Жарияланды 08.02.2024
Жаңартылды 04.06.2026
«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ Директорлар кеңесінің шешімімен Басқарма Төрағасы лауазымына 2022 жылғы 4 сәуірден бастап Кирил Бачваров тағайындалды, ол бұған дейін 2 жыл Банктің қаржы директоры және 6 жыл маркетинг және стратегия директоры болып қызмет атқарған.
Кирил Бачваров:
«Мен Директорлар кеңесі мен бүкіл командаға маған сенім білдіргендері үшін алғыс айтамын.
Биылғы жылы біздің Банк 17-ге толады. Осы кезең ішінде біз өте қызықты қызмет жолынан өттік. Банк өсіп, нарықта өз орнын тапты.
Бүгінгі таңда біз кредит беру саласындағы көшбасшылардың қатарындамыз. Соңғы бірнеше жыл ішінде мобильді қосымшамыздың бірегей экожүйесін сәтті құрдық.
Клиенттеріміз біздің дебет және кредит карталарымызды белсенді пайдаланып жатқанын көргенде, көкірегімді қуаныш сезімі кернейді. Клиенттерге арналған олардың болашаққа деген сенімін арттыратын біздің таптырмас инвестициялық өнімдеріміз – мен үшін үлкен жетістік және мақтаныш.
Клиенттеріміз бен серіктестерімізге олардың адалдығы, сенімі мен таңдауы үшін тағы да алғыс айтамын».
Хоум Кредит тобының басшысы Жан-Паскаль Дювесар жаңа Басқарма Төрағасының тағайындалуы туралы өз ойымен бөлісті:
«Кирил Банкке мүлдем жаңа идеялар әкеліп, бизнестегі бай тәжірибесіне сүйене отырып, қаржыны басқару функциясын басқа перспективадан көре алды. Оның Банк Хоум Кредит басқарманың жаңа төрағасы ретінде клиенттік тәжірибені терең түсініп, клиентке деген фокусы - біздің стратегиялық мақсаттарымызға қол жеткізу үшін барлық қажетті мүмкіндіктерді туғызды».
Кирил Бачваров бұл лауазымға 2018 жылдан бастап Банкті басқарған Карел Горактың орнына келді.
Өмірбаяны:
Бачваров Кирил Атанасов 1973 жылы Болгарияда дүниеге келген
Кәсіби жолы