Home Credit Bank Jüregımnıñ Jeñımpazy атты қайырымдылық жүгіру шарасының бас серіктесі ретінде қолдау көрсетті

Бөлісу

10 тамызда Астанада Home Credit Bank-тің бас серіктестік қолдауымен Heart Center Foundation қоғамдық қоры ұйымдастырған дәстүрлі Jüregımnıñ Jeñımpazy қайырымдылық жүгіру шарасы өтті. «Нұр-Әлем» павильоны алдында өткен шараның басталу рәсімінде еліміздің әр өңірінен 3 000-нан астам адам бас қосты.

Бұл шара ағзаларды трансплантататтауға кезекте тұрған 4 200-ден астам қазақстандықты, оның ішінде 128 баланы қолдауға бағытталған. Қатысушылар бірнеше шақырымды жүгіріп өту үшін ғана емес, өмір үшін күресіп жатқан жандарға қолдау білдіру мақсатында жарыс жолына шықты.

Home Credit Bank үшін бұл бастамаға қатысу – Қазақстандағы 20 жылдық қызметі аясындағы әлеуметтік жауапкершілікті дамыту және қоғам үшін маңызды жобаларды қолдау жөніндегі стратегиялық миссиясының жалғасы. Трансплантология тақырыбына қоғам назарын аударту мақсатында өткен шараға банктің 100-ге жуық қызметкері қатысып, ортақ құндылықтар мен жоғары ынтаны көрсетті.

«Біз үшін бұл маңызды бастамаға қатысу – үлкен абырой. Пациенттерге қолдау көрсету, донорлық мәдениетті қалыптастыру және азаматтық жауапкершілікті дамыту – мұның барлығы банкіміздің құндылықтарына сай келеді. Home Credit Bank 20 жылдық мерейтойы аясында 20 әлеуметтік бастаманы жүзеге асырды. Олардың барлығы қоғамды қолдауға және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған. Қазақстандықтардың өмірін құтқаруға бағытталған игі іске атсалысу мүмкіндігін бергені үшін Heart Center Foundation қорына шын жүректен алғысымызды білдіреміз», – деп бөлісті Home Credit Bank PR-бөлімінің жетекшісі Гаухар Керимова.

Жүгіріс аяқталған соң қатысушылар мен қонақтар үшін музыкалық қойылымдар, дәмді тағамдар, отбасыға арналған түрлі интерактивті шаралар ұйымдастырылды. Іс-шараның атмосферасы корпоративтік және қоғамдық рухты нығайта түсті.

10.08.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

2026 жылдың 19 қаңтарынан бастап бөлшек сауда арнасында АҚШ долларындағы дисконттық облигацияларды сату басталады

2026 жылдың 19 қаңтарынан бастап АҚШ долларындағы ISIN KZX000005681 дисконттық облигацияларын сату

2026 жылғы 14 қаңтардан бастап «Жинақ Хоум+» депозиті бойынша өзгерістер енгізіледі

2026 жылғы 14 қаңтардан бастап «Жинақ Хоум+» депозиті бойынша сыйақы мөлшерлемелері

Несие қарыздарын өшіру туралы ақпарат шындыққа сәйкес емес

Әлеуметтік желілерде екінші деңгейлі банктердегі несие қарыздарын өшіру туралы тараған ақпарат