Депозитке 10% мөлшерінде сыйлықақы

Бөлісу

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының Үкіметімен бірлесіп, бюджет қаражаты есебінен жеке тұлғалардың депозиттері (мерзімді және жинақ депозиттері) бойынша өтемақыны (сыйлықақыны) есептеуді көздейтін Теңгелік салымдарды қорғау бағдарламасын іске асыратын болады. 

Сыйлықақы 23.02.2022 ж.жағдай бойынша депозит сомасының 10% мөлшерінде 1 рет есептеледі. Бір адамға арналған сыйлықақы лимиті - 2 млн. теңге.

Сыйлықақыны алу үшін депозитті оның мерзімі аяқталғанға дейін және кемінде 12 ай, яғни 2023 жылғы 24 ақпанға дейін сақтау қажет.

Мерзімі ұзартылмайтын депозит салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында банк олардың сыйлықақы алуы үшін 23.02.2022 жылы қолданыста болған депозиттердің мерзімін автоматты түрде ұзарту туралы шешім қабылдады. Барлық депозиттерді ұзарту 26.02.2022 жылдан басталады. Егер салымшы өз депозитінің мерзімін ұзартқысы келмеген жағдайда - салым мерзімі аяқталатынкүнге дейін 7979 нөмірі бойынша байланыс орталығына жүгінуіне, өтінішті Банктің сайтына немесе банктің жақын жердегі бөлімшесіне жіберуіне немесе салым аяқталған күні Банктің мобильді қосымшасындағы депозитті жабуына болады.

Толық ақпарат Үкімет пен Ұлттық Банк тиісті нормативтік актілерді әзірлеп, қабылдағаннан кейін ұсынылатын болады. Жаңалықтарымызды бақылай жүріңіз.

 

25.02.2022

Бөлісу

Басқа мақалалар

Home Credit Bank инвесторлардың сенімін растай отырып, 5 жылға 5 млрд теңге көлемінде қаражат тартты

«Home Credit Bank» АҚ («ForteBank» АҚ ЕБ) ұлттық валютада 5 млрд теңге сомасына 5 жыл мерзімге

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 25 Өзгерістер мен толықтырулар.2/2026 от 14.01.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.13.02.2026 ж. № 5(з) хаттамаға сәйкес Банктік қызмет