1. Басты бет
  2. Пресс орталық
  3. Жаңалықтар
  4. 18 ай және 24 ай мерзімге «Простой» депозиті бойынша салымдар тоқтатылатыны туралы хабарлама

Жарияланды 31.01.2024

Жаңартылды 04.06.2026

2017 жылғы 3 сәуірден бастап Банк 18 ай және 24 ай мерзімге «Простой» депозиті бойынша салымдарды қабылдауды тоқтататынын хабарлаймыз. Осы өнім бойынша жоғарыда көрсетілген күнге дейін жасалған шарттар банктік салым шартына сәйкес салым мерзімі аяқталғанға дейін не оны бұзған күнге дейін қолданылады. 18 ай және 24 ай мерзімді құрайтын «Простой» депозиті бойынша салымдарды автоматты түрде ұзарту кезінде номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 12,9%, СЖТМ 14% құрайды.

Сондай-ақ, 2017 жылғы 3 сәуірден бастап «Простой» депозиттік өнімі бойынша салымның максималды сомасы 10 000 000 теңге мөлшерінде белгіленетінін хабарлаймыз. Өзгеріс 2017 жылғы 3 сәуірден бастап ашылған салымдарға қолданылады.

Банк салымның максималды сомасынан асатын сомаға сыйақы есептемеуге құқылы екенін ескеруіңізді сұраймыз.