Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Қазақстандағы Банк Хоум Кредит акционерлердің ауысқаны туралы хабарлайды

Бөлісу

Бүгін Қазақстандағы Банк Хоум Кредит акционерлердің ауысқаны туралы хабарлады: Банктің акциялар пакетінің 75%-ын Иржи Шмейц бастаған PPF халықаралық инвестициялық-қаржы корпорациясының топ-менеджменті сатып алды, Ресейдегі «Хоум Кредит энд Финанс Банк» ЖШҚ үлесі 25%-ға дейін кеміді. Қазақстандағы Банк Хоум Кредиттің акционерлері құрамында Ресей банкінің қатысуын азайту жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады.

 

Иржи Шмейц – кәсіпкер, ол Чехияның Forbes тізімінде 13-орынға жайғасты, 2022 жылдың 15 маусымынан бастап Home Credit тобын иеленетін PPF халықаралық инвестициялық-қаржы холдингінің СЕО қызметіне кіріседі. Бұған дейін хабарланғандай, PPF холдингі мен Home Credit тобы өздерінің ресейлік банктік активтері мен еншілес компанияларын сатқаны туралы хабарлады.

 

Компаниялар туралы ақпарат

PPF Group 25 елде қызмет көрсетеді, ол қаржылық қызметтер, телекоммуникация, медиа, биотехнология, жылжымайтын мүлік пен инжиниринг сияқты түрлі салаларға инвестиция салады. PPF тобының қолжетімділігі Еуропадан Солтүстік Америкаға және бүкіл Азияға таралады. Топ активтерінің сомасы 40,3 млрд еуро, бүкіл әлем бойынша 80 000 қызметкері бар (2021 жылғы 30 маусым). Бас кеңсесі Прага (Чехия) қаласында орналасқан.

Банк Хоум Кредит Қазақстан туралы

Банк Хоум Кредит 2005 жылдан бастап Қазақстанда жұмыс істейді. 17 жыл ішінде 5 млн-нан астам адам Банктің клиенттері болды. Клиенттердің белсенді базасы 1,5 млн адамды құрайды, олардың 90%-дан астамы кем дегенде 2 банктік өнімді пайдаланады. Банктің қаржылық көрсеткіштері қаржылық тұрақтылықты, сондай-ақ тиімді басқаруды көрсетеді: атап айтқанда, 2021 жылы таза пайда 31,5 млрд теңгені құрады, бұл көрсеткіш 2020 жылмен салыстырғанда 35%-ға артты. Банктің депозиттері де өткен жылы 41%-ға ұлғайып, 2022 жылғы 1 наурыздағы дерФектер бойынша 204 млрд теңгеден асты. Банктің NPL90+ деңгейі 4,91%-ды құрайды, бұл Қазақстандағы банк жүйесіндегі ең төмен көрсеткіштердің бірі болып табылады. Банк Хоум Кредит Қазақстан бизнес тиімділігінің ең жоғары көрсеткіштерінің бірін көрсетеді: активтердің рентабельділігі (ROA) бойынша секторда үшінші орында – 5,94%, меншікті капиталдың рентабельділік  көрсеткіші (ROE) 2022 жылғы 1 наурызда 25,07%-ды құрады

25.05.2022

Бөлісу

Басқа мақалалар

2025 жылғы 9 мамырдан бастап депозиттер бойынша өзгерістер енгізіледі

2025 жылғы 9 мамырдан бастап депозиттер бойынша мөлшерлемелер өзгереді:АтауыМерзімі (ай)Номиналды

2025 жылдың 6 мамырынан бастап жаңа АҚШ долларлық дисконттық облигацияларын сату

2025 жылдың 6 мамырынан бастап  жаңа АҚШ долларлық дисконттық облигациялары сатыла

Тек тексерілген және ресми ақпаратқа ғана сеніңіз

Home Credit Bank банк сатылымы туралы тарап жатқан ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.