Жарияланды 06.02.2024
Жаңартылды 04.06.2026
Home Credit тобының орнықты дамуы туралы есеп БҰҰ-ның Орнықты даму саласындағы 17 мақсатына сәйкес келеді де, топ жұмыс істейтін барлық 8 елді, оның ішінде Қазақстанды қамтиды.
"Геосаяси жағдайға байланысты Топ үшін бұл қиын жыл болғанына қарамастан, мен біздің компанияның белгілі бір прогреске қол жеткізгеніне және ESG мәселесін жаңа деңгейге шығарғанына қуаныштымын. Біз әлеуметтік инклюзияны нығайтуға, тұрақтылықты арттыруға және халықтың күнкөрісі төмен топтарға көмектесуге бағытталған бірнеше маңызды жобаларға кірістік. Біздің ESG саясатымыз біз жұмыс істейтін елдердегі халықтар үшін жағымды әсер ететініне сенімдіміз", – деді Home Credit халықаралық қаржы тобының бас директоры Радек Плухар, –"Сондай-ақ қаржы құралдарына қолжетімділік қаржылық сауаттылықпен қатар жүруі керек екенін білеміз. Біз клиенттеріміздің банк өнімдерін дұрыс пайдалануын түсінуіне жауаптымыз".
Home Credit халықаралық қаржы тобының 2022 жылғы Тұрақты даму туралы есебінің маңызды оқиғалары
Жауапты кредиттеу және қаржылық қолжетімділікті қамтамасыз ету:
Қызметкерлерге қатысты әділдік:
Қоғамға көмек көрсету:
Қоршаған ортаға қамқорлық:
«Home Credit Bank» АҚ Басқарма төрағасы Кирил Бачваровтыңайтуынша, «Қазақстандық Home Credit Bank топтың еншілес банктерінен қалыс қалмай, ESG қағидаттарын белсенді енгізуде. Біз бизнес-процестеріміздің бір бөлігін ESG қағидаттары жағынан қарастырып, олардың экологияға әсерін азайтамыз. Сонымен қатар, біз Қазақстанда әлеуметтік жобаларға бастамашылық жасап жатырмыз. Жедел жәрдем қызметкерлерін қолдау – күнделікті азаматтарымыздың өмірін сақтайтын дәрігерлерімізге көмек көрсетуге мүмкіндік берген жобалардың бірі. Біз өзіміздің экологиялық және әлеуметтік бастамаларымыз туралы үшінші жыл қатарынан ESG-есеп беттерінде айтып жатырмыз. Жақын арада біз қазақстандық реттеушінің қаржылық емес есептілікті ұсыну туралы талаптарына сәйкес болуға дайындалып жатырмыз. Біз өз елінің бүгіні мен болашағы туралы ойлайтын қазақстандықтардың көпшілігі үшін ESG маңыздылығын түсінеміз. Күн тәртібінде инклюзия, гендерлік теңдік, қоршаған ортаға қамқорлық және қауымдастықтарға көмектесу сияқты тақырыптар бар».
Есепті сілтеме бойынша оқуға болады (ағылшын тілінде)