Депозитте қандай сома болуы қажет және одан қалай пайда алуға болады?
Қазір қазақстандық банктер әртүрлі карталарды ұсынады. Олардың әрқайсысы белгілі бір мақсаттар мен клиенттерге арналған. Мысалы, премиалды карталар арқылы тек жоғары кешбэк ғана емес, сондай-ақ қосымша қызметтерді алуға болады. HomeCredit Bank-тің Tau (Visa Infinite) картасын қарастырайық.
Төмен кіру шегі
Премиалды қызмет көрсетуге қол жеткізу үшін кейбір банктер депозиттерде ондаған миллион теңгенің және карта бойынша белгілі бір сомаға операциялардың болуын талап етеді. Лимит жоғары болғандықтан, премиалды қызмет көрсетуге ие болатын қазақстандықтардың саны айтарлықтай төмен болады. Home Credit Bank-тің лимиті өте жоғары емес. Tau картасын ресімдеу үшін банктің қосымшасы арқылы жылдық 18%-бен 15 млн теңгеге депозит ашу немесе жылдық 7%-бен банктің долларлық облигацияларын сатып алу ғана қажет. Сонымен қатар салым бойынша сыйақы күн сайын есептеледі. Оған қоса нарықта теңгелік бөлшек салымдар бойынша мөлшерлемелер көбінесе жылдық 14-14,5%-ды, ал долларлық салымдар бойынша 1%-ды құрайды.
Сондықтан карта көптеген адамдарға қолжетімді болып табылады. Картаны ашу және оған қызмет көрсету тегін. Бұл карта арқылы айына 300 млн теңгеге дейін әлемнің кез келген банкоматынан тегін алуға болады. Сондай-ақ кез келген қазақстандық банк картасына ақша аудару үшін комиссия жоқ.
Тиімді кешбэк
Бұл карта бойынша 5% жоғары кешбэк алуға болады. Төлемдерді интернет-дүкенде де офлайн да жасауға болады. Мысалы, 1 млн теңге жұмсап, 50 мың теңге пайда табуға болады.
Жеке менеджер 24/7
Банкте 15 млн теңгеден бастап депозит ашып немесе облигацияларды сатып алғаннан кейін клиентке жеке менеджер белгіленеді. Ол аударым операциялары, қолма-қол ақша алу, шоттарды басқару, кредит ресімдеу және т.б. кез келген мәселелер бойынша қолдау көрсетеді.
Tau карталарының иелері тәулік бойы қолжетімді қолдау қызметіне ие болады. Мысалы, карта иесі АҚШ-та немесе Жапонияда болса, ол уақытқа қарамай, Қазақстандағы жеке менеджеріне кез келген уақытта хабарласа алады. HCB премиалды карталарының иелеріне бекітілген
жеке менеджерлер банк саласында кем дегенде 5 жыл бойы жұмыс істеп жатыр. Банк оларды арнайы осы жұмысқа дайындайды. Оладың банк саласындағы тәжірибесі ғана емес, сондай-ақ клиенттермен қарым-қатынас жасау мен қиын мәселелерді шешу дағдылары бар. Жеке менеджердер қауіпсіздік және банктік құпия мәселелері бойынша тексеруден және нұсқаулықтан өтеді.
Tau карталарының иелеріне қолжетімді тағы бір артықшылық: жеке менеджер инвестициялық портфельді қалыптастырудың жеке стратегиясын таңдауға көмектесе алады. Ол активтер мен инвестициялық портфельді әртараптандыру жөніндегі сұрақтар бойынша кеңес беруі мүмкін. Ол максималды пайда алудың құралдарын таңдап, табысыңызды арттыруға көмектеседі.
Менеджермен жеке кездесуге де болады.
Консьерж қызметі
Tau карталарының иелеріне консьерж қызметі қолжетімді. Ол үшін мессенджерлер және телефон арқылы алты тілде байланысуға болады. Консьерж қызметі тәулік бойы жұмыс жасап, сүйікті тағамды жеткізуден бастап, костюмді тазалап беруге дейін сияқты мәселелерді шешуде көмектеседі. Консьерж қызметі арқылы қажетті билеттерді, мекенжайларды, мейрамханалардың телефондарын және ойын-сауық шараларын табуға болады. Такси шақыруды, мейрамханада үстелді брондауды, көлікті немесе пәтерді жалға алуды ұмытып қалсаңыз немесе бағаж жоғалтып алсаңыз да консьерж қызметіне жүгінуге болады.
Бүкіл отбасын сақтандыру
Тағы бір маңызды артықшылық – карта иесі 5 адамға дейін сақтандыра алады. Медициналық сақтандыру тұрғылықты елде де, одан тыс жерлерде де әрекет етеді. Мысалы, егер сіз шетелде жалға алынған көлікпен апатқа ұшырасаңыз және сізге медициналық көмек немесе тіпті ауруханаға жатқызу қажет болса, полис бұл шығындарды өтейді. Егер сақтандыру жағдайы Қазақстанда орын алса, полис медициналық шығындарды да, өткізіп алған рейске, багажға қатысты шығындарды өтейді,
Lounge Key, Fast Track
Әдетте кәсіпкерлер көп саяхаттайды. Саяхаттауды ыңғайлы ету үшін Tau карталарының иелері бүкіл әлем бойынша Lounge key бағдарламасы бойынша әуежайлардың бизнес-залдарына тегін бара алады. Онда демалып, ыстық шай немесе кофе ішуге болады.
Әуежайларда тезірек өту үшін Tau карталарының иелеріне Fast Track процедурасы қолжетімді. Fast Track арқылы уақыт үнемдеп, рейске тезірек өтуге болады. Прайм-клиенттері үшін багажды орау тегін болады.
Home Credit Bank картасын ресімдеуге өтінімді осында толтыруға болады.
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 17.08.2022 ж. №1.2.36/40 лицензия.