Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ теңгелік облигацияларына сұраныс ұсыныстан асып түсті

Бөлісу

2017 жылғы 30 мамырда «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ – нің (бұдан әрі - Банк) жалпы номиналды көлемі 10 миллиард теңгеге дейінгі табыстылықпен жылдық 15% купон мөлшерлемесімен үш жылдық облигациясы сәтті орналастырылды. KASE сауда-саттық жүйесінде мамандандырылған сауда өткізілді.

Сауда-саттық барысында облигацияларға сұраныс ұсыныстан асып түсті, өтінімдер кітабы қайта жазылды. Облигацияларды өтегенге дейінгі жиынтық кірістілік жылдық 15% - ды құрады.

Ұсынылған облигациялар қазіргі уақытта теңгедегі ең тартымды инвестициялар болып табылатындықтан, инвесторлар Банктің облигацияларына айтарлықтай қызығушылық танытты. Сауда қорытындылары бойынша Банк Хоум Кредит облигацияларын ұстаушылар коммерциялық банктер, қор нарығының кәсіби қатысушылары, сақтандыру компаниялары, жеке және институционалдық инвесторлар болды.

Шығарылымның ұйымдастырушылары «Цесна Капитал» АҚ және «BCC Invest» АҚ болды, олар 2017 жылдың сәуір және мамыр айларында Астана мен Алматыда Инвесторларды тарту үшін роуд-шоуды сәтті өткізді.

 
 

 
 

Анықтама:

«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ – 1997 жылы Чехияда құрылған Халықаралық Хоум Кредит тобына кіретін заманауи және қарқынды дамып келе жатқан бөлшек банк.

Банктің рейтингі: Fitch Ratings-тен тұрақты болжаммен «B+», ұлттық рейтинг «kzBBB».

ҚР банктері арасында банк активтерінің табыстылық көрсеткіштерінің мәні бойынша көшбасшы. Банк 2016 жылдың қорытындысы бойынша депозиттер өсімі бойынша ҚР банктері арасында ТОП 2-ге кіреді (сала бойынша орташа есеппен 19%-бен 90%); кредиттік портфель 22% - ға ұлғайды.

Банк клиенттері - 3 миллионнан астам қазақстандық, бұл елдің экономикалық белсенді халқының үштен бірін құрайды.

 
 

«Цесна Капитал» АҚ - Бас кеңсесі Астанада орналасқан капиталдандыру бойынша қазақстандық ірі инвестициялық компаниялардың бірі. «Цесна Банк» АҚ 100% еншілес компаниясы.

Қор нарығында 12 жылдық жұмыс тәжірибесі бар компания қазақстандық және халықаралық бағалы қағаздар нарығында инвестициялау және қаржыландыруды тарту бойынша шын мәнінде инновациялық өнім желісін ұсынады.

 
 

«BCC Invest» АҚ («БанкЦентрКредит» АҚ ЕҰ) – Қазақстандағы алғашқы инвестициялық банктердің бірі болып табылады және бағалы қағаздардың жергілікті нарығында жетекші орын алады. 2016 жылдың нәтижелері бойынша компания «Қазақстан қор биржасы» АҚ-ның: корпоративтік облигациялар нарығында «Нарық көшбасшысы» және «Жыл маркет-мейкері» екі жүлдесіне ие болды. «BCC Invest» АҚ RAEX Рейтингтік агенттігінен (РА сарапшысы) «А++» деңгейінде компанияның ең жоғары сенімділік рейтингісіне ие болды.

30.05.2017

Бөлісу

Басқа мақалалар

«Оңай Плюс» жаңа депозиті

2025 жылдың 1 шілдесінен бастап құбылмалы мөлшерлемесі бар «Оңай Плюс» депозиті ашылады. Оның

2025 жылғы 15 шілдеден бастап жеке кәсіпкерлерге арналған бизнес карталар бойынша тарифтер өзгереді

2025 жылғы 15 шілдеден бастап жеке кәсіпкерлерге арналған бизнес-карталар бойынша банкоматтан

«Home Credit Bank» АҚ акцияларын 100% «ForteBank» Акционерлік Қоғамына сатылуы туралы келісімге қол жеткізілгенін хабарлайды

Алматы, 2025 жылғы 27 маусым«Home Credit Bank» АҚ Қазақстандағы «Home Credit Bank» АҚ-ның 100%