Home Credit Bank Шымкент қаласында жаңа филиал ашты

Бөлісу

Шымкентте Қазақстандағы жалғыз еуропалық банк — Home Credit Bank жаңа филиалының ашылуы өтті.

Соңғы бірнеше жылда банк daily banking санатында тиімді кешбэктері бар дебет карталары, ыңғайлы кредит өнімдері, тегін төлемдер мен аударымдар, 17,8% дейінгі мөлшерлемелері бар икемді депозиттер сияқты бәсекеге қабілетті қызметтерді іске қосты. Нарықтағы ең үздік OZEN бөліп төлеу картасы бүкіл әлем бойынша және интернет-дүкендерде сатып алулар жасау мүмкіндігін ұсынады. Енді серіктесті іздеудің қажеті жоқ. Сонымен қатар оның көмегімен әлемдегі кез келген банкоматтардан ақша алуға және мобильді қосымшада комиссиясыз аударымдар жасауға болады.

Осы қызметтердің бәрі енді Шымкент қаласында да қолжетімді болады. Жаңа банк бөлімшесі клиенттермен ұзақ мерзімді және тиімді қарым-қатынастарды дамытуға көмектеседі.

«Қазір көптеген қызметтерді мобильді қосымша арқылы жүзеге асыруға болады. Алайда цифрландырудың өсуіне қарамастан, клиенттер үшін көзбе-көз кездесіп кеңес алу банкті таңдау кезінде басты рөлді ойнайды. Сондықтан жеке тұлғаларға арналған онлайн шешімдермен қатар біз филиалдық желімізді де кеңейтуді жалғастырамыз. Бұл стратегия клиенттерге қызмет көрсетуді барынша икемді әрі ыңғайлы етіп, цифрлық арналар мен бөлімшелерді біріктіруге мүмкіндік береді. Клиенттер өз қалаулары бойынша операцияны онлайн жасауды немесе бөлімшеге барып кеңес алуды таңдай алады», - деп атап өтті Home Credit Bank Басқарма төрағасы Кирил Бачваров.

Қазір Қазақстанның 18 қаласында Банктің 18 филиалы мен 33 бөлімшесі бар. Шымкент қаласындағы жаңа филиалдың мекенжайы: Қонаев көшесі 15/2, Alban бизнес орталығы. Жұмыс уақыты: 9:00 - 18:00.

19.12.2023

Бөлісу

Басқа мақалалар

Басқа банктерде ақша шешіп алу комиссияларының 2026 жылғы 15 мамырдан бастап өзгеруі

2026 жылғы 15 мамырдан бастап Arna және Home Card өнімдері бойынша басқа банктердің банкоматтарында

2026 жылғы 30 сәуірден бастап «Оңай», «Пошталық» депозиттер бойынша енгізілетін өзгерістер

2026 жылғы 30 сәуірден бастап «Оңай» депозитін 13 ай жаңа мерзімге ашуға болады.Сонымен қатар

Welcome Bonus акциясы ұзартылды

Welcome Bonus акциясының мерзімі 31 шілдеге дейін ұзартылды. Бонус депозитті немесе депозиттік