрінеді. Бірақ пирамида жаңа салымшылардан түсетін қаражат компанияның салымшыларға төлеуге тиісті ақша сомасынан бірнеше есе көп болған кезде ғана әрекет етеді. Жаңа салымшылардың жарналары пайыздарды төлеу шығындарынан кем болатын сәт келген кезде, пирамида құлап, адамдардың көбісі өз ақшаларын жоғалтады.
Пирамида бәрібір құлдырайды, дегенмен кейбіреулер содан пайда табады. Бұл адамдардың қатарына:
Табыс аламын деп ойламаңыздар. Пирамиданың құлдырау уақытын болжау мүмкін емес. Сондықтан олардан әрқашан аулақ болу қажет.
Біз қаржы пирамидасының классикалық мысалын қарастырдық. Бірақ іс жүзінде олардың түрлері көп. Мысалы:
🔺Бір деңгейлі. Мұнда да салымшылар жаңа қатысушылардың жарналарынан пайда табады. Бірақ адамдарды ұйымдастырушының өзі іздейді. Сондықтан барлық қатысушылар тең болады.
🔺Көп деңгейлі. Мұндай компанияларда қатысушылардың өздері жаңа адамдарды өздерінің достары, туыстары, ата-аналары арасында іздеп алып келеді. Пирамидалардың бұл түрінде иерархия бар: әр қатысушы белгілі бір деңгейде болады және өзінен төмен орналасқан салымшылардың жарналарынан табыс алады. Деңгей неғұрлым жоғары болса, табыс соғұрлым көп болады.
🔺 Матрицалық — бұл жаңа және ең күрделі схема. Мұнда матрицада қатысушылардың белгілі бір саны болуы тиіс. Әрбір қатысушы бастапқы жарна жасап, матрицаның толтырылуын күтеді. Матрица толтырылғаннан кейін барлық қатысушылар бонустар алып, келесі деңгейге өтеді.
Көбінесе пирамидалар жоғары кірісті инвестициялық жоба болып көрінеді. Олар бағалы қағаздарды сатып алуды, криптовалютаға, жылжымайтын мүлікке немесе жоғары кірісті бизнеске инвестиция салуды ұсынады. Бірақ ол шындыққа сәйкес келмейді.
Қаржы пирамидаларының басшылары өте алғыр болып келеді. Олардың кейбіреулерін атап өтейік.
🤑 Чарльз Понци — бірінші пирамиданың негізін қалаушы. 20 ғасырдың басында ол инвесторларға 45 күн ішінде 50% табыс әкелемін деп уәде беріп, пошта купондарын айырбастау компаниясын бастады. Бірақ іс жүзінде ол алғашқы қатысушыларға табыс төлеу үшін жаңа қатысушыларды іздеумен айналысты. Нәтижесінде пирамида құлап, ол сотталып, түрмеге түсті.
🤑 Бернард Мэдофф — әйгілі американдық қаржыгер, өзінің инвестициялық компаниясын 1960 жылы бастады. Уақыт өте келе ол Уолл-стриттегі ең құрметті адамдардың біріне айналды. Мэдофф клиенттерге тұрақты әрі жоғары кірістер ұсынып, оған мыңдаған инвесторлар, соның ішінде қайырымдылық қорлары, корпорациялар және атақты адамдар жүгінген болатын. Ал ол болса, Понци схемасын қолданып, басқа инвесторлар салған ақшадан дивидендтерді төлеп отырған. 2008 жылы пирамида құлап, Мэдофф 150 жылға бас бостандығынан айырылды.
🤑 «МММ» — 1994 жылы Сергей Мавроди негізін қалаған Ресей мен ТМД елдеріндегі ең танымал қаржы пирамидасы. Компания ай сайынғы кіріс 1000% болады деп жаңа салымшыларды шақырды. Сонымен қатар компания акцияларды шығарып, олардың бағамы күн сайын өскен болатын. Алты айда акция құны 127 есе өсіп, пирамида құлап, миллиондаған салымшылар өз ақшаларын жоғалтты.
🤑 Finico — Ресейде құрылған, бірақ көптеген елдерде, соның ішінде Қазақстанда жұмыс істеген, пайда алудың автоматтандырылған жүйесі. Компания басшылары ол биржада криптовалютамен, доллармен, мұнаймен айланысып ақша табады деп айтқан, ал салымшыларға күніне 1-5% пайыз пайда түседі деп уәде берген. Компанияда рефералды бағдарлама болды. «Лидерлерге» әрбір жаңа қатысушының алғашқы жарнасынан 5% төленді. 2020 жылы компания клиенттерге төлемдер жасауды тоқтатты. Қазақстан Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Финико» компаниясын қаржы пирамидасы деп таныды. Қазақстандық инвесторлардың шығыны 1,8 млн $ және 630 млн ₸ құрады.
Пирамиданы сенімді компаниядан көптеген белгілері бойынша ажыратуға болады. Қазақстан Ұлттық Банкі сенімсіз компанияның келесі белгілерін айқындайды:
Пирамидалардың жұмысы туралы нақты ақпарат жоқ. Ұйымдастырушылар да оны дұрыстап түсіндірмейді. Олар салымшыларға психологиялық қысым жасайды. Олар ұсыныс уақыты шектеулі, сондықтан осы мүмкіндікті жіберіп алмас үшін дәл қазір ақша салып үлгеру керек деп айтады. Жарналар тек қолма-қол ақшамен, жеке тұлғаның шотына немесе электрондық әмиянға қабылданады. Бірақ сіз бұл сөздерге сенбеңіздер. Компания туралы ақпарат жинап көріңіз.
Егер қаржы пирамидасы құлдыраса, ақшаны қайтару қиын болады. Бірақ оны қайтарып көру керек. Бұл жағдайда не істеу керек:
Қазақстанда қаржы пирамидаларын құру — бұл қылмыстық құқық бұзушылық. Жауапкершілікті тек пирамида басшылары ғана емес, оны жарнамалаған, презентацияға қатысқан адамдар да көтереді. ҚР Заңы бойынша пирамидаға қатысы бар барлық адамдарға үлкен айыппұлдар салынып, олар тіпті 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Құқық қорғау органдарына неғұрлым тез жүгінсеңіз, ақшаңызды қайтару мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.
Жинақ ақшаңызды арттырып, пассивті табыс көзін іздесеңіз, сақ болыңыз:
Егер сіз бұрын инвестициялаумен айланыспасаңыз, Home Credit Bank ұсынатын қауіпсіз және кепілдендірілген табысы бар қаржы құралдарын пайдаланыңыз:
- Депозиттер. Армандарыңызға 16,7%-ға дейінгі жоғары мөлшерлемемен ақша жинаңыз. - Депозиттік сертификаттар. Сертификатты сатып алып, 17,9%-ға дейін дейін табыс алыңыз. Сыйақыны күн сайын банк картасына алуға болады.
|