Банк Хоум Кредит пен AVIATA.kz ұсынған Қазақстан нарығы үшін жаңа бірегей қызмет 2016 жылдың қарашасында қол жетімді болды.
Банк Хоум Кредит деректері бойынша жыл сайын қазақстандықтардың 30% - дан астамы тұтынушылық қажеттіліктерге, соның ішінде саяхатқа кредит ресімдейді. Авиабилеттерді онлайн кредиттеу қызметі бүгінгі күні аса өзекті, өйткені бұл қызметті үйден / офистен шықпай-ақ жедел ресімдеуге, сондай-ақ төлемді кейінге қалдыра отырып және ең төменгі артық төлеммен авиабилет сатып алуға болады.
Төрт компания — Aviata.kz билеттерді онлайн брондау қызметі, Банк Хоум Кредит, Trust Insurance сақтандыру компаниясы және Mega Insurance сақтандыру агенттігі бірлесе отырып халықаралық және ішкі бағыттарға авиабилет сатып алу қызметін іске қосты.
Қызметтің техникалық іске қосылуы өтті. Билеттерді Aviata.kz сайтында кредитке алуға болады. Кредит беру қызметі Алматы қаласынан ұшып шығатын және құны 20 мың теңгеден басталатын халықаралық және ішкі бағыттарға билет сатып алу үшін қолданылады. Кредит талаптары бойынша 12 ай ішінде әуе билеті құнын төлеуге болады.
«Әуе билеттерінің құны сапар шығындарының көп бөлігін құрайды. Шығындарды есептеп, көптеген адамдар сапардан бас тартады. Бірақ егер осы сома 6-12 ай ішінде төленсе, сапар әлдеқайда қол жетімді болып көрінеді. Бастапқыда біз қызметті халықаралық бағыттарға арнадық. Алайда, тест апталығының нәтижелері бойынша ішкі нарыққа деген қызығушылықты көрдік. Қазіргі уақытта Aviata.kz ай сайын 30 мыңға жуық авиабилет сатады. Жыл соңына дейін саяхат индустриясы үшін белсенді маусымның басталуын ескере отырып, біз кредитке 5 мыңға жуық авиабилет сатуды күтеміз», - дейді жоба туралы Aviata.kz даму жөніндегі директоры Алексей Ли.
Клиентке авиабилетті кредитке ресімдеу үшін Aviata.kz сайтында өтінім қалдыра отырып, ұшу бағыты мен күнін таңдау жеткілікті. Бұдан әрі өтінім қажетті рәсімнен өтіп, Банктің мақұлдауын алады. Содан кейін құжаттарға қол қою үшін курьер клиентке шығады. Халықаралық рейстерге авиабилеттерді сатып алу кезінде кредит қызметі шетелге шығушыларды сақтандыруды да қамтиды. Сақтандыру бойынша серіктестер «Trust Insurance сақтандыру компаниясы» АҚ және Mega Insurance сақтандыру агенттігі болып табылады.
«Trust Insurance сақтандыру компаниясы» АҚ кредит беру қызметі шеңберінде ұсынатын туристерді сақтандыру бағдарламасы аурумен және жазатайым оқиғаларға байланысты тәуекелдерді қамтиды, оның ішіне багажды сақтандыру, сапарды кейінге қалдыруға байланысты шығыстарды сақтандыру, шетелге шығу кезінде сапарды кешіктіруге байланысты шығыстарды сақтандыру, шетелде саяхаттау кезінде азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру кіреді.
Анықтама үшін:
Банк Хуом Кредит туралы.
«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ әлемнің 10 еліндегі тұтынушылық кредиттеу нарығының көшбасшыларының бірі болып табылатын «Хоум Кредит» халықаралық тобына кіреді. Бүкіл әлем бойынша Хоум Кредит клиенттерінің жалпы саны 65 млн. адамнан асты. 10 жыл ішінде Қазақстанда Банк 2,5 млн-нан астам адамға қызмет көрсетті. Берілген кредиттердің жалпы сомасы 500 млрд. теңгеден асты. Әрбір үшінші клиент Банкке қайта оралады. Банк Хоум Кредит тек теңгемен және жеке тұлғаларға ғана кредит берумен маманданады. Хоум Кредит тобының стратегиялық бағыты жауапты және қауіпсіз кредиттеу және халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру болып табылады.
Лицензия 11.01.2016 ж. № 1.2.36/40, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті ұсынған.
Aviata.kz компаниясы туралы
Aviata.kz сервисі Қазақстандағы авиабилеттерді онлайн брондау нарығының көшбасшысы болып табылады. 2014 жылы Aviata.kz Қазақстан бойынша теміржол билеттерін онлайн сатуды бастады.
Award.kz ұлттық интернет премиясының нәтижесі бойынша «Жыл компаниясы-2014» атағына ие болды. Ал 2015 жылдан бастап сервис Forbes Қазақстанның жыл сайынғы «50 ірі интернет-компания» ренкингіне кіреді, осы жылы 8 позицияға көтеріліп, рейтингтің 7-ші орнына ие болды.
2016 жылғы маусымнан бастап компания ай сайын 30 мың әуе билеттерін сатады. Қазіргі уақытта компанияда 60-тан астам адам жұмыс істейді.
Mega Insurance сақтандыру агенттігі туралы.
Mega Insurance агенттігі - бұл әртүрлі компаниялардың сақтандыру өнімдерінің шарттарын бір жерде салыстыруға және сатып алуды онлайн ресімдеуге мүмкіндік беретін сервис. Бұдан басқа, компания сақтандыру өнімдерін барынша қысқа мерзімде клиенттің қолына жедел жеткізеді.
Агенттік 2016 жылдың басынан бері жұмыс істейді, сервистің стратегиялық серіктесі «Trust Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ болып табылады.
«Trust Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ туралы.
Компания 2009 жылғы 09 маусымда құрылды, ҚР Ұлттық Банкі берген № 2.1.51 сақтандырудың ерікті түрлері бойынша «жалпы сақтандыру» саласында сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар.
«Trust Insurance» сақтандыру компаниясы» АҚ - тұрақтылық пен сенімділікті сәтті үйлестіретін кәсіби сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымы. Компания ішкі, сондай-ақ халықаралық сақтандыру және қайта сақтандыру нарықтарында жұмыс істейді. Компания республикамыздың аумағындағы ірі сақтандыру ұйымдарымен тығыз қарым-қатынас орнатқан, сондай-ақ ірі халықаралық қайта сақтандыру брокерлерімен бұрыннан бері серіктестік қарым-қатынаста болған.