«Банк Хоум Кредит» жас мамандар үшін IT саласында білім беру жобасының екінші толқынын бастайды. Онда кейіннен жұмысқа алу да көзделген

Бөлісу

«Банк Хоум Кредит» жас IT және digital-мамандары үшін HCU IT Hub авторлық оқыту және тағылымдамадан өту бағдарламасының екінші толқынын бастады. Бұл өз дағдыларыңызды шыңдауға, сондай-ақ халықаралық банктің күрделі, әрі қызықты міндеттерін шешуге ат салысуға тамаша мүмкіндік. 

Негізгі өнімдерді іске қосу процесін басқарушы, сондай-ақ 1 000 000-нан астам белсенді пайдаланушылары бар және Қазақстанның Forbes 2020 рейтингінде ТОР-3 қосымшалар қатарына кіретін банктік қосымшаны (Home Credit Bank) әзірлеуші жетекші қызметкерлерден тәлім алады. 

Курстың әрбір студенті Home Credit University сертификатын алады, ал емтихан қорытындысы бойынша үздіктер тағылымдамадан өтуші және штаттағы қызметкер ретінде Банк Хоум Кредиттің үлкен отбасына қосылады. 

Мамандар қызығушылықтары мен негізгі дағдыларына байланысты оқу бағытын өз бетінше таңдай алады:  

  • Regress Testing and Automation 

  • SAS CRM-campaigns 

  • Business Analytics 

  • Product management 

Жарқын Бекжанов, Банк Хоум Кредиттің Қызметкерлермен жұмыс жөніндегі директоры: 

«HCU IT Hub жобасының алғашқы толқыны өте жақсы нәтиже көрсетті. Студенттерден 2000-нан астам өтінім келіп түсті, олардың 200-і білім алып, 30 үздік түлек Банктің түрлі бөлімдерінде тағылымдамадан өткен, олардың 12-сі қазір Банктің ресми қызметкерлері болып табылады.  

Жаңа толқын студенттері ерекше білім алып, үздік тәлімгерлерден үйренеді. Биылғы жылы қол жетімді оқу бағыттары біздің Банк үшін басым бағыт болғандықтан, курсты сәтті аяқтаған студенттер тағылымдамадан өтіп, бірден біздің командаға қосылады». 

Өтінімді IT, қаржы, математика, маркетинг мамандықтары бойынша 4 курс студенттері немесе түлектер бере алады. Сонымен қатар SQL және Pre-intermediate деңгейіндегі ағылшын тілін білу маңызды.  

Жоба туралы толық ақпарат және тіркелу нысаны сайтында қолжетімді. 

12.08.2023

Бөлісу

Басқа мақалалар

2026 жылғы 13 маусымнан бастап депозиттер мен депозиттік сертификаттар бойынша енгізілетін өзгерістер

2026 жылғы 13 маусымнан бастап депозиттер мен депозиттік сертификаттар бойынша енгізілетін

2026 жылғы 5 қыркүйектен бастап Қазақстанның басқа банктеріне жасалатын аударымдар бойынша комиссиялардың өзгеруі

2026 жылғы 5 қыркүйектен бастап Home Credit Bank кассаларында Қазақстанның басқа банктеріне

Forbes

ForteBank пен Home Credit Bank арасындағы мәміледен кейінгі өзгерістер қандай?

Сілтеме арқылы