Жаңадан тартылған теңгелік депозиттер бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесінің өзгеруі

Бөлісу

Осы арқылы «Банк Хоум Кредит» Акционерлік қоғамының Еншілес банкі 2020 жылғы 17 наурыздан бастап жеке тұлғаларға арналған жаңадан тартылған теңгелік депозиттері бойынша сыйақының жылдық мөлшерлемесі өзгеретінін және төменде көрсетілгендей болатынын хабарлайды:

Депозит атауыНоминалды 
мөлшерлемесі (%)
Жылдық тиімді 
мөлшерлемесі (%)
Простой 12 ай12,2213,0
Почтовый Хоум 12 ай12,2213,0
Сберегательный Хоум+ 6 ай13,114,0
Сберегательный Хоум+ 12 ай13,114,0
Сберегательный Хоум 12 ай14,0615,1
Сберегательный Хоум 24 ай14,4115,5

Салымның өзге шарттары өзгеріссіз қалады.

 

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар:

1. Менің ағымдағы депозитім бойынша сыйақы мөлшерлемесі өзгереді ме?

Жоқ. 2020 жылғы 17 наурызға дейін ашылған салымдар бойынша мөлшерлеме банктік салым шартына сәйкес депозит мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.

Егер менің депозитімнің мерзімі аяқталуға жақын қалса, автоматты түрде ұзарту кезінде оның мөлшерлемесі қандай болады?

Салым мерзімі 2020 жылғы 17 наурыздан кейін аяқталған жағдайда, егер салымның осы түрі бойынша мерзімін ұзарту опциясы көзделсе, Сіздің депозитіңіз мерзімін ұзарту күніне әрекет ететін мөлшерлеме бойынша ұзартылады.

16.03.2020

Бөлісу

Басқа мақалалар

2026 жылғы 15 мамырдан бастап депозиттер бойынша енгізілетін өзгерістер

2026 жылғы 15 мамырдан бастап депозиттер бойынша енгізілетін өзгерістер:ДепозитМерзімі (ай)Сыйақы

«Әмбебап отбасын қорғау» сақтандыру қызметін рәсімдеу уақытша мүмкін емес

2026 жылғы 8 мамырдан бастап тауарды сатып алу кезінде онымен бірге «Әмбебап отбасын

ISIN KZX000004361 облигациялары бойынша төлем жасау

Банк 2026 жылғы 12 мамырда ұстаушыларға ISIN KZX000004361 дисконттық долларлық