PPF және Home Credit Иван Тырышкин бастаған жеке инвесторлар тобына өздерінің ресейлік банктік активтері мен еншілес компанияларын сату туралы келісімге қол қойғанын хабарлады.
Иван Тырышкин РТС Қор биржасының бас директоры ретінде Ресейдің қазіргі заманғы қаржы нарықтарының негіздерін қалыптастыруда маңызды рөл атқарды. Иван инвестор болып, бірқатар танымал ресейлік финтех-компанияларды дамытып отырды, ол СПБ биржасының негізін қалаушылардың бірі. Қазіргі уақытта Иван Тырышкин СПБ биржасының директорлар кеңесін басқарады, сонымен қатар оның ең ірі акционерлерінің бірі болып табылады. СПБ биржасы – бұл Ресейдегі жария сауда-саттықпен айналысатын жетекші финтех алаңдарының бірі.
Мәміле аясында қазақстандық Home Credit банкі, «Хоум Кредит энд Финанс Банк» ЖШҚ (ХКФБ) еншілес компаниясы кейіннен PPF және Home Credit акционерлеріне, сондай-ақ таңдаулы топ-менеджерлеріне сатылатын болады.
Мәміле Ресей мен Қазақстандағы Home Credit қызметкерлері мен клиенттері үшін бизнестің үздіксіздігін қамтамасыз ету мақсатында реттелген және құрылымдалған түрде жүргізілетін болады.
Компаниялар туралы ақпарат
PPF Group 25 елде қызмет көрсетеді, ол қаржылық қызметтер, телекоммуникация, медиа, биотехнология, жылжымайтын мүлік пен инжиниринг сияқты түрлі салаларға инвестиция салады. PPF тобының қолжетімділігі Еуропадан Солтүстік Америкаға және бүкіл Азияға таралады. Топ активтерінің сомасы 40,3 млрд еуро, бүкіл әлем бойынша 80 000 қызметкері бар (2021 жылғы 30 маусым).
Home Credit Group
1997 жылы құрылған Home Credit Group тұтынушылық кредиттеу нарығындағы жаһандық деңгейдегі ойыншы болып табылады. Ол әлемнің 9 елінде, оның ішінде Орталық және Шығыс Еуропа, ТМД, Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде, Қытай мен Үндістанда қызмет көрсетеді. Компанияның штаб-пәтері Прага қаласында (Чехия) орналасқан. Ол мақсатты кепілсіз кредиттеуге, ақшалай кредиттеуге маманданған, жаңартпалы кредит өнімдерін онлайн, сондай-ақ серіктестердің бөлшек сауда дүкендерінде ұсынады. Топтың қызметі халықтың қаржылық қызметтерге қолжетімділігін арттырып, ынталандырады, ішкі тұтынуды қолдау есебінен экономикалық дамуға ықпал етеді.
Банк Хоум Кредит
«Хоум Кредит энд Финанс Банк» ЖШҚ [Эксперт РА ruA-, АКРА А(RU)] – Ресей мен Қазақстанда бөлшек банктік қызметтерді ұсынуға маманданған. Банктің клиенттік базасы - 36 миллионнан астам адам. Банктік өнімдер 100 мыңнан астам сату нүктелерінде ұсынылған. Банктің қызметін әрбір үшінші орыс отбасы пайдаланады. Банк Ресей нарығында бірінші болып әлеуметтік желіде бөліп төлеу қызметін іске қосты. Мобильді қосымша мен кредитке онлайн-өтінім Markswebb рейтингі бойынша үздіктердің қатарына кіреді. Жаңа инвесторды тарту Банктің технологиялылығын одан әрі арттыруға және клиенттерге ең заманауи қызметтерді ұсынуға ықпал ететін болады.
Байланыс ақпараты
Leoš Rousek Toby Doman
Head of PPF Group Communications Home Credit Group Head of Communications
T +420 224 174 214 T +852 6266 8345
media@ppf.eu toby.doman@homecredit.asia