Техникалық ақау түзетілді

Бөлісу

Құрметті клиенттер, қайырлы таң!

 

Қазіргі уақытта техникалық ақау түзетілді және банктің барлық қызметтері тұрақты жұмыс істейтінін хабарлаймыз.

Банктің Call Center-іне қоңырау шалу кезіндегі ақаулар жойылды.

 

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және шыдамдылық пен түсіністік танытқаныңыз үшін алғыс білдіреміз.

 

Бүгін бүкіл Қазақстан бойынша банк бөлімшелері 09:00-ден 18:00-ге дейін, сауда орталықтарындағы бөлімшелер сауда орталығының жұмыс режиміне сәйкес жұмыс істейтін болады. 29 қыркүйек, жұма күні қолма-қол ақша алуға тапсырыс берген барлық клиенттер оларды бүгін ала алады.

 

Бұрын уәде етілгендей, біз клиенттерімізге дебеттік карталарына - Home Card және Home Card Lite кешірім ретінде 1000 теңге бонус есептейміз. Бонустарды алу үшін банктің филиалдарына, Call Center-ге 7373 нөмірі бойынша хабарласа аласыз немесе банктің мобильді қосымшасында қолдау көрсету чатына жаза аласыз.

 

Кеше сервистердің қолжетімсіздігі себебінен өз кредиттері бойынша төлемдерді орындай алмаған клиенттер мұны банк тарапынан айыппұлсыз жасай алады.

 

Егер сізде сұрақтар туындаса немесе қосымша көмек қажет болса, біз әрқашан көмектесуге дайынбыз. Банктің Call Center-і тәулік бойы жұмыс істейді, 24/7.

 

Құрметпен, сіздің Home Credit Bank.

30.09.2023

Бөлісу

Басқа мақалалар

Home Credit Bank клиенттер мен бизнес үшін Бірыңғай QR мүмкіндіктерін кеңейтуде

Банк клиенттері бірыңғай банкаралық жүйеге қатысушы банктердің QR-кодтары арқылы төлем жасай алады,

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.30.06.2026 ж. № 16/2026 хаттамаға сәйкес Банктік қызмет

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 27 Өзгерістер мен толықтырулар.15/2026 от 12.06.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының