«Банк Хоум Кредит» депозиттер бойынша ең жоғары мөлшерлемелерді қайта белгіледі

Бөлісу

16 наурызда Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ) теңгедегі депозиттер бойынша ұсынылатын ең жоғары мөлшерлемелерді көтерді.

Осыған байланысты «Банк Хоум Кредит» 17 наурыздан бастап депозиттік желідегі салымдар бойынша барлық мөлшерлемелерді ұлғайту туралы шешім қабылдады. «Простой» және «Почтовый Хоум» мерзімсіз депозиттер бойынша ең жоғары сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі (СЖТМ) 13%-ға, «Сберегательный Хоум+» толықтыру құқығымен жинақ депозиті бойынша — 14%-ға, «Сберегательный Хоум» толықтыру құқығынсыз жинақ депозиті бойынша — 15,5%-ға жетті.

Бұдан бұрын, 11 наурызда Банк мерзімсіз депозиттер бойынша ҚДКБҚ-ның ең жоғары ұсынылатын мөлшерлемелерінің ұлғаюына байланысты мерзімсіз салымдар бойынша СЖТМ-ді арттырды. Содан кейін пайыздық мөлшерлеме ең жоғары 12,5%-ға жетті.

«Депозиттер — Банк Хоум Кредит үшін қорландырудың негізгі көздерінің бірі». Банк тартылған салымдарды бөлшек кредиттік қызметті дамытуға жібереді. Бұл Банкке сырттан қаражат құюсыз толыққанды ұйым болуға себебін тигізеді. 2020 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Банктің депозиттік базасы банктік депозиттік сертификаттарды ескере отырып, 155,5 млрд теңгеден асады — өсім өткен жылмен салыстырғанда 19,7%-ды құрады», — деп атап өтті «Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ депозиттерді стратегиялық дамыту және транзакциялық бизнес басқармасының бастығы Гизат Заиров.

Депозиттер бойынша жаңартылған мөлшерлемелер Банктің сайтында жарияланған.

Анықтама: ҚР Ұлттық банкінің сайтында жарияланған мәліметтерге сәйкес, 2020 жылғы 1 қаңтарда банктің активтері бір жыл ішінде 15,3%-ға өсіп, 436,5 млрд теңгені құрады, кредит портфелі 23,4%-ға ұлғайды және 353,7 млрд теңге белгісінде қалыптасты. Портфельдің өсуіне қарамастан, NPL90+ 3,36%-дан 2,88%-ға дейін төмендеді. Өткен жылы Банктің меншікті капиталы төрттен бір бөлікке (26,2%) артты, ал табыс табыс салығын төлегеннен кейін Қазақстанда жұмыс істеген барлық уақыт ішінде рекордтық көрсеткішке жетті — 34 млрд теңге.

18.03.2020

Бөлісу

Басқа мақалалар

2026 жылдың 19 қаңтарынан бастап бөлшек сауда арнасында АҚШ долларындағы дисконттық облигацияларды сату басталады

2026 жылдың 19 қаңтарынан бастап АҚШ долларындағы ISIN KZX000005681 дисконттық облигацияларын сату

2026 жылғы 14 қаңтардан бастап «Жинақ Хоум+» депозиті бойынша өзгерістер енгізіледі

2026 жылғы 14 қаңтардан бастап «Жинақ Хоум+» депозиті бойынша сыйақы мөлшерлемелері

Несие қарыздарын өшіру туралы ақпарат шындыққа сәйкес емес

Әлеуметтік желілерде екінші деңгейлі банктердегі несие қарыздарын өшіру туралы тараған ақпарат