Клиенттер кейде шатасып, кез келген картаны кредит картасы деп атайды

Бөлісу

Екі карточканың айырмашылығы неде? Осы тақырыпты талдайық. Ең бастысы – карточкаға кімнің ақшасы салынғанын түсіну.

Егер Сіз жеке қаражатыңызды салсаңыз – бұл дебет карточкасы. Банкте шотыңыз болса, Сізге «дебет карточкасы» беріледі, Сіз оны өзіңіз толықтырасыз. Дүкендерде, интернетте, кез келген жерде төлем жасауға арналған. Төлем карточкадағы қалдық сомаға байланысты жасалады.

Егер банктің ақшасы болса (кредиттік лимит) – бұл кредит карточкасы. Мұндай карточкадағы ақшаны белгілі бір талаптарды сақтай отырып, пайдалануға болады: мысалы, Сіз отбасы мүшелерімен «шопинг» жасап, кредит карточкасымен төлем жасадыңыз, енді Сізге жұмсалған ақшаны карточкаға қайтару қажет.

Карточканың қай түрі тиімді екенін Сіз өзіңіз шешесіз. Бұл Сіздің мақсаттарыңызға байланысты.

02.03.2023

Бөлісу

Басқа мақалалар

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.30.06.2026 ж. № 16/2026 хаттамаға сәйкес Банктік қызмет

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 27 Өзгерістер мен толықтырулар.15/2026 от 12.06.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының

2026 жылғы 23 маусымнан бастап ағымдағы шоттардан ақша алу комиссияларының өзгеруі

2026 жылғы 23 маусымнан бастап ағымдағы шоттардан ақша алу үшін комиссиялар