«Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің № 34 Қаулысын орындау

Бөлісу

2019 жылғы 26 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Қаулыға қол қойды. Қаулыға сәйкес азаматтардың жеке санаттарының екінші деңгейлі банктерде және микроқаржы ұйымдарындағы кепілсіз тұтынушылық қарыздарын 300 000 теңге мөлшерінде өтеу қарастырылған.

Біз борыш жүктемесін азайту бойынша кеңінен таралған сұрақтарға жауап береміз.

Қазақстан Президентінің жарғысы бойынша кредиттерді өтеуге қаражат азаматтардың қандай санатына бөлінеді?

Кредитті өтеуге қаражат келесі санаттағы тұлғаларға бөлінеді:

  • көпбалалы отбасылар — 4 және одан көп бірге тұратын кәмелетке толмаған балалар;

  • асыраушысынан айырылу себебінен төлем алатын отбасылар;

  • мүгедек балалары, 18 жастан асқан бала кезінен мүгедек балалары бар отбасылар;

  • мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
    жетім балалар;

  • ата-ананың қамқорынсыз қалған, 29 жасқа толмаған, кәмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған балалар

Маған Қазақстан Президентінің жарлығына сәйкес кредитті өтеу үшін шотыма ақша түскені жөнінде хабарлама келді. Бұл нені білдіреді?

Мемлекет азаматтардың борыштық жүктемесін азайту жөніндегі бағдарламаны іске қосты. Халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын адамдарға кредитті өтеу үшін 300 000 теңгеге дейін қаражат бөлінді. Бағдарлама 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша барлық ағымдағы кредиттерге қатысты қолданылады. Мұндай кредиттер бойынша берешектің жалпы сомасы 2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 3 млн. теңгеден аспауы тиіс.

300 000 теңге — бұл бір клиентке бөлінген максималды сома. Ол клиенттің барлық банктердегі кредиттеріне бөлінеді, сол себепті Банк Хоум Кредитте өтеу сомасы одан аз болуы мүмкін.

Мемлекет есебінен өтеу қандай жолмен жүргізіледі?

  • егер қаражат жеткілікті болса, кредит мерзімінен бұрын өтеледі;

  • егер қарызды толық өтеуге қаражат жеткіліксіз болса, онда кредит ішінара өтеледі.

Тиісінше сіздің ай сайынғы төлем сомаңыз азаяды, ал мерзімі өзгеріссіз қалады егер сіз берешекті өзіңіз жеке өтесіз, қаражат:

  • Банкте өзге берешек (басқа қарыздар, тұрақсыздық төлемі) болған жағдайда, оны өтеуге сіздің ағымдағы шотыңызға/депозитіңізге/дебеттік немесе кредит карточкаңызға аударылатын болады.

  • Егер сізде Банк Хоум Кредитте ағымдағы шотыңыз/депозитіңіз/дебеттік/кредит карточкаңыз болмаса, алайда артық төлем сомасы болса, Сіз біздің Банкте дебеттік карточканы тегін аша аласыз.

Қазақстан Президентінің жарлығына сәйкес Банк Хоум Кредитте қандай кредиттер өтеледі?

Мемлекет Ақшалай кредит, Тауарлық кредит, «ДОС» кредит карточкасы секілді тұтынушылық кепілсіз кредиттер бойынша берешекті өтейді.

09.12.2019

Бөлісу

Басқа мақалалар

2026 жылдың 19 қаңтарынан бастап бөлшек сауда арнасында АҚШ долларындағы дисконттық облигацияларды сату басталады

2026 жылдың 19 қаңтарынан бастап АҚШ долларындағы ISIN KZX000005681 дисконттық облигацияларын сату

2026 жылғы 14 қаңтардан бастап «Жинақ Хоум+» депозиті бойынша өзгерістер енгізіледі

2026 жылғы 14 қаңтардан бастап «Жинақ Хоум+» депозиті бойынша сыйақы мөлшерлемелері

Несие қарыздарын өшіру туралы ақпарат шындыққа сәйкес емес

Әлеуметтік желілерде екінші деңгейлі банктердегі несие қарыздарын өшіру туралы тараған ақпарат