«Home Credit Bank» АҚ акцияларын 100% «ForteBank» Акционерлік Қоғамына сатылуы туралы келісімге қол жеткізілгенін хабарлайды

Бөлісу

Алматы, 2025 жылғы 27 маусым

«Home Credit Bank» АҚ Қазақстандағы «Home Credit Bank» АҚ-ның 100% акциясын «ForteBank» АҚ-ның акционерлеріне сату жөнінде принциптік келісімге қол жеткізілгенін хабарлайды.

Мәміленің аяқталуы Қазақстан Республикасының мемлекеттік реттеуші органдарынан – Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі (БҚДА), сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) тарапынан келісім алу нәтижесінде жүзеге асады деп күтілуде.

«Бүгін Home Credit Bank Kazakhstan дамуының жаңа тарауы басталды. Банк Қазақстанда 20 жыл бойы табысты жұмыс істеп, миллиондаған қазақстандықтарға күнделікті қаржылық қажеттіліктерін шешуге және үлкен мақсаттарына жетуге көмектесетін орнықты қаржы институтын құрды. Бұл оқиға клиенттеріміз үшін маңызды деп есептеймін - ол жаңа әрі сапалы қызметтердің пайда болуына және банктің әрі қарай өсуіне серпін береді.

Бұл мәміле банк пен оның клиенттері мен серіктестері арасындағы қазіргі жұмысқа еш әсер етпейді - «Home Credit Bank» АҚ өз клиенттерін бұрынғы шарттар бойынша әдеттегі тәртіпте әрі қарай да қызмет көрсетуді жалғастырады. Барлық қолданыстағы шарттар өз күшінде қалады, ал банк өз міндеттемелерін толық көлемде орындай береді», – деп атап өтті «Home Credit Bank» АҚ Басқарма Төрағасы Кирил Бачваров.

27.06.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

Басқа банктерде ақша шешіп алу комиссияларының 2026 жылғы 15 мамырдан бастап өзгеруі

2026 жылғы 15 мамырдан бастап Arna және Home Card өнімдері бойынша басқа банктердің банкоматтарында

2026 жылғы 30 сәуірден бастап «Оңай», «Пошталық» депозиттер бойынша енгізілетін өзгерістер

2026 жылғы 30 сәуірден бастап «Оңай» депозитін 13 ай жаңа мерзімге ашуға болады.Сонымен қатар

Welcome Bonus акциясы ұзартылды

Welcome Bonus акциясының мерзімі 31 шілдеге дейін ұзартылды. Бонус депозитті немесе депозиттік