Home Credit Bank Костанайдағы Жедел жәрдем қызметкерлеріне 614 дана униформа табыстады

Бөлісу

Қостанай облысының жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне арнайы униформа салтанатты түрде табысталды. Іс-шараға Home Credit Bank басшылығы мен Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысты. Банк медицина қызметкерлеріне жалпы құны 28,5 млн теңге сомасына 614 дана арнайы жылы униформаны сыйға тартты. Осылайша фельдшерлер мен жүргізушілер бүкіл маусымға арналған жаңа ыңғайлы формамен қамтамасыз етілді. Униформа жиынтығына поло футболка, шалбар, жылы флис кофта, алынатын жеңдері бар күртке және бейсболка кіреді.  

Іс-шараға медициналық қызметкерлер, жедел жәрдем тобының бас дәрігері, Денсаулық сақтау басқармасы мен қала әкімдігінің өкілдері, сондай-ақ банктің басшылығы мен қызметкерлері қатысты. Форманы табыстау Home Credit Bank-тің 20 жылдық мерейтойына арналған «Көмектесуге қуаныштымыз» әлеуметтік жобасының жалғасы болды.

«Home Credit Bank бұл жобаны пандемиядан кейін медицина қызметкерлеріне алғыс білдіру мақсатында іске қосты. Бүгінгі таңда бұл бастама үлкен сұранысқа ие, сондықтан банк оны жалғастырып келеді. Екі жыл ішінде осы жоба аясында Алматы мен Астана Жедел жәрдем станцияларына барлық маусымға арналған жалпы құны 187,5 млн теңге сомасына 8000-нан астам сапалы форма жиынтықтары табысталды. Қостанай облысының да осы әлеуметтік жобаның құрамына қосылуы біз үшін үлкен мақтаныш.   «Біз үшін жедел жәрдем қызметкерлерінің өздерін жайлы сезінуі маңызды, себебі қазақстандықтардың өмірі солардың қолында»,деді Қостанай қаласындағы Home Credit Bank филиалының директоры Максим Басов.

«Қостанай облыстық медициналық кезек күттірмейтін жедел жәрдем станциясы» КММ бас дәрігерінің м.а. Олег Мелешенко жаңа форма ұжым үшін үлкен мәнге ие екенін атап өтті: «Бұл жай ғана жұмыс киімі емес, бұл ыңғайлылық пен қауіпсіздіктің, өмірін тәуекелге тігіп, борышын атқарып жүрген медицина қызметкерлеріне деген қоғам қамқорлығының белгісі. Home Credit Bank-ке көрсеткен қолдауы үшін алғыс айтамыз. Сапалы формалар махаббатпен жасалған, сондықтан біздің фельдшерлер мен жүргізушілер оларды бірден ұнатты. Медицина қызметкерлері үшін униформаның сапасы маңызды, себебі олар біздің өңір тұрғындарының өмірін құтқару миссиясын орындайды.

Қостанай облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Доспанов Ерболат Сардарбекұлы: «Қостанай облыстық жедел жәрдем станциясы — бұл өңірді толық қамтитын 6 қалалық және 17 ауылдық бөлімшеден тұратын желі.» Күн сайын 56 бригада 103 желісі бойынша жұмыс істейді. Олар кез келген ауа райында және облыстың кез келген нүктесіне — қалалық ауданнан ең шалғай ауылдарға дейін шығуға дайын. Қызмет штатында шамамен 700 адам бар, олардың әрқайсысы жоғары қарқынмен жұмыс істейді, өйткені станция орташа есеппен тәулігіне мыңға дейін және одан да көп қоңырау қабылдайды!  Шұғыл көмек, құтқарылған жандар, шексіз сабыр мен жанашырлық — бұның бәрі қызметкерлердің ерең еңбегі. Қостанай облысы тұрғындарының денсаулығы үшін жедел жәрдем сенімді тірек пен қорған болып табылады».

Анықтама: 

Home Credit Bank медициналық мекемелерге тұрақты түрде көрсетіп жатқан қолдауы үшін Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан алғыс хат алған болатын. Марапаттау Altyn Shipager-2025 салтанатты рәсімінде өтті. Аталған шарада банк еліміздің медицина қызметкерлері мен денсаулық сақтау жүйесін қолдауға елеулі үлес қосып жүрген әлеуметтік серіктес ретінде танылды

29.09.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

Welcome Bonus: жаңа депозитті немесе депозиттік сертификатты ашу үшін бонус алыңыз

2026 жылғы 16 ақпаннан 30 сәуірге дейін депозитті немесе депозиттік сертификатты ашу үшін Welcome

2026 жылғы 31 қаңтардан бастап депозиттік сертификатқа енгізілетін өзгерістер

2025 жылғы 31 қаңтардан бастап депозиттік сертификат бойынша сыйақы мөлшерлемелері

Қаңтардағы техникалық жұмыстар

2026 жылғы 30 қаңтарда сағат 00.00 - 04.00 аралығында жоспарланған техникалық жұмыстар жүргізілетін