Кредиттер
new
Депозиттер мен инвестициялар
Карталар
Сақтандыру мен қызметтер
Бизнеске арналған

Home Credit Bank S&P Global агенттігінен ESG рейтингін алды

Бөлісу

S&P Global халықаралық рейтинг агенттігі алғаш рет Corporate Sustainability Assessment (CSA)әдістемесі негізінде Home Credit Bank-тің тұрақты даму бағытындағы қызметін бағалады. 2025 жылғы 6 қазандағы талдау нәтижесі бойынша банк CSA әдістемесіне сәйкес 55 балға ие болды. Бұл нәтиже банктің тұрақты даму, ашықтық және жауапты корпоративтік басқару қағидаларын жүйелі түрде іске асыруын көрсетеді.

CSA бағасы банк қызметінің корпоративтік басқару, ақпараттық қауіпсіздік, адами капиталды дамыту, әлеуметтік саясат және экологиялық жауапкершілік және т.б. негізгі бағыттарын қамтиды.

S&P Global Corporate Sustainability Assessment (CSA) әдістемесі бүкіл әлем бойынша 12 000-нан астам компанияны қамтиды және 60-тан астам салаларда қолданылады.
Бұл бағалау корпоративтік тұрақтылықты талдаудың халықаралық деңгейдегі ең танымал құралдарының бірі болып табылады. Ол инвесторлар мен серіктестердің компаниялардың ESG көрсеткіштерін объективті бағалауы үшін қолданылады.

«Бұл баға біз үшін соңғы нәтиже емес, бұл жаңа кезеңнің бастамасы. CSA бойынша 55 балл — бұл біз үшін әрі қарай дамудың негізі. Біз үшін тұрақтылық — бұл әрбір шешімге жауапкершілікпен қарау, сонымен қатар клиенттер және қоғаммен бірге өзгеріске дайын болу. «Біз алға қадам басып, бізге сенім артқан жандарға пайдалы болуға, сондай-ақ ашық әрі айқын ақпарат ұсынуға тырысамыз», — деді Home Credit Bank Басқарма Төрағасы Кирил Бачваров.

Home Credit Bank халықаралық ESG қағидалары мен ең үздік әлемдік тәжірибелерге сүйене отырып, тұрақты даму бағытындағы өз жұмысын жалғастырады. Банк өз алдына стандарттарға сәйкес болу мақсатымен қатар клиентке бағытталатын жауапты әрі ашық бизнестің мәдениетін қалыптастыру мақсатын да қояды

07.10.2025

Бөлісу

Басқа мақалалар

Home Credit Bank Орал қаласында жедел жәрдем қызметкерлеріне 940 форма жиынтығын табыстап, жаңа бөлімше ашты

Орал қаласының жедел жәрдем қызметкерлері бизнес өкілдерінің қолдауын және өз еңбегіне деген ерекше

«Home Credit Bank» акционерлік қоғамы «ForteBank» АҚ-ның қатысу үлесінің ұлғаюына байланысты атауын өзгерткені және директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлағаны туралы хабарлайды

«Home Credit Bank» акционерлік қоғамы «ForteBank» акционерлік қоғамының қатысу үлесінің ұлғаюына

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА) Home Credit Bank және HomeITTech компанияларын еншілес ұйымдар ретінде сатып алуға келісім берді

2025 жылғы 31 қазанда Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНРДА)