Жарияланды 24.07.2026
Жаңартылды 31.07.2026
ҚР Ұлттық төлем корпорациясы Home Credit Bank-ті Қазақстанның төлем инфрақұрылымын дамытуға қосқан үлесі мен тиімді ынтымақтастығы үшін марапаттады.
Банк Банкаралық мобильді төлемдер жүйесінінің банкаралық QR-төлемдер қызметіне қосылған алғашқы банктердің бірі болды. Қазір Home Credit Bank клиенттеріне банктер арасындағы бірыңғай QR-код бойынша төлем жасау мүмкіндігі және телефон нөмірі бойынша жедел аударымдар қолжетімді.
Банкаралық төлем инфрақұрылымының дамуы клиенттер мен бизнес үшін қолма-қол ақшасыз төлемдерді барынша ыңғайлы етіп, операцияға қатысушылар қай банктің қызметін пайдаланатынына қарамастан, сатып алулар үшін төлем жасауға және ақша аударуға мүмкіндік береді.
Бұл марапат Home Credit Bank-тің заманауи цифрлық төлем қызметтерін дамытуға және Қазақстанда қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамытуға қосқан үлесінің дәлелі болып табылады. Банк қаржылық қызметтерді қазақстандықтар үшін одан әрі ыңғайлы әрі қолжетімді етуге бағытталған жаңа шешімдерді енгізуді жалғастырады.