1. Басты бет
  2. Пресс орталық
  3. Жаңалықтар
  4. Смартфондарға қойылатын жаңа талаптар

Жарияланды 15.05.2025

Жаңартылды 04.06.2026

Home.kz қосымшасының 1.4.2 нұсқасы тек келесі жүйелерде жұмыс істейді:

– iOS 15 және одан жоғары

– Android 9 және одан жоғары

Егер сіз ескі операциялық жүйе нұсқасын қолдансаңыз, қосымша жұмыс істемейді.

 

IPhone–да iOS нұсқасын қалай тексеруге болады:

«Баптаулар» → «Негізгі» → «Құрылғы туралы» бөлімін ашыңыз

Басқа смартфондарда Android нұсқасын қалай тексеруге болады:

«Баптаулар» → «Телефон туралы» → «БЖ туралы мәліметтер» немесе «Android нұсқасы» бөлімін ашыңыз

 

Егер телефоныңызда ескі операциялық жүйе болса, не істеу керек:

– IOS немесе Android параметрлері арқылы операциялық жүйе нұсқасын жаңартыңыз.
– Егер операциялық жүйені жаңарту мүмкін болмаса — қосымшаны Android 9 немесе iOS 15 жүйесі орнатылған басқа құрылғыда іске қосып көріңіз