Кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру

Бөлісу

ҚР аумағында төтенше жағдайдың (ТЖ) енгізілуіне байланысты Банк 2022 жылғы 5 қаңтарға дейін ресімделген кредиттер бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсынатынын хабарлайды.

ТЖ кезінде зардап шеккен клиенттер 2022 жылғы 5 қаңтардан бастап 5 сәуірге дейінгі кезеңде кредит бойынша төлемдерін күнтізбелік 90 күнге дейінгі мерзімге кейінге қалдыра алады.

Төлемді кейінге қалдыру үшін ТЖ енгізумен байланысты қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын кез келген құжатты қоса бере отырып, еркін нысанда өтініш жіберу қажет.

Өтініштер 4 сәуірге дейін (қоса алғанда) қабылданады. Қарау мерзімі 10 жұмыс күні.

Қандай құжаттар қажет?

  • Өтініш және ТЖ-ға байланысты қаржылық жағдайдың нашарлағанын растайтын кез келген құжат (залал фактісін растайтын сурет/бейне, табыстың жоғалу фактісін растайтын жұмыс орнынан анықтама, ауруханадан анықтама және т.б.).

Банк өтінішті растайтын құжаттарсыз қарайды ма?

  • Өтініштер жеке-жеке қарастырылады, сондықтан кез келген құжатты ұсынуды сұраймыз. 

Кейінге қалдыру кезеңінде сыйақы есептеледі ме?

  • Кейінге қалдыру кезеңі үшін Банк сыйақы ұстайды (шарт бойынша номиналды мөлшерлемені негізге ала отырып). Кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру төлемдердің жаңа кестесін белгілеу арқылы беріледі (төлемдер саны ұлғаяды, бұл ретте ай сайынғы төлем сомасы өзгеріссіз қалады). Кейінге қалдыру кезеңі үшін есептелген сыйақы сомасы соңғы төлеммен/төлемдермен есептелетін болады.

Өтінішті беру тәсілдері:

  • Home Credit Bank Kazakhstan мобильді қосымшасындағы чат арқылы.
  • WhatsApp: +7 771 724 12 40 нөмірі бойынша.
  • client@homecredit.kz электрондық поштасына өтініш жіберу арқылы.
  • Банк бөлімшесінде. Коронавирустың таралуын алдын алу мақсатында және Сіздің қауіпсіздігіңіз үшін Банк бөлімшесіне бармастан өтінішті онлайн режимінде беруді сұраймыз.

Толық ақпарат 7979 және +7 727 2445477 нөмірлері бойынша қолжетімді.

27.01.2022

Бөлісу

Басқа мақалалар

Басқа банктерде ақша шешіп алу комиссияларының 2026 жылғы 15 мамырдан бастап өзгеруі

2026 жылғы 15 мамырдан бастап Arna және Home Card өнімдері бойынша басқа банктердің банкоматтарында

2026 жылғы 30 сәуірден бастап «Оңай», «Пошталық» депозиттер бойынша енгізілетін өзгерістер

2026 жылғы 30 сәуірден бастап «Оңай» депозитін 13 ай жаңа мерзімге ашуға болады.Сонымен қатар

Welcome Bonus акциясы ұзартылды

Welcome Bonus акциясының мерзімі 31 шілдеге дейін ұзартылды. Бонус депозитті немесе депозиттік