Жарияланды 25.04.2024
Жаңартылды 04.05.2026
5 минут
Капиталдандырылған салымдар бойынша сыйақы депозит сомасына ғана емес, сонымен қатар пайыздарға да есептеледі. Бұл күрделі пайыз деп аталады.
Мысал. Омар банкегі шотына 3 жылға 100 000 ₸ салды. Шот бойынша жылдық сыйақы капиталдандыру 15%-ды құрайды. Оның табысы:
бірінші жылы: 100 000 + 15% = 115 000 ₸,
екінші жылы: 115 000 + 15% = 132 250 ₸,
үшінші жылы: 132 250 + 15% = 152 088 ₸.
Егер Омар ақшаны сол шарттармен, бірақ капиталдандырусыз салса, онда есептеу үшін біз қарапайым пайыздық формуланы қолданар едік. Яғни, пайда салым мерзіміне қарамастан бастапқы салынған сомаға ғана есептелетін еді.
Омардың капиталдандыру жоқ салым бойынша табысы:
бірінші жылы: 100 000 + 15% = 115 000 ₸,
екінші жылы: (100 000 + 15%) + бірінші жыл үшін түскен 15 000 = 130 000 ₸,
үшінші жылы: (100 000 + 15%) + өткен жылдар үшін түскен 30 000 = 145 000 ₸.
Капиталдандыру жоқ салым бойынша табыс 7 088 теңгеге аз болып шығады. Капиталдандыру түрлері
Капиталдандыру түрі пайыздың есептелу жиілігіне байланысты болады:
Жалпы ереже: пайыздар неғұрлым жиі есептелсе, табыс соғұрлым жоғары болады.
Home Credit Bank-те капиталдандыру барлық депозиттер бойынша күнделікті түрде есептеледі.
Сыйақы келесі формула бойынша номиналды мөлшерлеме негізінде есептеледі:
мұндағы: A — пайыздар қосылған сома,
P — бастапқыда салынған сома.
r — салым бойынша есептелген пайыздар.
n — пайданың жылына есептелу саны, мысалы, күнделікті капиталдандыру үшін — 365, ай сайынғы капиталдандыру үшін — 12 рет.
t — салым мерзімі (жыл), мысалы, бір жыл үшін — бұл 1, ал 6 ай үшін — 0,5 болады.
Home Credit Bank-тің «Сберегательный Хоум Плюс» депозитінен түсетін пайданы есептеп көрейік: 500 000 ₸ сомасын пайыздар күн сайын есептелетін, номиналды мөлшерлеме 15,27% болатын, СЖТМ 16,5%-бен 6 айға депозитке саламыз.
Есептейік:
Күнделікті есептелетін пайыздарды Банктің қосымшасында бақылаңыз. Капиталдандырудың түрлері бойынша пайыздарды есептеу туралы біздің басқа мақаламыздан толығырақ біліңіз.
Home Credit Bank-те депозиттердің төрт түрі бар. Кірісті калькулятор арқылы есептеуге болады. Ол үшін тек салым сомасын және мерзімін таңдау қажет. Кіріс автоматты түрде есептеледі.
✅Капиталдандырылған депозиттер тиімді болып табылады. Сондай-ақ, мұндай пассивті кіріс ақшаны инфляциядан сақтай алады: пайыздарды капиталдандырудан түскен қосымша пайда капиталдың құнсыздануын өтейді.
❌Есептелген пайыздарды алуға немесе жаратуға болмайды. Оған қоса, банк шарт бойынша салым сомасы мен мерзіміне шектеу қоюы мүмкін.
Кейде салымшыға ақша ертерек қажет болуы мүмкін. Сондықтан шартта салымды мерзімінен бұрын жабудың қандай шарттары жазылғанына назар аударған жөн.
|