Жарияланды 05.02.2024
Жаңартылды 04.06.2026
ҚР аумағында төтенше жағдайдың (ТЖ) енгізілуіне байланысты Банк клиенттерге кредит бойынша төлемдерді кейінге қалдыру мүмкіндігін ұсынады.
Төтенше жағдай кезінде қиын қаржылық жағдайға тап болған немесе залал келтірілген клиенттер кредит бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыра алады.
Төлемді кейінге қалдыру үшін мерзімін ұзарту себебін көрсете отырып, еркін нысандағы өтінішті және қаржылық жағдайының нашарлау фактісін растайтын кез келген құжатты қоса жолдау керек. Өтініштер 31 қаңтарға дейін қабылданады. Қарау мерзімі 10 жұмыс күні.
Өтініштерді беру тәсілдері:
1. Қандай құжаттар қажет?
Өтініш және қаржылық жағдайының нашарлағанын растайтын кез келген құжат (келтірілген залал фактісін растайтын суреттер/бейне, жұмыс орны ұсынған табысының жоғалу фактісін растайтын анықтама, ауруханадан анықтама және т.б.).
2. Банк өтінішті растайтын құжаттарсыз қарайды ма?
Өтініштер жеке-жеке қарастырылады, сондықтан Сізден ТЖ кезінде қаржылық жағдайыңыздың нашарлағанын немесе келтірілген залал фактісін растайтын кез келген құжатты ұсынуды сұраймыз.
3. Кейінге қалдыру кезеңінде сыйақы есептеледі ме?
Банк кейінге қалдыру кезеңінде сыйақы ұстайды (шарт бойынша номиналды мөлшерлемеге сәйкес есептелген).
Егер Банкте Сіздің қаржылық жағдайыңыздың нашарламағанын куәландыратын ақпарат болса, Банк төлем мерзімін кейінге қалдырудан бас тарта алады.
Толық ақпарат 7979 және +7 (727) 2445477 нөмірлері бойынша қолжетімді.