«Маған банктен хабарласып, алаяқтар менің атыма кредит ресімдейтінін айтты. Бұған жол бермеу үшін олар не істеу керектігін баяндады

Бөлісу

27 шілде күні бізге клиент (Н. 60 ж.) хабарласып, өз оқиғасымен бөлісті:

«Маған банктен хабарласып, алаяқтар менің атыма кредит ресімдейтінін айтты. Бұған жол бермеу үшін олар не істеу керектігін баяндады.

Біріншіден, AnyDesk қосымшасын жүктеу қажет болды. Әрі қарай олар Банк арқылы кредит ресімдеуді бастады: алдымен жеке куәлігімді суретке түсіруді сұрады, одан әрі қосымша арқылы өзімді суретке түсіру қажеттігі туралы сұрау келді, осы әрекеттерден кейін кредит мақұлданды деген хабарлама келіп түсті.

Олар келесі күні байланысып, кейінгі әрекеттерім туралы айтатынын жеткізді. Сол күннен ешкім менімен байланыспады.

Мен ұлымнан олардың банк қызметкерлері екенін қалай білуге болатынын сұрадым, ол маған байланыс орталығына қоңырау шалу керек деді. Байланыс орталығының қызметкерлері бұл банк қызметкерлері емес, алаяқтар екенін айтты, себебі банк қызметкерлері түрлі қосымшаларды орнатуды сұрамайды.»

Осылайша, клиенттің ақшасы жоғалды. Өкінішке орай, алдап-соғудың мұндай амалдары әлі де қолданылып келеді. Клиенттер аса сақ болуы тиіс, сонда ғана біз олардың көмегімен алаяқтарға төтеп бере аламыз

08.09.2021

Бөлісу

Басқа мақалалар

Home Credit Bank клиенттер мен бизнес үшін Бірыңғай QR мүмкіндіктерін кеңейтуде

Банк клиенттері бірыңғай банкаралық жүйеге қатысушы банктердің QR-кодтары арқылы төлем жасай алады,

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.30.06.2026 ж. № 16/2026 хаттамаға сәйкес Банктік қызмет

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 27 Өзгерістер мен толықтырулар.15/2026 от 12.06.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының