ForteBank-пен жасалатын мәміледен кейін Home Credit Bank-тің кредит профилі сақталады

Бөлісу

2025 жылғы 23 шілдеде халықаралық Fitch Ratings агенттігі «ForteBank» АҚ-ның «Home Credit Bank» АҚ (HCBK) акцияларының 100%-ын сатып алуы жөніндегі жоспарланған мәмілеге қатысты өз пікірін жариялады. Құжатта бұл мәміле HCBK-ның қолданыстағы рейтингтеріне бірден әсер етпейтіні атап өтілген. Агенттіктің пікірінше, жақын арада банктің кредит профилі айтарлықтай өзгермейді, себебі мәміле аяқталғаннан кейін HCBK өз қызметін дербес заңды тұлға ретінде жалғастыратын болады.

Fitch агенттігі мәлімдеуінше, мәміле аяқталғаннан кейін HCBK үшін акционерлік қолдау рейтингі (Shareholder Support Rating, SSR) белгіленуі мүмкін. Бұл рейтинг ForteBank тарапынан көрсетілуі мүмкін ықтимал қолдау деңгейін көрсететін болады.

Home Credit Bank бұл кезеңде өз қызметінің тұрақтылығы пен ашықтығын қамтамасыз етеді. Клиенттер мен серіктестер алдындағы барлық міндеттемелер толық көлемде сақталады.

Толық ақпаратпен келесі сілтеме бойынша Fitch Ratings ресми сайтында танысуға болады

24.07.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

Банктік қызмет көрсету шартының жаңартылуы

Осы Шартқа № 23 Өзгерістер мен толықтырулар.30.06.2026 ж. № 16/2026 хаттамаға сәйкес Банктік қызмет

Кредит шартының жалпы талаптарының жаңартылуы

Осы Шартқа № 27 Өзгерістер мен толықтырулар.15/2026 от 12.06.2026 хаттамаға сәйкес Кредит шартының

2026 жылғы 23 маусымнан бастап ағымдағы шоттардан ақша алу комиссияларының өзгеруі

2026 жылғы 23 маусымнан бастап ағымдағы шоттардан ақша алу үшін комиссиялар