Global money week - 2017 шарасына қатысу

Бөлісу

МЕКТЕПТЕРДІ 
3-9 сәуір аралығында өтетін балалар мен жастар арасындағы қаржылық сауаттылықты арттыру жөніндегі дүниежүзілік апта
 — «Global Money Week-2017» ғаламат шарасына қатысуға шақырамыз. Бұл халықаралық іс-шара әлемнің 130 - дан астам елін қамтиды және сенімді әрі жауапты қаржылық болашақ үшін болашақ ұрпақтың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Қазақстан осы ауқымды іс-шараның белсенді қатысушысы болып табылады. Ұлттық банк, KASE және Банк Хоум Кредит сияқты ұйымдар 4 жыл қатарынан осы қозғалыс шеңберінде балалар мен жастарға арналған іс-шараларды өткізіп келеді.
Банк Хоум Кредит әзірлеген бірегей бағдарлама бойынша 
Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Жезқазған, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент
қалаларында 5-7 сынып оқушыларына арналған қаржылық сауаттылық бойынша семинарлар өткізіледі. Оқушылар өмірде қолдана алатын қаржылық сауаттылық негіздері бойынша баға жетпес білім алады. Балалардың ақшаға деген көзқарасын дұрыс қалыптастыруға, оны жедел қажеттіліктерді қанағаттандыру құралы ретінде емес, болашақта табысын көбейтіп, өмірді жақсарту құралы ретінде қарауға көмектеседі.
Сіздің мектебіңізге келуіміз үшін не істеу қажет?

Қатысу үшін келесі сілтемеге өтіңіз: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSczn9kkQ3Po98GfcT4MKjwbbNv3SbAyoqZys1xZsuaY47fp0Q/viewform 
Мектеп директорымен іс-шараға қатысуға келісіңіз 
Назар аударыңыз: орындар саны шектеулі. Бағдарламаға бірінші болып өтінім берген әрбір қаладағы 5 мектеп қатыса алады.
 

 

06.03.2017

Бөлісу

Басқа мақалалар

Home Credit Bank клиенттер мен бизнес үшін Бірыңғай QR мүмкіндіктерін кеңейтуде

Банк клиенттері бірыңғай банкаралық жүйеге қатысушы банктердің QR-кодтары арқылы төлем жасай алады,

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.30.06.2026 ж. № 16/2026 хаттамаға сәйкес Банктік қызмет

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 27 Өзгерістер мен толықтырулар.15/2026 от 12.06.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының