Банк Хоум Кредит өз клиенттеріне қолдау көрсету бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырады

Бөлісу

Банк Хоум Кредит өз клиенттеріне қолдау көрсету бағдарламасын жүзеге асыруды жалғастырады
Банк Хоум Кредит — отбасылық банк. Біздің Банк клиенттер мен олардың отбасыларына қамқорлық жасау міндетін алға қояды.
ҚР аумағында енгізілген ТЖ режимі клиенттеріміздің, жалпы ҚР азаматтарының қаржылық жағдайына кері әсер етті. Кейбір тұлғалардың тұрақты алатын қаражаты қысқарса, енді біреулер ақысыз демалысқа шығуға мәжбүр болды. Жұмысынан айырылған тұлғалар да жетерлік.
Осы қиын кезеңде Банк клиенттері мен олардың отбасыларына қолдау көрсету үшін біз ТЖ режимі аяқталғаннан кейін де 2020 жылғы 11 мамырдан бастап 2020 жылғы 15 маусымға дейінгі кезеңде айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептемеуді шештік.
Қабылданған шаралар клиенттеріміздің борыш жүктемесін жеңілдетуге көмектеседі деп сенеміз. Мұның арқасында олар қалыпты өмірге тезірек орала алады.
Клиенттерге 2020 жылғы 16 наурыздан 15 маусымға дейінгі кезеңде төлемдердің мерзімі өткізілген жағдайда банктік қарыз шарттары бойынша негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдар есептелмейді.
Бұл ретте Банкке жүгінудің қажеті жоқ. Банк барлығын өз тарапынан орындайды.
Назар аударыңыз:
*Төлем мерзімі өткізілген жағдайда кредитті жеңілдікті өтеу талаптары (акциялық төлемдер және т.б.) сақталмайды, сонымен қатар төлем мерзімін өткізіп алу әрекеті сіздің кредиттік тарихыңызға теріс әсер етеді.
* Бұл шарттар төлем мерзімін ұзартқан (кредит демалыстарын ресімдеген) клиенттерге қолданылмайды.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!⠀

24.05.2020

Бөлісу

Басқа мақалалар

Home Credit Bank клиенттер мен бизнес үшін Бірыңғай QR мүмкіндіктерін кеңейтуде

Банк клиенттері бірыңғай банкаралық жүйеге қатысушы банктердің QR-кодтары арқылы төлем жасай алады,

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.30.06.2026 ж. № 16/2026 хаттамаға сәйкес Банктік қызмет

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 27 Өзгерістер мен толықтырулар.15/2026 от 12.06.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының