22 қыркүйек 2021, Алматы. «Банк Хоум Кредит» «Home Credit Hack» онлайн-хакатонына тіркелудің басталғаны туралы хабарлады. Ол 2021 жылғы 15-17 қазанда өтеді. Оған 12 қазанға дейін тіркелуге болады. Жарыстың жалпы жүлде қоры - 1 500 000 теңге.
36 сағат ішінде үш-бес адамнан тұратын командалар Қазақстандағы банктің шынайы бизнес-міндетін шешеді. Қатысушылар дербес сатып алу функциясы бар смартфонға арналған қосымшаны әзірлеп, оны Банк сарапшыларына ұсынуы қажет.
Әр команда қосымшаның жұмыс прототипін, оның бағдарламалық кодын және қолданылатын технологияларды көрсетуі керек. Сатып алушы, банк және дүкен тұрғысынан қосымшаның тиімділігін мұқият ойластыру қажет. Шешімнің техникалық пысықталуы, оны пайдаланудың ыңғайлылығы (UX қосымшасы) және оны қазылар алқасына ұсыну сияқты мәселелер бағаланады.
Тапсырма Банк Хоум Кредиттің шынайы жұмыс кейсына негізделген және оны банк сарапшылары бағалайды. Хакатон аясында қатысушылар банк сарапшыларымен әңгімелесіп, орындалған тапсырма мен оларды шешу тәсілі туралы кері байланыс ала алады. Үздік командалар мен қатысушылар Хакатонға арналған жоба бойынша банкте жұмыс істеуге ұсынысқа ие болады.
18 жастан бастап Қазақстанның кез келген азаматы қатыса алады.
Команданың мінсіз құрамы: мобильді әзірлеушілер (frontend және backend); бизнес-талдаушы және UI/UX дизайнері.
Өтінімді 2021 жылдың 12 қазанына дейін жіберу қажет. Жеке өтінімдер де қабылданады. Мұндай қатысушыларға ұйымдастырушылар өз командасын жинауға көмектеседі.
Қатысушылар өз дағдыларын шыңдап, басқа ынталы мамандармен танысып, пайдалы байланыстарға ие бола алады. Жеңімпаздарды 1 5000 000 теңге көлемінде ақшалай жүлде және басқа да естелік сыйлықтар күтуде. «Банк Хоум Кредит ауқымды цифрлық трансформацияны жалғастыруда. Жоғары технологиялық ірі банк ретінде біз ақпараттық технологиялар саласында тартымды жұмыс беруші болып табыламыз. Онлайн-хакатон - бұл тек тәжірибе алмасу үшін ғана емес, сонымен қатар бизнес пен талантты IT-мамандар өзара жұмыс істеуге арналған таптырмас алаң. Онда үздік мамандар еліміздің ең ірі ритейл-банктерінің бірінің цифрлық платформасын құру және дамыту қағидаттарымен танысып, өздерін көрсете алады және банк секторының өзекті мәселелерін шешуде сараптама алады», - деп атап өтті IT-департаментінің директоры Ян Ценкр.
Қазылар алқасының құрамына IT және онлайн-бизнес департаменттері басқармалары мен бөлімдерінің басшылары кіреді
Хакатонға мына сілтеме арқылы тіркелуге болады.
Банктің баспасөз қызметі:
«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ – тұтынушылық қаржыландыру бойынша жаһандық тұғырнама болып табылатын Home Credit N. V. холдингтік компаниясына кіреді. Home Credit N. V. орталық және Шығыс Еуропаны, ТМД елдерін, Қытайды және оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия елдерін қоса алғанда, әлемнің 10 елінде ұсынылған. Бүгінгі күні HCNV 123,7 млн. астам клиентке қызмет көрсетті.
«Банк Хоум Кредит» АҚ ЕБ тек теңгемен және жеке тұлғаларға ғана кредит бере отырып, бөлшек кредиттеу бойынша маманданады. Қазақстанда 2005 жылдан бастап қызмет ете бастады, 15 жыл бойы 3,7 млн адам Банктің қызметтерін пайдаланды. Клиенттердің 30%-дан астамы Банкке 2 реттен артық жүгінген. Home Credit N. V. стратегиялық бағыты жауапты және қауіпсіз кредит беру болып табылады.