Абайлаңыз! Алаяқтар сіздің банктік деректеріңізге көз салды!

Бөлісу

Зиянкестер қазақстандық банк клиенттерінің сенімін пайдалана отырып, банк карталарының деректерін электрондық пошта арқылы алуға тырысады.
Осы аптада бірқатар қазақстандық банктердің қауіпсіздік қызметтері қылмыстық мақсатта клиенттердің жеке банктік деректерін заңсыз алу әрекетін анықтады. Өздерін банк қызметкерлері деп таныстыратын алаяқтар қазақстандықтарға төлем карталарында көрсетілген деректерді — карта иесінің атын, қолданылу мерзімін және қорғаныс кодын хабарлауды талап ететін хаттарды электрондық пошта арқылы жібереді. Электрондық хаттарды жіберу кезінде алаяқтар нақты жөнелтушінің поштасының доменін қазақстандық банктердің домендік аттарымен ауыстырады, мысалы — @kaspi.kz, @eubank.kz, @homecredit.kz немесе @centercredit.kz.

Назар аударыңыз: банктер клиенттерден төлем карталарының деректерін электрондық пошта арқылы сұрамайды! Бұл ақпарат банктік құпия туралы заңмен қорғалатын ақпарат санатына жатады.

Егер Сіз банктен төлем картасының деректерін көрсете отырып нысанды толтыруды немесе өзге құпия ақпаратты ұсынуды талап ететін электрондық хабарлама алсаңыз, оған жауап бермеңіз.

Алаяқтарға алданып, жеке деректерін ұсынған клиенттер Банкке жүгініп, картаны бұғаттауы қажет.

Kaspi Bank клиенттері Kaspi.kz сайтында немесе 9999 нөміріне қоңырау шалу арқылы картаны лезде бұғаттай алады. Мұны қалай жасауға болатыны туралы толығырақ ақпаратты мына бейне-роликтен қараңыз: youtu.be/UG-CpV39nBM

Еуразиялық Банк клиенттері 7722 тегін нөміріне қоңырау шала отырып немесе Smartbank интернет-банкингі арқылы картаны бірден бұғаттай алады. Бұл функция мобильді қосымшада да бар.

Банк Хоум Кредит клиенттері 7373 нөміріне қоңырау шалу арқылы өз карточкаларын бұғаттай алады.

БанкЦентрКредит клиенттері «Starbanking» жүйесінің мобильді және web-қосымшасы, сондай-ақ 7 (727) 2 447 777 телефон нөмірі бойынша авторизациялау орталығына хабарласу арқылы картаны бұғаттай алады.

21.04.2016

Бөлісу

Басқа мақалалар

2026 жылғы 20 сәуірден бастап бөлшек сауда арнасында АҚШ долларындағы дисконттық облигацияларды сату басталады

2026 жылғы 20 сәуірден бастап АҚШ долларындағы ISIN KZQ000000348 дисконттық облигацияларын сату

2026 жылғы 18 сәуірден бастап депозиттер бойынша енгізілетін өзгерістер

2026 жылғы 18 сәуірден бастап ҚР ҚНРДА Басқармасының 2026 жылғы 3 сәуірдегі «Қарыздар мен салымдар

Халықаралық аударымдар сервисі қалпына келтірілді

Құрметті клиенттер! Home.kz мобильді қосымшасында халықаралық аударымдар жасау мүмкіндігі