«Home Credit Bank — банк онлайн» қосымшасы 20 қаңтардан бастап жұмысын тоқтатады

Бөлісу

Home Credit Bank қызметтерін пайдалану үшін App Store, Google Play немесе AppGallery-ден Home.kz жаңа қосымшасын жүктеңіз. Егер қажетті функциялар болмаса немесе қате тапсаңыз, бізге WhatsApp-қа жазыңыз, келесі жаңартуларда оны түзетеміз.


Home.kz жаңа қосымшасында қауіпсіздік деңгейі артып, келесі жаңа функциялар мен қызметтер қосылды:

  • Kaspi QR арқылы төлеу;
  • Мемлекеттік қызметтер: онлайн құжаттар, анықтамалар мен 250 нысанын тапсыру;
  • «Акциялар», «Серіктестер» және «Жаңалықтар» бөлімдері;
  • Özen бөліп төлеу картасын ресімдеу;
  • Құпия сөзді енгізбей кіру;
  • Негізгі экранды баптау;
  • Негізгі экранға жылдам әрекеттер;
  • Қараңғы режим;
  • Депозит бойынша жинақтардың болжамы;
  • «Төлемдер» бөлімінде жаңа жеткізушілер;
  • Телефон нөмірі арқылы жылдам аударым жасау.


Ескі қосымшада жетіспеген функциялар қосылды:

  • Долларлық облигацияларды ашу;
  • IBAN нөмірі бойынша аударым жасау;
  • Картаны онлайн жабу;
  • Өнімдер бойынша құжаттар мен анықтамалар;
  • Кредитті басқа банктердің карталары арқылы төлеу;
  • Депозит ашу үшін бонустық шот.


Клиенттердің сұрауы бойынша келесі функциялар қосылды:

  • Kaspi QR арқылы вендингтер мен көлік тұрақтары үшін төлеу;
  • Кредиттік есеп;
  • 250 нысаны;
  • Айыппұлдарды төлеу;
  • eGov порталынан анықтамалар.


Жаңа қосымшаны смартфонға қалай жүктеуге болады:

  1. Смартфоннан App Store, Google Play немесе AppGallery дүкенін ашыңыз;
  2. Іздеу жолағына Home.kz деп жазыңыз; 
  3. Home.kz қызыл белгішесін тауып, «Жүктеу» батырмасын басыңыз; 
  4. Home.kz қосымшасына кіріп, тіркеуден өтіңіз

13.01.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.30.06.2026 ж. № 16/2026 хаттамаға сәйкес Банктік қызмет

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 27 Өзгерістер мен толықтырулар.15/2026 от 12.06.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының

2026 жылғы 23 маусымнан бастап ағымдағы шоттардан ақша алу комиссияларының өзгеруі

2026 жылғы 23 маусымнан бастап ағымдағы шоттардан ақша алу үшін комиссиялар