Home Credit Bank-тің Home.kz жаңа қосымшасында Kaspi QR арқылы төлем функциясы пайда болды. Енді Қазақстан бойынша 700 мыңнан астам төлем қабылдау нүктесі біздің қосымшамызда қолжетімді. Home Credit Bank Қазақстан Республикасының ЕДБ арасынан бірінші болып Kaspi төлем жүйесіне қосылды. Осы операциялар үшін алғашқы үш айда банк төлем соманың 1% мөлшерінде кепілдендірілген кешбэк есептейді.
Home.kz қосымшасы арқылы Kaspi QR орнатылған сауда нүктелерінде төлем жасауға болады.
«Маусым айында біз бөлшек сауда клиенттеріне арналған жаңа қосымшаны іске қостық. Қосышма арқылы күнделікті қаржылық операцияларды оңай түрде жасауға болады. Ал клиенттерімізге одан да ыңғайлы болу үшін біздің карталарымен жасалатын төлемдерді Kaspi QR қызметімен байланыстырдық. Біз өз клиенттерімізге транзакциялық қызметтердің кең таңдауын ұсынамыз - бүгінгі таңда Home Credit Bank карталарымен Apple pay/ Google pay / Samsung pay/ Garmin pay арқылы төлем жасауға болады. Енді бұл тізімге қазақстандық финтех компаниясының қызметі қосылды. Kaspi өз жүйесін басқа банктерге қолжетімді етуде. Біз оған бірінші болып қосылдық. Мұндай серіктестік цифрлық банкингті дамыта отырып, төлемнің ыңғайлылығы мен клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыруға мүмкіндік береді. Home.kz қосымшасы пайдаланушылар үшін қолжетімді. Қосымшаны жүктеп, бізге баға беріңіз», – деп айтты Home Credit Bank басқарма төрағасы Кирил Бачваров.
Жаңа төлем әдісі тек Home.kz жаңа қосымшасында қолжетімді. Ол үшін қосымшаның басты бетінде Kaspi QR «белгішесін» таңдап, QR-кодты сканерлеп, «төлеу» батырмасын басу керек.
Төлем әдістерінің көбеюіне қарамастан, банк басқа банктердің терминалдары арқылы төлем жасау кезінде жоғары кешбек есептейді: Home Card карталары бойынша 5%-ға дейін, Home Card Lite карталары бойынша 10%-ға дейін. Ал Kaspi QR арқылы төлей отырып, Home Credit Bank клиенттері қызметті пайдаланудың алғашқы 3 айында барлық сатып алулардан 1% кешбэк алады.
Биылғы жылы Home Credit Bank жеке тұлғаларға арналған Home.kz жаңа цифрлық банкін іске қосып, онлайн қызмет көрсету саласын айтарлықтай дамытты. Қосымшаны әзірлеу кезінде клиенттердің пікірлері есепке алынды. Қарапайым интерфейс және банктің барлық өнімдері мен қызметтеріне қолжетімділік клиенттерге қаржыны ыңғайлы түрде басқаруға мүмкіндік береді. Home.kz қосымшасында кредит ресімдеуге, ақша аударуға, коммуналдық және басқа да қызметтерді төлеуге, депозиттер мен банктік депозиттік сертификаттарды, долларлық облигацияларды, ыңғайлы кредит және дебет карталарын ашуға, валюта айырбастауға және анықтамалар алуға болады. Барлық операциялар айтарлықтай жеңілдетілген - қосымшаны Android және iOS үшін жүктеп алып, ыңғайлы онлайн банкингті пайдаланыңыз.
Home Credit Bank - Қазақстандағы жалғыз еуропалық банк (PPF Group). 1 шілдеде банктің активтері жылдың бірінші жартыжылдығында 102 млрд теңгеге ұлғайып, 905 млрд теңгені құрады. Осы уақыт ішінде банктің несиелік портфелі 93 млрд теңгеге өсті, яғни қазір 707 млрд теңгені құрайды 2024 жылдың маусым айының қорытындысы бойынша клиенттер (жеке және заңды тұлғалардың) салымдарының көлемі 433 млрд теңгені құрады, бұл сома жыл басындағы сомадан 68 млрд теңгеге артық.