1. Басты бет
  2. Пресс орталық
  3. Жаңалықтар
  4. Home Card бойынша кешбэк

Жарияланды 12.12.2024

Жаңартылды 04.06.2026

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап, егер сізде екі немесе одан да көп Home Card картасы болса, олар бойынша жоғары кешбэк шарттары өзгереді. Мысалы: бөлімшеде ашылған бір пластикалық және қосымшада ашылған бір виртуалды карта бойынша.

Не өзгереді:

  • Жоғары кешбэк: 100 000 теңгеден басталатын қалдық үшін 2% және 500 000 теңгеден басталатын депозиттер үшін 2% қосымшада негізгі болып таңдалған бір ғана Home Card картасына есептелетін болады.
  • Егер негізгі карта Home Card болмаса немесе негізгі карта мүлдем таңдалмаса? Кешбэк өткен айда соңғы шығыс операциясы жасалған Home Card картасына есептеледі. Мысалы: коммуналдық төлем, супермаркеттегі сатып алу, ақша аудару немесе банкоматтан қолма-қол ақша алу.
  • Егер бір ай ішінде негізгі Home Card картасы басқа Home Card картасына ауысса? Кешбэк алдыңғы айдың соңында негізгі болған Home Card картасына есептеледі.

1% негізгі кешбэк барлық карталарға есептеледі.

Негізгі картаны қалай таңдауға болады:

  1. Home.kz қосымшаны ашыңыз.
  2. Басты бетте немесе «Барлық шоттар» бөлімінен картаны таңдаңыз.
  3. «Карта параметрлері» батырмасын басыңыз.
  4. «Төлемдер мен аударымдар үшін негізгі карта ретінде тағайындау» батырмасын басыңыз.