«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (бұдан әрі - Қор) жеке тұлғалардың депозиттері бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемелерін реттеуге өту мақсатында «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның ішкі нормативтік құжаттарға өзгерістер мен толықтыруларды бекітті. Бекітілген өзгерістерге сәйкес 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке тұлғалардың салымдары бойынша 14% мөлшеріндегі ең жоғары сыйақы мөлшерлемелері Қордың Директорлар кеңесі бекіткендей және депозиттерге кепілдік беру жүйесінде ұсынылатын қатысушы банктерде сыйақы номиналды мөлшерлемелері болмайды, ал жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемелері (бұдан әрі - ЖТСМ) болады. Осылайша сыйақыны күн сайын капиталдандыру қарастырылған ұлттық валютадағы салым бойынша сыйақының номиналды мөлшерлемесі бір жыл ішіндегі 360 күн есебінен салымды нақты сақтау мерзімі үшін қандай да бір қосымша есептеусіз шарттың әрекет ету мерзімі шеңберінде ЖТСМ 14%-ды құраған кезде 12,9%-ды құрайды.
2016 жылғы 25 қарашадан 2016 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғандағы кезеңде жасалынған «Қарапайым» (Отбасы) өнімі бойынша банк салымы шарттарының (бұдан әрі - банк салымы шарттары) талаптарына сәйкес егер Банкте ашылған салымшының жинақ шотына бастапқы жарнаны енгізу күнінде жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ ұсынған ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі банк салымы шартында бекітілген мөлшерлемеден төмен болса, салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ ұсынатын жеке тұлғалардың жаңадан тартылған депозиттері бойынша ең жоғары сыйақы мөлшерлемесі көлемінде бекітіледі. Сыйақының жаңадан тартылған мөлшерлемесіне сәйкес есептелген шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесі туралы ақпарат Банктің веб-сайтында жарияланады және банк салымы шартының ажырамас бөлігі болып табылады.
Жоғарыда мазмұндалған ақпараттың негізінде осы арқылы «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ банк салымы шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің өзгертілгендігі туралы хабарлайды. Өзгерістер 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап Банкке бастапқы жарна түскен сәттен бастап әрекет етеді. Көрсетілген банк салымы шарттары бойынша сыйақы мөлшерлемесі 2017 жылғы 01 қаңтардан бастап жылына 12,9% мөлшерінде бекітіледі, бұл ретте шынайы, жылдық, тиімді, салыстырмалы есептеудегі сыйақы мөлшерлемесі 14%-ды құрайды.