Home Credit Bank 20 жылдық мерейтойының құрметіне Абай облысындағы аса ірі экологиялық жоба – Семейдегі «Красный Кордон» ауданында 1 000 түп қарағай ағашын егуді жүзеге асырды.
«Біз Семейдегі өрттен зардап шеккен орманды қалпына келтіру үшін 10 миллион теңге бөлдік. 1 000 ағаштың әрқайсысы жыл сайын 20 тоннаға дейін көмірқышқыл газын сіңіріп алады. Бұл 10 000 лампаны өшірген сәттегі үнемдеумен немесе 500 000 пластик пакеттен бас тартқанмен тең. Home Credit Bank командасы, Семей тұрғындары мен ерікті азаматтар бір жеңнен қол шығарып, орманға өмір сыйлап, Қазақстан табиғатын қуаттандыруға үлес қосып жатқанына қуаныштымыз», - деді Home Credit Bank Басқарма төрағасы Кирил Бачваров.
Іс-шара «Семей орманы» РММ және жергілікті еріктілер бірлестіктерінің қолдауымен өтті. Алаңда демалыс орындары, тенттер және ормандардың экожүйедегі рөлі туралы ақпараттық стендтер жабдықталған. Қатысушыларға ыстық сусын мен палау ұсынылды, ал ондағы достық атмосферасы күннің ерекше өтуіне себеп болды.
«Семей орманы» жобасы банктің Қазақстандағы қызметіне 20 жыл толуына байланысты ұйымдастырылған әлеуметтік және экологиялық бастамалардың бір парасы және БҰҰ-ның Тұрақты даму бойынша басты мақсаттарын қолдайды (БҰҰ ТДМ: тұрақты қалалар мен қоғамдастықтар, климаттың өзгеруімен күрес және құрлық экожүйелерін сақтау).
Қызметкерлер мен өңір тұрғындарының қатысуының арқасында жоба әлеуметтік жауапкершілік пен экологиялық бірліктің үлгісіне айналды және егер адамдар ортақ мақсат үшін күш біріктерсе, табиғатты қайта жаңғырту мүмкін екенін дәлелдеді.
Home Credit Bank Қазақстанда 2005 жылдан бері жұмыс істеп келеді және қазіргі таңда ел бойынша 1,5 млнклиентке қызмет көрсетіп отыр. 20 жылдық мерейтойы құрметіне банк жалпы сомасы 200 млн теңгеге тең әлеуметтік маңызы бар және экологиялық жобаларды жүзеге асырып жатыр. Олар: Бурабайдағы «Бөлектау» экосоқпағының құрылысы, Қазақстанның 12 қаласында «Жасыл саяжолдар» салу және 1 200 ағаш отырғызу, сонымен бірге Қостанай және Орал қалаларында Жедел жәрдем қызметкерлерін жаңа униформамен қамту. Жобалардың бірқатары қазақстандықтардың қаржылық сауатын арттыруға және қалалардың саябақ инфрақұрылымын жақсартуға бағытталған.
Home Credit Bank адамдармен, қоғаммен және табиғатпен жауапкершілікке негізделген қарым-қатынас жасайотырып, олардың қаржылық тұрғыда сенімінен шығып, тұрақты даму қағидаларына сай әрекет етуін жалғастырыпкеледі. Белсенді әлеуметтік қызмет және экологиялық бастамаларға қолдау көрсету, банктің көміртегі қалдықтарытуралы ақпаратты ашық ету және оларды азайту үшін шараларды қолға алу арқылы Home Credit Bank S&P Global халықаралық рейтингтік агенттігінің беделді ESG рейтингін алды. Банк тарихында алғаш рет Corporate Sustainability Assessment (CSA) әдіснамасы бойынша тұрақты даму саласындағы қызметі бағаланып, оныңқорытындылары бойынша банк базалық ұпай – 55 балл алды. Бұл нәтиже нарық бойынша орташакөрсеткіштерден жоғары болып саналады және HCB-тің тұрақты даму қағидаларын енгізу, ашықтық және жауаптыкорпоративті басқару, клиенттердің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, адам капиталын дамыту және экологиялық жауапкершілік бойынша атқарған жүйелі жұмысының көрсеткіші.